Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

16. Ұйымның төлем қабілеттігін талдау.

Кәсіпрынның төлем қабілетілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалар болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналым кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалының құралы болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдыр сонымен бірге кәсіпорынның бар тауарлы – материалды құндылықтарының қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырсулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілеттілігі деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттелеге нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдырының сомасына осы мерзімдегі жедел мендеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті 1 – ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіорынның төлем қабілеттілігі екеніні білдіреді. Егер коэффициент 1 – ден аз болса, онда талдау процесіде төлеу құралдарының жетіспеуі себебтерін анықтау керек.

Төлем қабілетсіздігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда өнім массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляцияны болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.

Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік шарттарын қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісімді жағдайда коммерциялық негізде береді.

Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.

Несиелік шартта мыналар міндетті түрде қарастырылады:

  • несиенің объектілері;

  • қарыздың жоспарланған мөлшері, оның мақсаты;

  • қарыздарды беру шарттары және өтеу мерзімдері, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына әсері;

  • қарыз бойынша пайыз мөлшерлемелері, олардың төмендеуі немесе көтерілуі, төлем тәртібі;

  • қарыз алушының міндеттемелерін қамтамасыз ету нысандары (кепілдемелер, кепілге, кепілдік беру және басқалар);

  • материалдық қорлар мен өндірістік шығындарды өтеудегі меншікті айналым қаражаттарының нормативі;

  • несие беру және өтеу бойынша екі жақтың міндеттемелері, құқықтары және жауапкершілігі;

  • құжаттардың тізімі және оларды банкке тапсыру мерзімділігі және басқа жағдайлар.

Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделдігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді – бір жылдан асатын мерзімге беріледі.

Несиелеудің объектілері:

Несиелеудің объектілері мыналар:

  • тауарларды экспорттық және импорттық жеткізулер және сыртқы экономикалыққызметтер бойынша шығындар;

  • жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтар сатып алған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер;

  • ломбардтың кепіл-несиелік операциялары;

  • театрдың, парктердің, атракциондардың табыстары мен шығындары арасындағы мерзімдік алшақтанушылық және т.б.

Банк басшылығының ұйғаруы бойынша несиелеу болып тиеліп жіберілуі шаруашылыққа тәуелді себептерге байланысты кешіктірілген дайын бола алады:

  • өнім тұтынушының сұранысына ие болған кезде өнімді шығару көлемінің жасалған шарттарға қарсы өсуі;

  • оны өткізуге шарттар жасалған өнімдерді тиеп жіберу үшін тасымал құралдарын өз уақытында бермеуі;

  • келісім-шартты бұзатын ұқыпсыз төлеушілерге өнімді тиеуді тоқтату.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]