Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН zhap zhana 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.4 Кб
Скачать

1.Экономикалық талдаудың негіздері және оның теориялық танымына ғылыми тұрғыдан анықтама мен сипаттама беріңіздер.

Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қызмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.

Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. «Талдау» терминінің өзі гректің «analyzis» деген сөзінен шыққан, аудармасында «бөлшектерге бөлемін» дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.

Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.

Тұрғын халықтың санының өсуіне, өндіріс құралдарының жетілуіне, адамзаттың рухани және материалдық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты талдау дамыған қоғамның ең алғашқы өмірлік қажеттілігіне айналды. Қазірде талдаусыз адамның саналы қызмет етуі мүмкін емес. Ф.Энгельс талдаудың пайда болуының тарихи шекарасына мінездеме бере отырып, былай деп жазған: «Жаңғақты бөлудің өзі талдаудың бастамасы болады». Адамзаттың дамуына байланысты бөлінген жаңғақтар саны да өсуде, әрі оларды бөлу тәсілдері де жетілуде. Талдау объектілерінің шеңбері ұлғаюда, сонымен қатар талдаудың өзі де жетілуде.

Материалистік диалектика барлық құбылыстар мен процестерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыруды қажет деп санайды.

Материалистік диалектика әрбір процесс, әрбір құбылысты қарама-қайшылықтардың күресі және бірлік ретінде қарастыру керектігін үйретеді. Осы арадан ішкі қарама-қайшылықтарды, әрбір процестің, әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл да шаруашылық қызметті талдаудың сипаттамалық белгісінің бірі.

Талдауда диалектикалық әдісті қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу барлық өзара байланыстарды есепке ала отырып жүргізілуі керек екендігін білдіреді. Ешбір құбылыс дұрыс түсінікті болуы мүмкін емес, егер ол бөлек түрде, басқалармен байланыссыз қарастырылатын болса. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының деңгейіне жаңа техниканы енгізу әсерін зерттей отырып, тікелей байланысты ғана емес, сонымен қатар жанама байланысты да ескеру қажет. Жаңа техниканы енгізу нәтижесінде өндіріс шығындары артатыны, сонымен бірге өнімнің өзіндік құны да артатыны белгілі. Бірақ мұнда өз қатарында еңбекақының үнемделуі мен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасайтын еңбек өнімділігі өседі.

2. Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігіне теориялық негізде тұжырымдама жасаңыздар.

Экономикалық талдауда жүйелі көзқарас әдісі қолданылады. Ол көптеген ішкі және сыртқы байланыстары бар жеке элементтерден тұратын күрделі жүйелер сияқты оюъектілерді зерттеуге негізделеді. Жүйелі көзқарас объектіні терең зерттеуге, ол туралы неғұрлым көбірек түсінік алуға, осы объекттінің жеке бөліктері арасында себепті-тергеулі байланысынкөрсетуге мүмкіндік береді.

Жүйелі көзқарастың негізгі ерекшеліктері – қозғалмалылық, өзара қарым-қатынас, өзара тәуелділік және жүйе элементтерінің өзара байланысы, кешенділік, толықтылық, бағыныштылық, бастаушы буынның ерекшеленуі. Экономикалық талдауда жүйелі көзқарас неғұрлым мақсатқа сай басқарушылық шешімдерді таңдау үшін негіз болатын беліген нұсқалардан тиімдісін таңдауға, шаруашылық мәселелерді шешудің ғылыми негізделген нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.

Жүйелі талдау процесінде бірнеше жүйелі кезеңдерді қарастыруға болады.

Зерттеудің бірінші кезеңінде талдау объектісі анықталған жүйе ретінде көрінеді. Бұл үшін ең басында жүйе элементтері ретінде қарастыруға болатын объектінің жеке бөліктерін бөліп көрсетеді. Нақты жағдайларда жүйе бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін, яғни бірінші деңгейдің әрбір бөлек алынған элементін жеке жүйе (ішкі жүйе) түрінде қарастыруға болады. Бұдан басқа, талдаудың бірінші деңгейінде жүйенің даму мақсаты, оны шешетін мәселелер, басқа жүйелермен байланыс, жеке элементтер арасындағы өзара байланыстар, әрбір элементті және жүйені түгелдей іске асыру құрылуы тиіс.

Талдаудың екінші кезеңнің басты мақсаты – жүйелері бар шарттарға, өзара байланыстарға (ішкі және сыртқы), элементтерге барлығына анағұрлым толық және сапалы баға беру қажет.

Талдаудың үшінші кезеңінде жүйенң немесе талдау объектісінің басқа жүйелермен немесе талдау объектілерінен өзара байланысы салыстырылып,үйлестіріліп, бірін-бірі қайталайтын ақпараттар шығарылып, талдауға қажетті ақпараттар тізімі жасақталады.

Талдаудың төртінші кезеңінде жинақталған ақпараттарды өңдеу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы іріктеледі.

Талдаудың бесінші кезеңінде тиісті мәліметтер нақты схеалар арқылы тиісті коэффициенттерді немесе әлістерді қолдану арқылы өңделеді, салыстырылады,бағаланады,қорытындылады және нәтиже анықталады.

.