Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАУ ДАЙЫН МАТЕРИАЛЬ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.39 Кб
Скачать

25.А. Файоль ғылыми басқару туралы. Басқару принципі

Басқару принципі.Францияда әкімшілік-мемлекетті басқарудың теориясынның классигі ретінде Анри Файоль қарастырылады. А.Файоль 20ғ. бірінші ширегіндегі басқару ғылымы бойынша Европадағы ең елеулі тұлға. Оның «әкімшілік теориясы» 1916 жылы жарық көрген «Жалпы және өндірістік басқару» кітабында негізделген. Файоль өзі негізін қалаған Әкімшілік зерттеулер орталығын басқарды. Ол өзі құрастырған басқару принциптері әмбебап және барлық салада: экономикада, мемлекеттік қызметтерде және мекемелерде, әскери флотта да қолдануға болатынын дәлелдеуге тырысты. А.Файоль ғылыми басқаруға классикалық анықтама берді: «Басқару дегеніміз алдын ала көру, ұйымдастыру, бұйрық беру, координациялау және бақылау:алдын ала көру,яғни алдын ала не болатынын ескере отырып, іс-әрекеттің бағдарламасын жасап шығару;ұйымдастыру,яғни екі жақты – материалды және әлеуметтік мекеме негізін құру;бұйрық беру, яғни қызметкерлердің ойдағыдай жұмыс істеуін талап ету;координациялау, яғни өзара байланыстыру, біріктіру, барлық іс-әрекет пен күшті үйлестіру;бақылау, яғни бәрінің ережеге сай және берілген тапсырмаға сай орындалуын қадағалау;Файольдің айтуынша кез-келген ұжымды (мемлекеттік мекеме де кіреді) басқару 6 негізгі функциялардан тұрады: тенхникалық, коммерциялық, қаржы, сақтандыру, есеп және әкімшілік. Әкімшілік функция басты, анықтаушы болып табылады. Одан басқа 5 функцияның бірде біріне мекеменің жалпы жұмыс істеу бағдарламасын жасау, қызметкерлер құрамын теріп алу, іс-әрекетті үйлестіру, реттеуге тырысу кірмейді. Мұның бәрін әкімшілік функция атқарады, сондықтан оған басты рөл беріледі.А.Файоль басқарудың 14 жалпы ережесін (принцип) жасап шығарды:1.Еңбек бөлінісі – назар аудару мен іс-әрекет бағытталған объектілердің санын қысқартуға мүмкіндік туады, сол арқылы өндірісте сапа мен санның артуына әкеліп соғады.2.Билік – бұйрық ьеру құқығы және бағынуға мәжбүрлейтін күш. Билік оның іс-әрекетін қадағалайтын жауапкершіліксіз мүмкін емес, яғни марапаттаусыз немесе жазалаусыз.3.Дисциплина – өндіріс пен оның қызметтің келісімі бойынша бағыну, тырысып бағу, әрекет ету, өзін-өзі ұстау, сыйластық.4.Бұйрық беру бірегейлігі – қызметтерге қандай да бір іс-әрекетке байланысты 2 тапсырманы тек бір ғана басшы бере алады.5.Басшылықтың бірегейлігі – бір басшы және де бір мақсаттағы көптеген әрекеттердің ортақ бағдарламасы.6.Жеке талаптардың жалпыға бағынуы – ұжымда жеке қызметкердің немесе бір топ қызметкерлердің талабы өндірістің талабынан жоғары болмауы керек; мемлекеттің талабы азаматтардың талабынан жоғары болуы керек.7.Қызметкерлерді бағалау – әділ болуы тиіс, мүмкіндігінше өндіріс пен жеке қызметкерді, яғни қызмет беруші мен қызмет етушінің қанағаттандыруы тиіс, еңбекті бағалау.8.Орталықтандыру – жағдайға және басшы орындарының тенденциясына байланысты қабылдануы немесе қабылданбауы тиіс, өндіріске ыңғайлы болған деңгейде орталықтандыру.9.Иерархия – төменнен бастап жоғарыға дейінгі басшы қызметтерінің қатары, яғни жоғары биліктен бастап бұйрықтар өтетін сатылар жолы немесе керісінше төменнен басшы орындарға дейін қағаздар жолданатын сатылар жолы.10.Тәртіп – әр адамның өз орны және әр орынның өз адамы.11.Әділдік – әр қызметкер өз міндетін жанын сала және беріліп орындау үшін оған жанашырлықпен қарау керек; әділдік дегеніміз әділ сот пен жанашырлықтың бірігуі нәтижесі болып табылады.12.Қызметкерлер құрамының тұрақтылығы – мамандардың жиі ауысуы істің нашар деңгейінің себебі және салдары болып табылады.13.Бастама – жоспардың ұсынысы мен іске асуының бостандығы.14.Қызметкерлердің бірігуі – өндірістің негізгі күші әркімнің қабілетін пайдалануда, жақсы қарым-қатынасты бұзып алмац, әркімнің еңбегін бағалауда б.т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]