
- •2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
- •4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
- •5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
- •6) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.
- •7) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.
- •8) Атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.
- •12) Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.
- •15) Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
- •19) Әкімнің құқықтық мәртебесі.
- •20) Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.
- •22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
- •24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
- •25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •26)Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.
- •27)Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.
- •28)Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •29)Қр-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.
- •30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
- •31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
- •32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
- •33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
- •34)Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.
- •35)Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.
- •36)Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.
- •37)Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет
- •38)Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.
- •39)Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.
- •40)Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.
32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
Мемлекеттiк қызметшiнiң:1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; 12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар
33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс.Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:1) жасы он сегiзден төмен емес;2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған; мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.