Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

14. Баланс өтімділігінің шарттары және олардың сипаттамасы

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс еуропалық елдерде осыны қоданады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Оларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемемлерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қарпжылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің «Тауарлы-материалды қорлар» бабы және баланс активінің І бөліміндегі «Ұзақ мезімді инвестициялар» (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшерінен азайтылған) бабы.

Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды.

А4.Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің І бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. І бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

П1.Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздары жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдер және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемадер.

П4. Тұрақты міндеттемелер – пассивтің І бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналды:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]