Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАУ ДАЙЫН МАТЕРИАЛЬ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.39 Кб
Скачать

1.Мемлекеттік – әкімшілік басқару теориясының пәні, объектісі және негеізгі мәселелері

Демократиялық қоғамда мемлекет азаматтардың мүддесін, әлеуметтік, ұлттық және адамзат құндылықтарын біріктіруінің негізгі формасы болып табылады. Өз міндеттерін мемлекет мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесі арқылы шешеді. Мемлекеттік - әкімшілік басқару жүйе кешенді әлеуметтік институт болып табылады. Мемлекеттік - әкімшілік ету процесі лауазым иелерінің қызметінде бекітіледі және ол мемлекеттің мақсаты мен жігерін іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады. Мемелкет пен қоғам өзінің негізгі міндеттерін бағытталған жоғары кәсіби мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесінің іс -әрекет барысында ғана шеше алады. Қазіргі кезеңде осы қызметті мемлекеттік-әкімшілік басқаруында кәсіби саясаттанушылар жүзеге асырады.

Пәннің мақсаты:

«Қазақстан республикасының мемлекеттік - әкімшілік басқаруы» атты пәннің мақсаты студенттерге дүниежүзіндегі дамыған елдердің мемлекеттік -әкімшілік басқару жүйелері туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-әкімшілік құрылымдарының қызметі мен құрылымын ашып көрсету болып табылады. Сонымен қатар, болашақ саясаттанушылар мен саясаткерлердің кәсіби іс-әрекеті жоғары стандарттармен кәсіби этикаға негізделетінін көрсету. Ал қажеттіліктерді демократиялық қоғам мүддесіне бағындыру болып табылады“Мемлекеттік - әкімшілік басқару жүйелері” курсының негізгі мәселелеріне: Мемлекеттік -әкімшілік басқару жүйелері саяси ғылымның объектісі ретінде, Батыс елдеріндегі мемлекеттік-әкімшілік басқару теориясының тарихы, мемлекеттік-әкімшілік басқару теориясындағы ауқымды мектептер мен бағыттар, қазіргі мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесі: құрылымы және қызметі, мемлекеттік ұйымдағы менеджмент. Унитарлы және федеративті тип мемлекеттердегі мемелекеттік-әкімшілік басқарудың мемлекеттік қызмет жүйесі. Мемлекеттік-әкімшілік басқаруының қазақстандық мектебінің қалыптасуы.

2.Мемлекеттік – әкімшілік басқару теориясының негізгі категориялары

Мемлекетті-әкімшілік басқару теориясы заманға сай саяси ғылымның ең маңызды және перспективті бағыты болады. Ұзақ уақыт бойы ол жалпы саясаттың дәстүрімен ұштасып келді, тек XIX ғ. аяғында ғана жеке ғылыми зерттеу аймағына айнала бастады. Саяси сфераның жалпыдан ажырауы, барша адамзаттың ажырамайтын бөлігі, саяси әлемнің экономикалық әлемнен бөлініп шығуы, әлеуметтік және рухани жүйелену өте кеш белең алды. Бастапқыда саяси феномендер жоғары мәртебедегі мәдени-әлеуметтік парадигмалар шеңберінде ғана зерттелуде болды, алайда оны жалпы кешенді қоғамдық көріністермен байланыстыруға әбден мүмкін еді. Шамамен екі мыңжылдық барысында – антикалық ғасырлардан бері сонау XVIII ғасырға дейін – әлеуметтік көріністер жайындағы біліктілігінің бірегей жүйесі болып қала берді. Бірақ Аристотель мемлекетті билеудің қыр-сырларын игеруге барынша назар аударды. Барлық қоғамдық өмір, менің жеке пікірім бойынша, саяси өмірдің ғана шеңберінде реттеліп және де мемлекетке қызмет етіп қойылады. Ол ескеріп кеткеніндей:

«… мемлекет туралы ғылым салаларын құрал ретінде пайдаланады, алайда оның қандай әрекеттерге бару керек екенін заңды тұрғыдан да анықтауы тиіс, соның салдарынан оның мақсаты басқа ғылым салаларының мақсатымен байланысады, осылайша, осы мақсат бүкіл адамзаттың үлкен қамы болары сөзсіз»Біздің әлеуметтік әлем жайындағы білімімізді кеңейте әрі тереңдете келе, дифференциалдық ғылыми тәртібі жылдамдай түсті. XVIII ғ. орта шенінде шынайы философияның моральды философиядан ажырау процесі көрініс тапты. Алдағы уақытта философиялық зерттеулердің қысымымен Анри Сен-Симон және Огюста Конт моральдық ғылым саласына «әлеуметтік» деген атауды енгізген болатын. Дегенмен, жалпы саяси ғылымның бастауы жайында тек XIX ғ. бірінші жартысындағы ашылған Германиядағы Заң мектебі өз алдына мемлекет ұғымының қыр-сырларын зерттеуді нысана етіп бекіткендігінен ғана аңғарамыз. 1880 жыл символикалық саясаттанудың жаңаша тәртібінің пайда болуымен ерекшеленді. Осы жылдың маусым айында АҚШ-дағы Колумбиялық колледжінің басқару кеңесінің (кейіннен Колумбия университеті деп атала бастады) ұсынысы бойынша Дж.Варджесса саяси ғылымдар мектебін ашу туралы шешім қабылдады. Ғылыми кадрлар дайындау жүйесі диссертация жазу және қорғауымен қоса енгізілді. Бұл шешім 1886 жылдан бастап қолға алынды. Саяси ғылым мектебі «Political Science Quarterly» журналын басып шығара бастады. Тіпті АҚШ-ның оқу орындары ғана емес, Батыс Еуропа да Колумбия университетін үлгі тұта бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]