Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

15. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау- кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсалютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан , ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда , кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі балангстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірбиеде инфляцияны есепе алу тек негізгі құралдардың баланстық құның құру барысында жүргізіледі.

Баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды : ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оның пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі , кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты .Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын , оның өндірістік потенциялының маңызды элементінің жағжайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады.Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтың маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оны белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті.

Осылайша , мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан , кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа , төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байлаысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]