
- •2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
- •4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
- •5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
- •6) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.
- •7) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.
- •8) Атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.
- •12) Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.
- •15) Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
- •19) Әкімнің құқықтық мәртебесі.
- •20) Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.
- •22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
- •24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
- •25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •26)Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.
- •27)Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.
- •28)Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •29)Қр-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.
- •30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
- •31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
- •32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
- •33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
- •34)Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.
- •35)Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.
- •36)Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.
- •37)Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет
- •38)Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.
- •39)Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.
- •40)Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.
5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
Әкімшілік құқықтық қатынастар өзге құқықтық қатынастармен салыстырғанда биліктік қатынастар, олардың тараптарының заңдық тепетеңдігі болмайды. Олай болатын себебі әкімшілік құқықтық қатынас оған екінші тарапта болмайтын өкілеттіктері бар атқарушы биліктің тиісті өкілінің (атқарушы органның, лауазымды адамның )қатысуынсыз болуы мүмкін емес.Әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Іс әрекет- әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар қандай да бір субъектінің белсенділікпен ерік білдіруінің нәтижесі. Олар заңды және заңсыз болулары мүмкін. Заңды іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалармен белгіленген мінез құлықтың ережелеріне толығынан сәйкес келеді. Олар заңды қылықтарға және заңды актілерге бөлінеді.Заңдық айғақтар –заңсыз іс әрекеттер әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарына сай келмейді, оларды бұзады. Сондай ақ әрекетсіздік те заңсыз болуы мүмкін. Оқиғалар – бұл адамның еркіне байланысты құбылыстар , мысалы , өлім, табиғи апат.Әкімшілік құқықтық қатынастар өзінің сипаты, мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі болады. Оларға тән заңдық биліктік элемент те әртүрлі көрініс табады.Осыларды ескере отырып, әкімшілік құқық ғылымы тұжырымдаған кейбір белгілер бойынша оларды түрлеп топтастыруға болады,бұл орайда ең алдымен басқарушылық байланыстардың сипатын анықтау ерекше маңызды.Осы тұрғыдан мыналарды бөлуге болады:Атқарушы биліктің мән мағынасын тікелей көрсететін қатынастар, бұндай қатынастардың шегінде атқарушы биліктің тиісті субъектісі осы қатынастардың басқарылатын қатысушыларының мінез құлқына тікелей реттеушілік ықпал жасауды жүзеге асырады.Тікелей басқарушылық ықпал жасау шегінен тысқары қалыптасатын , бірақ оны жүзеге асырумен байланысты қатынастар. Олардың бірінші – әкімшілік құқықтық қатынастардың негізгі түріне қатысты алғанда көмекші маңызы бар. Шындығында бұл жерде негізгі және негізгі емес басқарушылық байланыстар туралы айтылып отыр, яғни, сатылас және деңгейлес қатынастар. Оларды бұлай бөлудің негізіне олардың қатысушыларының өзара қарым қатынасының заңдық сипаты алынған. Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастар негізінен мемлекеттік басқару аясына тән, өйткені әкімшілік құқықтық реттеудің мазмұнын, сондай ақ мемлекеттік басқарушылық қызметке тән басқарушылық байланыстарды ең толық дәрежеде білдіреді. Олардың мәні мынада : қатынастың бір тарабында, оның өзге тарабында болмайтын, заңдық биліктік өкілеттіктер болады.Сатылас әкімшілік құқықтық қатынастардың барлық түрлерінде басқарушылық байланыстардың басты белгісі , яғни тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі айқын көрініс табады. Деңгейлес әкімшілік құқықтық қатынастар деп тек тараптары шындығында және заңды түрде тең құқылы болатын қатынастар ғана түсініледі, яғни оларда бір тараптың екінше тарапқа міндетті болатын заңдық биліктік әмірі болмайды. Нақты қатынасты деңгейлес деп тану үшін мынадай маңызды мән жайларды ескеру керек. Ең алдымен қатынастың бір тарабының басқасына қандай да болмасын нысанда заңды түрдегі тәуелділігі болмауы тиіс.Сонымен, бұндай қатынастарда бір тараптың екінші тарапқа арналған ерік білдірулерінің қандай да болмасын заңдық биліктік көрінісі міндетті түрде болмауға тиіс.