
- •2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
- •4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
- •5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
- •6) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.
- •7) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.
- •8) Атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.
- •12) Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.
- •15) Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
- •19) Әкімнің құқықтық мәртебесі.
- •20) Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.
- •22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
- •24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
- •25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •26)Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.
- •27)Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.
- •28)Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •29)Қр-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.
- •30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
- •31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
- •32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
- •33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
- •34)Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.
- •35)Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.
- •36)Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.
- •37)Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет
- •38)Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.
- •39)Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.
- •40)Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.
24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіргенін танытады.
Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiру Палаталардың бірлескен отырысында: Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр; Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселенi қойған жағдайда; Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Палаталардың бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға құқылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған кезден бастап кемінде қырық сегіз сағат өткен соң өткiзiледi. Егер сенiмсiздiк вотумы туралы ұсыныс әрбiр Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледi. Алайда, Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.
25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы. Оның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен (64-70-баптар), «ҚР-ның Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1997 жылғы 24 ақпандағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдармен белгіленген.
ҚР-ның Үкіметі – ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады. ҚР-сы Президенті өз қалауы бойынша Үкіметтің құрамына республикалық атқарушы
билік органдарының өзге де басшыларын енгізуі мүмкін. ҚР-сы Президенті ҚР-ның Конституциясында қаралған тәртіппен ҚР-ның Премьер-министрін тағайындайды.
Республика Үкіметі оның құрамына кірмейтін министрліктердің және басқа орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, олардың заңдарды, Республика Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын қамтамасыз етеді. Үкімет министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрліктер мен өзге де атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекітеді; министрліктердің орынбасарларын, Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, республика ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жоюға не тоқтата тұруға құқылы.
Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-министр Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоюға хақылы. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс Конституциямен белгіленген қажетті дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейінгі бір ай ішінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған жағдайда екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады. Бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді.
Үкімет мүшелері Парламент палаталарының шақыруы бойынша олардың отырыстарына қатысуға және өз қызметі мәселелері жөнінде есеп беруге міндетті. Республика заңдарын орындамаған жағдайда Констиуцияда (57-б-тың 6-т) белгілеген тәртіппен әр Палата жеке оны қызметтен босату туралы Президентке жүгінуі мүмкін.