Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАУ ДАЙЫН МАТЕРИАЛЬ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.39 Кб
Скачать

41.Мына анықтамалардың мағынасы неде «мемлекеттік – әкімшілік басқару жүйе» мен «мемлекеттік басқару теория»?

«Мемлекеттік басқару» ұғымы отандық және шетелдік ғылыми әдебиеті мен заңнамалық кесімдерінде кеңінен қолданады. Аристотель мемлекеттік басқару доктринасы бойынша қоғамның өмір сүруі мен өміршеңдігі саяси өмір шеңберіне алынып, мемлекетке қызмет ету және: «...мемлекет туралы ғылым басқа ғылымдар секілді құралдармен пайдаланатындықтан, және бұдан тыс нені жасау және нені жасамауды заң тұрғысында айқындайтындықтан, оның мақсаты тиісінше, басқа ғылымдардың да мақсаты және бұл мақсат адамдардың ең жоғары әл-ауқаты» - деп жазды. Әлеуметтік әлем туралы мәліметтердің тереңдеуі мен кеңуі нәтижесінде ғылыми ілімнің тармақтануына алып келді. XVIII ғасырдың орта тұсында философия бірқатар арнайы пәндерге бөліске түсті. «Әлеуметтік» моральдық ілімдер Огюста Конт пен Анри Сен-Симонның пәлсапалық ізденістерінің ықпалымен жасалды. Вильсон Томас Вудро өзінің «Әкімшіліктендіруді зерттеу» еңбегінде әкімшілік-мемлекеттік басқарудың мәселелерін теориялық әзірлеудің негізін құрады. Вильсонның зертеуінде, «әкімшіліктендіру ғылымы - үкіметтің қызметін жақсарту жолдарын іздейтін болады, оның жұмысы көп уақыт алдырмай және еңбек күшін азайтады, басқаруды ұйымдастырудың тәртібін жолға қояды». Оның ойынша әкімшілік етуші аппараттың қызметіне саяси жетекшіні алмастырғанда әсері тимеуі тиіс. Яғни мемлекеттік әкімшіліктің міндеті түрлі саяси топтар мен көсемдерінің шешімдерін шұғыл және құзырлы түрде өмірдің қолданысына енгізу. Өзінің «әкімшілік тиімділігінде» Вильсон әкімшілік-мемлекеттік басқаруда бизнесті ұйымдастыру мен басқарудың әдістерін қолдануды, ал мемлекеттік қызметкерлерді олардың кәсіби біліктілігі мен білімдеріне қарай жұмысқа қабылдауды ұсынады. В.Вильсонның ойын америкалық әкімшілік-мемлекеттік басқарудың жүйесін айтарлықтай зерттеуді орындаған америка саясат зертеушісі Фрэнк Дж.Гуднау бөліседі. Ол екеуі демократиялық қоғамда бюрократтық үлгісін жасауға талпынады. Ғалымдардың теориялық тұжырымдамалары саясат зерттеушілерге кәсіби азаматтық қызметтің демократиялық идеалын алуға көмектесті. Заңды орындайтын әкімшілік пен заңдарды шығарушы билік қатынасы В.Вильсон бойынша «үкіметтік жүйенің ең басты мәнін құрайды».

Әкімшілік-мемлекеттік басқару - саяси зерттеулердің жаңа пәні ретінде әдетте 1880 ж. атайды, осы жылдың маусымында АҚШ Колумбия колледжінің Басқарушы кеңесі (қазіргі Колумбия университеті) ғалым Дж. Барджесстің бастамшылық жасауымен Саяси ғылым мектебін құру туралы шешімінен бастау алады. 1886 ж. бастап бұл мектеп «Политикл сайенс куотерли» (Political Science Quarterly) журналын шығара бастайды. Колумбия университетінің бастамасын АҚШ мен Батыс елдерінің атышулы оқу мекемелері іліп әкетті.

Әкімшілік-мемлекеттік басқару мәселелері 1890 ж. бастап АҚШ мен Батыс Еуропа елдері университеттері мен иниституттарының оқу бағдарламаларына енді 1916 ж. Вашингтонда Роберт Брукингс үкімет зертеулерінің алғашқы институтын (Institute of Government Research) құрды. Осыған ұқсас зерттеу орталықтары мен инсти­туттар 20 - 30- жылдары Еуропа елдерінде де ашыла бастады. Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі В.Вильсонның, Ф.Гуднаудың, М.Вебердің еңбектерінің жарыққа шығуы тәуелсіз ғылыми бағыттағы әкімшілік-мемлекеттік басқарудың теориясының бірінші сатысы аяқталды деп санайды.

Әкімшілік-мемлекеттік басқару теориясының екінші даму сатысы 1920 - 1950 ж.ж. тұс келеді. Бұл бағытта әрине американдықтар алдына жан салмады, және керісінше, Еуропа елдерінде (әсіресе Францияда, Ұлыбританияда) дамуы тежелді. 20 – 50 жылдары Әкімшілік-мемлекеттік басқару теориясының әйгілі бағыттары «Классикалық мектеп» пен «Адамдық қарым-қатынас мектебі» XIX ғасырдың басында әкімшілік-мемлекеттік басқарудың теориясының аты көп шыққан ағымдары болды. Оның басты өкілдері: У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо (Ұлыбритания), П. Буагильбер, А. Р. Ж. Тюрго, Ф. Кенэ (Франция), Ж. Ш. Сисмонди (Швейцария).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]