- •2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
- •4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
- •5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
- •6) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.
- •7) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.
- •8) Атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.
- •12) Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.
- •15) Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
- •19) Әкімнің құқықтық мәртебесі.
- •20) Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.
- •22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
- •24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
- •25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •26)Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.
- •27)Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.
- •28)Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •29)Қр-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.
- •30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
- •31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
- •32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
- •33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
- •34)Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.
- •35)Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.
- •36)Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.
- •37)Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет
- •38)Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.
- •39)Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.
- •40)Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.
3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқық жүйесінің саласы. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.Жалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құықығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама(міндеттеу), тыйым, ерік беру. Нұсқама(міндеттеу)- бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Тыйым- шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің адресаттарына осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі іс-әрекеттерді жасаудан бастартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Ерік беру- бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бастартуға заңды түрде рұқсат беру.
4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
Әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқықтық нормамен реттелінген басқарушылық қоғамдық болып табылады, онда тараптар әкімшілік құқықтық нормамен белгіленген және кепілденген өзара байланысты құқықтыр мен міндеттерді иеленушілер ретінде болады. Бұл құқықтық қатынастардың тараптары Қазақстанның азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттік қызметшілер, атқарушы билік органдары болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл қатынастардың да барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің объектісі болады,оны түсіну мемлекеттік басқарушылық қызметтің мән мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, атап айтқанда, басқару әрқашанда еріктің бірінің біріне бағыныштылығын болжайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардың объектісі атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы басқарылатындардың еркі, сана сезімі және солар арқылы болатын мінез құлқы болып табылады.Әкімшілік құқықтық қатынас өзінің мәні бойынша басқарушылық бола отырып, оның пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуы үшін кең аясы бар. Бұл мемлекеттік басқару аясы, оның ұғымы, шегі бұрын да, қазіргі кезеңде де атқарушы билікті іске асыру жөніндегі практикалық қызметтің көлемімен және бағыттылығымен анықталады. Тағы бір ерекшелігі, екінші тараптың тілегіне немесе келісіміне қарамастан да пайда болуы мүмкін. Әкімшілік құқықтық қатынастар тараптары әкімшілік құқықтық нормалардың талаптарын бұзған үшін жауапкершілікте болады. бірақ азаматтық құқықтық қатынастарға тән болатын бірі бірінің алдында емес кінәлі тарап уәкілетті атқарушы органның алдында жауапты болады. осындай тәртіппен, мысалы, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік пайда болады.Заңда қаралған жағдайларда жауапкершілік сот тәртібімен де болуы мүмкін. Казіргі кезендегі ғылымда «Әкімшілік құкық» терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулык әдебиеттерде әкімшілік құқық — тиісті мемлекеттің құкық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құкықты — басқару құқығы деп айтуға болады делінген.Энциклопедиялық сөздік «Әкімшшк құқык» деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдык катынастарды ретейтін құқык саласы деп атаған. Оның нормалары басқару апаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың (ағылшынша adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінін процесінде пайда болатьін қоғамдык катынастарды реттейтін құкық саласы ретінде аныктаған.Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері мына төмендегідей:біріншіден, әкімшілік құқык — қүкықтың дербес саласы;екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын коғамдык катынастардың реттеушісі болып табылады;үшіншіден, әкімшілік күкыктың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын коғамдык, қатынастарды ғана реттеуге арналған.Барлык осы тәрізді қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік баскару органдарың, яғни атқарушы органдардың аткарушылык-өкім етушілік кызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.Әкімшілік қүқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси құрьлысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін жүзеге асыруға байланысты Қоғамдық қатьнастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл аудара отырьш, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдык катынастар мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар өзге құқықтық қатынастармен салыстырғанда биліктік қатынастар, олардың тараптарының заңдық тепетеңдігі болмайды. Олай болатын себебі әкімшілік құқықтық қатынас оған екінші тарапта болмайтын өкілеттіктері бар атқарушы биліктің тиісті өкілінің (атқарушы органның, лауазымды адамның )қатысуынсыз болуы мүмкін емес.Әкімшілік құқықтық қатынастың айрықша субъективтік көрінісі бар, яғни онда басқа тарапқа арналатын тиісті ерік білдірушіліктерді тұжырымдайтын субъектісі болады. Әкімшілік құқықтық қатынастар мемлекеттің басқарушылық мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Бұл қатынастардың да барлық өзге құқықтық қатынастар сияқты өзінің объектісі болады,оны түсіну мемлекеттік басқарушылық қызметтің мән мағыналық ерекшеліктерімен байланысты, атап айтқанда, басқару әрқашанда еріктің бірінің біріне бағыныштылығын болжайды.
