Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АКимшилик шпор новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.75 Кб
Скачать

Бітірушілер негізгі мына сұрақтарды білуі тиіс:

1. Әкімшілік құқық түсінігі және пәні.

2. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

3. Әкімшілік құқықтың жүйесі және оның әдістері.

4. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері

5. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың түрлері.

6. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері.

7. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері.

8. Атқарушы билік органдарының жүйесі.

9. Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.

10. ҚР-ның Үкіметінің құқықтық мәртебесі.

11. ҚР-ның Үкіметінің құрылымы мен өкілеттігі.

12. Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.

13. ҚР-ның Үкіметі мен Парламентінің арақатынасы.

14. ҚР-ның Үкіметі туралы ҚР-ның заңнамасы.

15. Орталық атқарушы билік органдарының жүйесі.

16. ҚР-ның министрліктерінң құқықтық мәртебесі.

17. Агенттіктердің құқықтық мәртебесі.

18. ҚР-ның Президентіне бағынатын орталық атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі.

19. Әкімнің құқықтық мәртебесі.

20. Әкім және ҚР-ның жергілікті өкілді билік органдарының арақатынасы.

Бітірушілер негізгі мына сұрақтарды игеруі тиіс:

21. ҚР-ның Президентінің жер-жердегі өкілі ретіндегі Әкім өкілеттігін атап көрсет.

22. Орталық атқарушы билік органдарының актілерін талдап көрсет.

23. ҚР-ның Президентінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндір.

24. Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруіне негіз болатын мәселелерді атап көрсет.

25. ҚР-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет.

26. Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтап көрсет.

27. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін түсіндіріп анықта.

28. Заңды тұлғалардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін атап көрсет.

29. ҚР-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір.

30. Мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлерін анықтап көрсет.

31. Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлерін анықта.

32. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ашып түсіндір.

33. Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір.

34. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерің аттестациядан өту тәртібін анықтап көрсет.

35. Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жауаптылыққа тарту тәртібін ашып түсіндір.

36. Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта.

37. Әкімшілік мәжбүрлеу және оның түрлерін айқындап көрсет

38. Алкоголизм, наркомания және токсикоманиені күштеп емдеудің құқықтық реттелуін ашып түсіндір.

39. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды күштеп емдеудің құқықтық реттелуі қандай екенін көрсет.

40. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әкімшілік бақылау қалай болатынын анықтап көрсет.

1) Әкімшілік құқық түсінігі және пәні.

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні – бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты. Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды.  Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын; Әкімшілік құқықтың жүйесі – бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.

2) Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің  мінез – құлық ережелері көрсетілген  және бекітілген мемлекеттік билік   ресми түрде мақұлдаған нысандар.  Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін  әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:1)Субъектілердің  белгілі бір категориялары  орындау үшін  міндетті  бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.2)Осындай  болуы  үшін  мемлекеттік билік ресми түрде  мақұлдауы қажет;3) практикалық маңыздылығы болуы қажет, әкімшілік құқықтық қатынас субъектілерінің қызметінде жиі қолданылатындай болуы тиіс.Жалпы алғанда,  еліміздің көптеген заңгер-ғалымдары құқық нысанына немесе қайнар көздеріне мыналарды жатқызады:1) нормативті-құқықтық акт - бұл осыны шығаруға құзырлығы бар, заңмен белгіленген тәртіпте қабылданған, жалпыға міндетті сипаты бар  құқық нормаларынан тұратын, бірнеше рет қолданылуға арналған ресми құжат. Нормативті-құқықтық акт -қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін  негізгі құрал, сондықтан да құқықтың қайнар көздері ішінде ең негізгісі және маңыздысы болып табылады. Нормативті -құқықтық актті заңдық күшіне байланысты екі топқа бөлуге болады:  заң (мысалы, ҚР Конституциясы, "ҚР Үкіметі туралы" конституциялық заң, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі және т.б. ) және заң күшіндегі актілер (ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, ҚР Үкіметінің қаулысы мен өкімі және т.б.).2) құқықтық әдет-құрып -бұл ұзақ уақыт бойында бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әдетке енген және мемлекет санкциялаған мінез-құлық ережелері. Құқықтық  әдет-ғұрып мемлекет пен құқытың  ертерек даму кезеңдерінде  маңызды болды.  Қазіргі уақытта ол қайтадан өз қолданылуын тауып отыр. Осылай, 1994 жылы 27 желтоқсанда ҚР Азаматтық Кодексі қабылданып, оның 3 бабында  азаматтық құқықтың қайнар көздерінің бірі деп құқықтық әдет-ғұрыпты көрсетеді.3) заң прецеденті - бұл нақты заңды іс бойынша  қабылданған  шешім және кейіннен дәл осындай істерді қарастырғанда міндетті болып басшылыққа алынады. Оның екі түрі бар: сот  және әкімшілік прецеденттер. Құқықтың бұл қайнар көздері әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксондық құқықтық жүйеде кең таралған. Ал Қазақстанда құқықтың қайнар көзі ретінде танылмайды.4) нормативті шарттар - мінез-құлық ережелерінен тұратын, екі немесе одан да көп субъектілердің келісімі және осы шартқа қатысушылар үшін міндетті күші болады.5) Сот практикасының қорытындылары - бұл соттардың нақты істерді шешу кезінде қалыптасқан, сәйкес нормативті-құқықтық  актілермен барынша толық  реттелмеген қатынастарға  біркелкі және бірнеше рет қолданылу нәтижесінде әзірленген құқықтық ережелер. Егерде олар ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысымен рәсімделген болса ғана құқықтың дербес қайнар көзі ретінде  ресми танылады. Сот практикасын  қорытындылау құқық қолданушылық және құқық шығармашылық  қызметте зор рөл атқарады, өйткені  сот практикасын есепке алып талқыламаусыз  соттардың қызмет етулері, заңнаманың болуы, жалпы, заң ғылымының дамуы мүмкін емес. Олар құқықтағы кемшіліктердің орнын толтыруда, сондай-ақ қолданыстағы құқық нормаларын нақтылау кезінде өте маңызды мәнге ие болады.6) Ғылыми құқықтық доктрина - бұл заң ғылымының қандайда болсын саласында  қалыптасқан, жалпыға  мәлім ресми көзқарастар, жағдайлар мен қағидалар жүйесі. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретінде  нормативті-құқықтық акт және нормативті шарттар ғана танылады.Әкімшіліктің құқықтың қайнар көзідерінің басқа құқық салаларының қайнар көздерінен өз ерекшеліктері болады. Олар әкімшіліктің құқық реттейтін қатынастардың мазмұнымен, құқықтық реттеу әдісімен және әкімшіліктің құқықтың субъектілерінің ерекшеліктерімен айқындалады. Әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретіндегі нормативті -құқықтық акт- бұл құқық нормасынан тұратын, заңды күші бар,  белгіленген тәртіпте құзырлы орган шығарған, атқарушы билік органының  ресми құқық шығармашылық актісі. Қазақстан Республикасында әкімшіліктің құқықтың қайнар көзі ретіндегі нормативті -құқықтық акттің көптеген түрлері бар:1) ҚР Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз (1998 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілген);2) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, 2001 жылы 31 қаңтарда қабылданған (толықтырулар мен өзгертулер енгізілген);3) ҚР Парламенті қабылдаған өзге де заңдар, мысалы, ҚР Үкіметі туралы конституциялық заң;1995 жылы 07 сәуірдегі  "Маскүнемдерді, нашақорларды және уытқұмарлық дертіне шалдыққандарды мәжбүрлеп емдеу туралы" ҚР Заңы;4) ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері;5) ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері;6)ҚР орталық атқару органдарының нұсқаулары, бұйрықтары, ережелері, жағдайлары, мысалы, ҚР ІІМ Жол Полициясының Комитеті туралы Жағдай. 2001 жылы 08  маусымдағы №777 ҚР Үкіметінің қаулысымен бектілген.7)ҚР жергілікті атқару (облыстық, аудандық  әкімшіліктердің және т.б.) және өкілді (облыстық, қалалық, аудандық маслихаттардың) органдардың актілері;8) ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативті қаулылары;9) ҚР Жоғарғы Сотының  нормативті қаулылары;10) ҚР Конституциясына және Қазақстанның территориясында  орныққан практикаға сәйкес әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар танылады, мысалы, 1966ж. 16 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт; 1948ж. 10 желтоқсандағы адам мен азаматтың құқықтарының Жалпыға ортақ  Декларациясы.