
- •1.Экономикалық талдаудың негіздері және оның теориялық танымына ғылыми тұрғыдан анықтама мен сипаттама беріңіздер.
- •3. Экономикалық талдаудың негіздерінің пәні мен объектілері, қызметтеріне толық анықтама беріңіздер.
- •4. Экономикалық талдаудың мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысына теориялық негізде түсініктемелер жасаңыздар.
- •5.Экономикалық талдаудың түрлері және олардың сипаттамаларына ғылыми негізделген сипаттама беріңіздер.
- •6. Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтеріне ғылыми негізделген экономикалық түсініктеме беріңіздер.
- •7.Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу тәртіптеріне сипаттама беріңіздер.
- •9. Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуіне жан-жақты сипаттама көрсетіңіздер.
- •11.Ұзақ мерзімді активтердін мәні , түрлері оларды талдау
- •12. Қысқа мерзімді активтерінің мәні ,түрлері оларды талдау
- •13. Ұйымның балансының экономикалық маңызы , мазмұны,балансты желел талдауға тұжырымдама
- •14. Баланс өтімділігінің шарттары және олардың сипаттамасы
- •15. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
- •16. Ұйымның төлем қабілеттігін талдау.
- •17. Ұйымның төлем қабілеттігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
- •18. Активтерді (құралдары) пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
- •19. Меншікті капитал түсінігі құрамы оны орналастырылуын талдау
- •20. Міндеттемелер түсінігі құрамы талдау
- •21. Ұйымның қаржылық тұрақтылығы
- •21.Ұйымның қаржылық тұрақтылығының экномикалық мазмұны мен түсінігіне ғылыми негізделген анықтама беріңіз
- •22. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесіне анықтама беріңіз
- •23. Несие қабілеттілігінің рөлі мен маңызын және сипаттамасын толық қарастырыңыз
- •24. Ұйымның табысын қалыптастырудың алғышарттарына ғылыми негізделген тұжырымдама беріңіз
- •25.Шаруашылық субъектісінің қаржылық нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •26.Ұйымның іскерлік белсенділігінң экономикалық мазмұны және оны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі
- •27.Банкроттылық және оның пайда болу себептеріне экономикалық негізделген анықтамалар беріңіздер
- •28. Ұйымның жалпы табыстылығын талдау көрсеткіштеріне экономикалық дәйектелген түсініктемелерді қарастырыңыздар
- •29. Ұйымның іскерлік белсенділігін анықтайтын көрсеткіштер жүйесіне толық сипаттама беріңіздер
- •30.Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні және жіктелуіне ғылыми тұрғыдан түсініктемелер беріңіздер
18. Активтерді (құралдары) пайда болу көздері мен мақсатты бағыттары бойынша саралау.
Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын заттай форма түрінде қарастырғанда олардың сонымен бірге бухгалтерлік есеп объектісі болып табылатын қалыптасу көздерін де зерттеп білу қажет.
Нарықтық экономика жағдайына шаруашылық субъектілері мен заңды
(жеке) тұлғалардың, мемлекеттің, қаржы–несие мекемелерінің, басқа да шаруашылық субъектілерінің және еңбекшілер ұжымдарының араларында бухгалтерлік есеп арқылы ретке келтірілтіп отыратын шаруашылық құқықтық (материалдық) қатынастар болады. Сондықтан да шаруашылық субъектінің әр алуан түрлері ресурстарының қалыптасу көзі оның қызмет негізін құрайтын меншік формасымен (шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, коммерциялық емес ұйымдар және т.б.), жеке меншік капиталының құрылу тәртібімен, банктік несие және несиенің басқа да түрлерінің мақсатымен, қаржылық–бюджеттік органдармен қарым– қатынасымен, сыртқы және ішкі инвесторлармен есеп айырысу қатынастарымен, сондай–ақ жұмысшылар мен қызметшілер алдындағы міндеттемелерімен шарттас.
Шаруашылық субъектінің қаржылық ресурстары (активтері) өздерінің сипаты жағынан әртүрлі көптеген көздерден құралады. Алайда оларды басты екі топқа біріктіруге болады.
Міндеттеме дегеніміз–контрактының немесе жарғының талаптарының нәтижесі сияқты белгілі бір жоба бойынша іс– қимыл жасау міндеті;
Жеке меншік капитал–бұл субъектінің бүкіл міндеттемелерін ұстап қалғаннан кейінгі активі. Бұлар:
Активтер=Міндеттеме+Меншік капитал=түріндегі негізгі баланыстың теңеуден туындайды.
Аталған көздер топтарын былайша түсіндіруге болады: жеке меншік капитал–бұл жеке меншік қаржы ресурстары, ал міндеттеме– бұл бір жақтан жұмылдырылған (қарызға алынған) ресурстар, ол субъектіде уақытша ғана болады, яғни біршама уақыттан соң, алдын ала шарттасқан мерзім өткеннен кейін оларды қайтып беруге тура келеді. Бұлардың жеке меншік ресурстардан айырмашылығы осы, жеке меншік ресурстарды субъект үнемі пайдаланады, оларды қайтарып беремін деп қобылжымайды.
Жеке меншік капиталдың құрылымы былай: жарғылық капитал; өтелмеген
(төленбеген) капитал; қайтарылған капитал; қосымша өтелген және қосымша өтелмеген капитал, резервтегі капитал; бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын); басқадай капиталдар.
Шаруашылық субъектінің жеке меншік капиталының құрылуының аса маңызды көздерінің бірі–оның таза пайдасы (табысы).
Мысалы, субъект жұмысшыларына жалақы төлеу (басқа да несиелік берешектерді) мерзімі әдетте өтім кезеңі аяқталғаннан кейін бірнеше күннен соң басталады. Бұл уақыт ішінде субъектінің жұмысшылар мен қызметшілерге берешегі екі бөліктен тұрады: Өтіп кеткен өнім кезеңінің берешегі және осы кезең аяқталғаннан кейінгі өткен бірнеше жұмыс күнінің берешегі. Жалақы берілген күні берешектің бірінші бөлігі өтеледі, ал екіншісі қалады. Нәтижесінде жұмысшылар мен қызметшілерге тиесілі ресурстардың қайсы бір сомасы әрқашан субъектінің қаржылық ресурстарының (активтерінің) арасында қалады, сондықтан ол субъектінің жеке меншік ресурстарына теңеледі.
Сөйтіп, субъектінің қаржылық ресурстарының (активтерінің) түбегейлі топтасу сол активтердің құралу көздері мен түпкілікті мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: жеке меншік ресурстар; жеке меншік ресурстарға теңестірілген ресурстар; жұмылдырылған ресурстар; жұмылдырылған ресурстарға жанастырылған құралдар.
Субъектінің шаруашылық–қаржылық ресурстары экономикалық мазмұны мен өндіріс процесіне қатысу сипаты бойынша және құралу көздері бойынша да қарастырылуы ықтимал.