
- •2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
- •4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
- •5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
- •6) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.
- •7) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.
- •8) Атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.
- •12) Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.
- •15) Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
- •19) Әкімнің құқықтық мәртебесі.
- •20) Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.
- •22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
- •24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
- •25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •26)Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.
- •27)Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.
- •28)Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •29)Қр-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.
- •30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
- •31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
- •32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
- •33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
- •34)Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.
- •35)Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.
- •36)Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.
- •37)Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет
- •38)Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.
- •39)Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.
- •40)Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.
22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
Орталық атқарушы билік органдарының құқықтық актілері – құқық нормаларына сәйкес ресімделген, біржақты биліктік ерік – жігерді білдіретін, заңды салдарларға әкелетін атқарушы – бұйырушы қызмет процесінде атқарушы билік субъектілері қабылдайтын заң күшіндегі ресми заңды актілердің түрі.
Оның мынадай негізгі белгілері бар:
1) заң күшіндегі сипата болуы;
2) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаың биліктік, өкімді ерік-жігерін білдіреді;
3) әкімшілік-құқықтық және басқа да қатынастарды белгілейді, тудырады, өзгертеді және тоқтады;
4) ресми белгіленген нысандарда, құжаттар түрінде болады;
5) әкімшілік құқық субъектілерінің орындауына міндетті мінез-құлық ережелерін немесе жеке ұйғарымдарды бекітеді;
6) белгіленген тәртіпте шығарылады.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық актілері — атқарушы биліктің мқсат-міндетін жүзеге асыру үшін арналған маңызды құралы.
Мемлекеттік басқару актілерінің заңдық маңыздылығы мынадан көрінеді:
1) құқық нормасын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды;
2) басқару объектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе нақтылы құқықтар береді;
3) басқару актілері сотта дәлел бола алады, заңды істерді қозғау негізгі бола алады (жұмыстан босату, тұрғын үйге берілген ордерді жарамсыз деп тану);
4) басқару актілері басқа актілерінің жарамдылығынң шарты болуы мүмкін, мысалы, ІІО азаматқа қару-жарақ алуға рұқсат береді; кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға мөрлерді дайындауға рұқсат береді.
Актілердің мынадай түрлері болады:
1) Заңды мазмұны бойынша –жеке актілер және нормативті –актілер;
2) Әрекет ету мерзімі бойынша – әрекет ету мерзімі анықталмаған (мерзімсіз), мерзімді және уақытша актілерге бөлінеді.
3) Әрекет ету аумағы бойынша – республика аумағында әрекет ететін және әкімшілік – территориялық бірліктер масштабында әрекет ететін мемлекеттік басқару актілеріне бөлінеді.
4) Актіні шығаратын органдардың құзырлығының сипаты бойынша жалпы, сала аралық және салалық басқару актілеріне бөлінеді.
5) Мемлекеттік басқару актілерін шығаратын органдар бойынша:
1) қаулылар- бұл алқалы тәртіпте қабылданатын акт, мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары;
2) шешімдер- бұл алқалы тәртіпте, сондай-ақ дара басшылық тәртібінде (жеке) шығарылатын акті,
мысалы,маслихаттардың, әкімдердің шешімі;
3) өкімдер — бұл жеке, дара басшылық тәртіпте шығарылатын акт, мысалы, ҚР Президентінің өкімі;
4) бұйрықтар — бұл дара басшылық органдардың жетекшілері шығаратын акт, мысалы министрдің бұйрығы; Бұйрық
жеке, сондай-ақ нормтивті болуы мүмкін.
5) нұсқаулар — бұл мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері қабылдайтын акт, мысалы, министр және т.б.
Нұсқау нормативті-құқықтық актілердің нақты орындалу тәртібін белгілейді.
6) Көрсетілу нысаны бойынша- жазбаша, ауызша, конклюдентті.Актілерінің күшіне ену, әрекетін өзгерту және тоқтату. Актінің заңды күшіне ену оның ресми жарияланған сәтінен бастап немесе арнайы актілерде белгіленген мерзімде орындаушыларға жеткізген сәттен бастап енеді, мысалы ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ведомстволардың нормативті актілері оларды ресми жариялағаннан кейін 10 күннен соң заңды күшіне енеді.
Актілердің әрекетін өзгертуді, ереже бойынша, оны қабылдаған орган немесе лауазымды тұлға енгізе алады.
Актінің әрекеті мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) толығымен немесе оның жекелеген бөлімдерінің;
2) ҚР бүкіл немесе нақты территориясында;
3) мемлекеттік органның нақты қызметіне қатысты немесе толығымен;
4) актіні қабылдаған мерзімі аяқталғанда;
5) актіні қабылдаған орган басқа актіні қабылдаған жағдайда күші жойылды деп танығанда;
6) актідегі нақты әрекеттер орындалғанда, мысалы, айыппұл төленгенде;
7) заңды оқиғалар болғанда.
23) ҚР-ның Президентінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндір.
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады;ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.