
- •2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
- •4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
- •5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
- •6) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.
- •7) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.
- •8) Атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.
- •12) Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.
- •15) Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
- •19) Әкімнің құқықтық мәртебесі.
- •20) Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.
- •22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
- •24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
- •25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •26)Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.
- •27)Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.
- •28)Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •29)Қр-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.
- •30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
- •31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
- •32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
- •33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
- •34)Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.
- •35)Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.
- •36)Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.
- •37)Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет
- •38)Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.
- •39)Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.
- •40)Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.
30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
Мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды.Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:заңдылык;патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы,бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.Түрлері:Мемлекттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайына қарай екі топқа мемлекеттік саяси қызметшілер және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бөлінеді.Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы,сайлануы, босатылуы және қызметі саяи-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.Мемлекеттік әкімшілік қызметші-мемлекеттік саяс қызметшілердің құрамына кірмейтін,мемлекеттік оргнда тұрақты,кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.1Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлкеттік өкімет органдары қызметі бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі қызметшілерге бөлге болады.Республикалық сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдадың:Президент әкімшілігінің ,Үкімет кеңсесінің,Парламент палаталары аппаратының өкілеттіктері кіреді.Жергіліктіге мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің мемлекеттік үкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселелер жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.2Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ,онда азамттық және милитарлиандырылған яғни әскери мемлекеттік қызметшілер бөлінеді әскери қызметшілер,ішкі істер,қаржы полициясы,басқа органдар қызметкерлері.