
- •2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •3) Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.
- •4) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері
- •5) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.
- •6) Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.
- •7) Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.
- •8) Атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.
- •12) Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.
- •15) Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.
- •17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
- •19) Әкімнің құқықтық мәртебесі.
- •20) Әкім және қр-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.
- •22) Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.
- •24) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.
- •25)Қр-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •26)Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.
- •27)Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.
- •28)Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.
- •29)Қр-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.
- •30)Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.
- •31)Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.
- •32)Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.
- •33)Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.
- •34)Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.
- •35)Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.
- •36)Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.
- •37)Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет
- •38)Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.
- •39)Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.
- •40)Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.
17) Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.
Республика Премьер – министрінің ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті құратын ҚР-ның агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салаарлық үйлестіруді және ӛзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Бұлардың министрліктерден басты айфрмашылығы, біріншіден, олардың Үкіметтің құрамына кірмейтіндігі және, екінщіден, олардың арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның ӛз атауы мемлекеттік тілде жазылған мӛрі мен мӛртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Қазіргі кезде ҚР-сы Президентіне тікелей бағынатын агенттіктерді қоспағанда, «ҚР-ның Жер ресурстарын басқару агенттігі», «ҚР-сы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі», «ҚР-ның Ақпараттандыру және байланыс агенттігі», «ҚР-ның Статистика агенттігі», ҚР-сы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, «ҚР-сы Алматы қаласының ӛңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» бар.
Агенттікті ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Тӛраға басқарады. Тӛрағаның орынбасарларын да оның ұсынуы бойынша Үкімет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Агенттіктің құрылымын оның басшысы – тӛраға бекітеді, ол әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. Сонымен бірге агенттіктің тӛрағасы
заңнамаға сәйкес ӛз құзіреті шегінде агенттіктің құрылымдық және аумақтық бӛлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың жарғыларын бекітеді.
Министрліктердегі сияқты, агенттіктер тӛрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Оның саны мен жеке құрамын агенттіктің тӛрағасы бекітеді. Агенттік тӛрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып табылады.
18) ҚР-ның Президентіне бағынатын орталық атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі.
. ҚР-ның министрлігі тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен кӛзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Нұсқаулық бойынша мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болып бӛлінеді. Республикалыққа қызметі республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және ӛкілеттігі қолданылатын мемлекеттік органдар жатады. Дәл осындай органдар болып ең алдымен ҚР-ның министрліктері саналады. ҚР-ның Үкіметі туралы Конституциялық заңда министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен кӛзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады деп бекіткен. Ал Үкіметтің әр министрлік туралы бекіткен ережесінде олардың толық атауында «мемлекеттік мекеме» деп кӛрсетілген. Қазіргі кезеңдегі министірлік тек салалық орган ретінде ғана емес сонымен бірге салааралық (үйлестіруші) орган ретінде де қызмет атқарады. Республика Премьер – министрінің ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті құратын ҚР-ның агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салаарлық үйлестіруді және ӛзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Бұлардың министрліктерден басты айфрмашылығы, біріншіден, олардың Үкіметтің құрамына кірмейтіндігі және, екінщіден, олардың арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асыру болып табылады. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның ӛз атауы мемлекеттік тілде жазылған мӛрі мен мӛртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Агенттіктің құрылымын оның басшысы – тӛраға бекітеді, ол әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. Сонымен бірге агенттіктің тӛрағасы заңнамаға сәйкес ӛз құзіреті шегінде агенттіктің құрылымдық және аумақтық бӛлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың жарғыларын бекітеді. Министрліктердегі сияқты, агенттіктер тӛрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Оның саны мен жеке құрамын агенттіктің тӛрағасы бекітеді. Агенттік тӛрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып табылады. Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Ведомстволар министрліктердің құрылымдық бӛлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен ӛзара іс-қимылының тәртібі әрбір Комитет туралы ҚР-ның Үкіметі бекітетін Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.