Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАУ ДАЙЫН МАТЕРИАЛЬ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.39 Кб
Скачать

22.Р. Дарендорфтың әлеуметтік жанжал теориясы (теория социального конфликта)

Мемлекеттік басқарушылық қызметке өзінің қызықты көзқарасымен қоғамның дамуына, өзінің теориясында пікірін ұсынған, германдық танымал саясаткер Р.Дарендорф болып табылады.Дамыған батыс еуропадағы елдердің қоғамдық қызметтерін зерттей отырып, Дарендроф мынаны алға тартады: қазіргі замандағы қоғамдағы басшылықтың тағайындалуы бүгінде аморофтық күйде дейді.Бүгінде бәсекелес топтардың мүдделерін тепе-теңдігін саяси зорлық ауыстырды,бұрынырақтағы қандай да бір басшылықпен атқарылған қызмет.Мемлекеттік басшылық қызметінде Дарендофтың әлеуметтік келіспеушілік теориясы өте кең қолданысқа ие.Жанжал кез келген басқару жүйесінің қалыпты нәтижесі. Әлеуметтік жанжалдың мәні әлеуметтік көзқарастың әрқилылығымен және қоғамдағы роліне бекітіледі: біреулердің басқаруға және билеуге құқы бар, кейбіреулерде ондай артықшылығы жоқ. Шиеленістің нәтижесінде қоғам ішіндегі қайшылық себеппен келісімді болуы мүмкін: келіспеушілік билік бөлінісі және билік бөлінісін қайта қарастыру тетіктерінде еркіндіктің болмауы. Бірақ, қоғамдағы жанжалдарды басқаруға және реттеуге болады. Ол үшін жанжалдасушы жақтардың тәртібін жасайтын әлеуметтік институттар бар. Жанжалдарды жеңу бірнеше этаптардан тұрады: қарама қарсы топтармен өзінің қызығушылықтарын мойындау,билікті қайта бөлу мен біріктіру. Кезкелген жанжалдық жағдайдың қорытындысы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер болады. Ол әрбір сатыдағы басшылық қызметтегі келіспеушіліктерді қадағалаудың дұрыс шешімге келуі үшін либералдық жоғары деңгейдегі қоғамды құру арқылы келіспеушіліктерді қабылдайтын және оның жүруін қалпына келтіретін бағдарлама жасап шығарды.Дарендорфтың пікірінше, заманауи қоғамдық келіспеушілік абсолютті мазмұнын жоғалтты.Ол жұмыстарды және қозғалмалы күшке айналды.Социалды келіспеушіліктің негізі оның бір мезгілде үлкейген үдерістерді жүзеге асырып және адамның құқұғын қамтамасыз етіп, олардың өмір сүру мүмкіндігін арттырады.Бұл жүйеде басшылық мемлекеттік қызметтің келіспеушілік жағдайын шешетін жолдары қолданылады,конфликтінің жүруін реттейтін сатылар, келіспеушілік үдерістерін басқару.

23.ҚР-ның «Әкімшілік рәсімдер» туралы заңының негізгі ережелері

ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн ҚР мемлекеттік рәміздері болып табылады.ҚР Мемлекеттік Туы және Елтаңбасы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі:ҚР Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, ҚР Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ ҚР елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда; егер халықаралық құқық нормалары мен ҚР халықаралық шарттарында көзделген болса, ҚР Президентінің, ҚР Парламенті палаталары төрағаларының, ҚР Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;Мемлекеттік Елтаңбаны қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды. Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарында пайдаланылуы мүмкін.Мемлекеттік Гимн:ҚР Президенті қызметке кіріскен кезде - ол ант бергеннен кейін;ҚР Парламенті сессияларының ашылуы және жабылуы кезінде;ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шараларға арналған жиналыстар мен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде; теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;ҚР халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштерді, монументтерді, құлпытастарды және басқа да ғимараттарды ашу кезінде; ҚР мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде ҚР Мемлекеттік Туы көтерілген кезде;ҚРмемлекеттік немесе ресми сапармен келген шет мемлекеттердің басшыларын қарсы алу кезінде - тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік гимні орындалғаннан кейін; жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде;Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

24.ҚР-ның «Үкімет туралы» заңының негізгі ережелері

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.Конституцияның 57-бабыныңтармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.Қазақстан Республикасының Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;ҚР сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, олар Республиканың Президентіне өз орнынан түсетіні туралы мәлімдеуге хақылы.Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.

Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады. Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]