
- •Психология ұғымы, зерттеу нысан
- •Материализм мен идеализмнің негізгі айырмашылығы
- •Психофизиологиялық параллелизм мағынасы
- •4. Сана психологиясының бағыттары
- •5. Бихевиоризм ұғымы және зерттеу пәні
- •6. Психиканың қызметтері
- •7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •8. Психологияның салалары
- •9. Психиканың рефлекторлық сипаты
- •10.Психикалық процестердің сигналдық және реттеу қызметі
- •11.Хх ғ. 20-30 жж. Психологияның дамуы. Гештальтпсихология, генетикалықпсихология, фрейдизм
- •12.Психологияның бүгінгі даму бағыттары
- •13. Психологияның қағидалары мен зерттеу әдістері
- •14. Жануар мен адам психикасының айырмашылығы
- •15. Сана құрылымы
- •16. Бейсана түсінігі. Бейсана құбылыстары
- •17. Тіл және адам санасы
- •18. Өзіндік сана ұғымы
- •21. Еңбек, оның психологиялық сипаты
- •23. Зейін. Зейін түрлері
- •24.Зейіннің негізгі қасиеттері
- •25. Түйсік ұғымы. Тітіргендіргіштер
- •26.Түйсіктің физиологиялық механизмі. Түйсіктің талдағыш қызметі. Рецепторлар,афференттік жүйке, анализатор
- •27.Синестезия ұғымы. Оның мысалдары
- •28.Қабылдау. Қабылдау қасиеттері
- •29.Қабылдау: апперцепция, иллюзия, галлюцинация ұғымдары
- •30.Ес ұғымы. Ес жөніндегі ассоциативтік, нейрондық, биохимиялық теориялары
- •31.Ес түрлері
- •32.Ес үрдістері. Мнемоника
- •33.Ойлау ұғымы. Пікір. Индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындылары
- •34.Ақыл-ой қызметтері. Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру. Дерексіздеу(абстрагирование)
- •35.Қиял. Қиял және шығармашылық қабілеті
- •36.Жеке адамның бағыт-бағдары мен оның құрамы
- •37.Психологиялық қорғаныс
- •38.Ерік процесі мен оның кезеңдері
- •39.Сезім сипаттары
- •40.Сезім қызметтері
- •41.Сезім түрлері
- •42.Темперамент және оның типологиялары
- •43.Мінез және оны зерттеу
- •44.Мінез түрлері
- •45.Мінездің ұлттық ерекшеліктері. Мінез және адамның жас сатылары
- •46.Клиент психологиясын тану әдістері
- •47.Туризм менеджерінің кәсіби біліктері мен тұлғалық қасиеттері
- •48.Клиентпен дұрыс қатынас құру. Корпоративтік мәдениет қағидалары
- •49.Комплимент жасау ережелері
- •50.Раппорт, конгруэнттік, пейсинг арқылы клиент сенімін туғызу
- •51.Клиент түрлері
- •52.Клиенттің ішкі көңілін білу
- •53.Назар аударту әдістері (н.Рысев)
- •54.Назар аударту әдістері (и.Л.Добротворский)
- •55.Өнім сату процесін жеделдету
- •56.Қызмет көрсету сапасының факторлары
- •57.Психологиялық контакт (жалғасу). Тыңдай білу. Тыңдау үрдісінде болатынқателіктер
- •58.Тыңдау әдістері
- •59.Мотивация (түрткілер) және оның факторлары
- •60.Туристік өнім презентациясының аргументтері
- •61.Клиентті көндіру әдістері
- •62.Клиент қарсылықтарын қайтару және сату үрдісін аяқтау
- •63.Этикет анықтамасы
- •64.Іс этикетінің жалпы қағидалары
- •65.Туризм саласындағы этикет қағидалары
- •66.Этикет ережелері: сәлемдесу, таныстыру
- •67.Телефон қолдану этикеті
- •68.Жол жүру тәртібі. Қонақ шақыру, қонақта болу. Театр, концерт, кинотеатр, ресторант.Б. Жерлерде болу тәртібі
- •69.Имидж ұғымы. Имиджді қалыптастыру
- •70.Туристік фирманың ішкі имиджінің функциялары
- •71.Сыртқы имидж және оның элементтері
- •72.Офисті (кеңсені) дұрыс безендіру
- •73.Қызметкерлердің бет-әлпеті
- •74.Конфликт (шиеленісу, дау-дамай) және оның себептері
- •75.Конфликттің оң және теріс қасиеттері
- •76.Туризм саласындағы шиеленісу
- •77.Конфликт түрлері
- •78.Конфликт себептері
- •79.Психологиялық тыныштық бұзушылар типологиясы
- •80.Конфликт динамикасы
- •81.Конфликтті басқару әдістері
- •82.Конфликттерді алдын алу
- •83.Стресс және оның факторлары
- •84.Стресспен күресу және алдын алу
- •85.Экскурсия жүргізушісіне қажетті қасиеттер
- •86.Экскурсия әдістемесін білу
- •87.Экскурсия материалын есте сақтап қалу әдістері
- •88.Туризм қызметкерлерінің, оның ішінде экскурсия жүргізушілердің тіл мәдениеті
- •89.Экскурсия жүргізудің арнайы әдістері
- •90.Қонақжайлық ұғымы және оның қағидалары
- •91.«Қиын қонақтарға» қызмет көрсету
- •92.Ойын-сауық психологиясы. Анимация
- •93.Ойын-сауық түрлері
- •94.Релаксациялық шаралар
- •95.Коммуникациялық мәдениет
- •96.Вербалдық емес қатынастар құралдары. Визуалдық, акустикалық т.Б. Коммуникацияжүйелері
- •97.Вербалдық емес коммуникацияның ұлттық ерекшеліктері
- •98.Қонақжайлық индустрия қызметкерлеріне қойылатын талаптар
- •99.Менеджмент психологиясы. Басшылық. Басшының қасиеттері, әрекеттері
- •100.Менеджер өз билігін көрсету әдістері
- •101.Басқарушының ықпал жасау әдістері
- •102.Басқару стильдері
- •103. Жарнама мен pr түсінігі
- •104. Жарнаманың психологиялық әсері
- •105. Жарнама құралдары және олардың психологиялық әсер ету ерекшеліктері
- •106.Жарнамалық кампанияларды өткізу
- •107. Жарнама берушілері, жарнама жасаушылар, жарнама құралдары, жарнама тұтынушылары
- •2. Материализм мен идеализмнің негізгі айырмашылығы
16. Бейсана түсінігі. Бейсана құбылыстары
Бейсана – әр адамның психикалық болмысының құрам бөлігі. Бейсана ғылыми түсінігі негізгі екі бағытқа бөлінеді: психоанализ теориясы (З.Фрейд) және астарлы психикалық нұсқаулар теориясы. Психоанализ бойынша, сана мен бейсана психикалық әрекеттің бір-біріне тікелей қарсы, өзара сиыспайтын элементтері. Ал нұсқаулар теориясы, керісінше, психиканың тұтастық идеясын дәріптеумен, адам қасиеттерінің бірліктігі туралы түсінікті арқау етеді.
Ашық сана аймағында сыртқы орта мен организмнің ішкі әлемінен бір уақытта келетін сигналдардың кішкене бір көлемі ғана өз бейнесін табады. Ал қалған ақпарат кейбір үрдістерді реттеу үшін қолданылады, бірақ оны адамның өзі әрдайым сезе біле бермейді, яғни ақпарат бейсанаға өткен. Бейсана айқын сананың тікелей қатысынсыз өтіп жатқан әрекеттерді реттеуге басқаруға қажет болған барша факторларды біріктіреді.
Бейсана аймағында басқа да құбылыстар жатады: ұйқы кезіндегі психикалық әрекет (түс, лунатизм); тікелей байқалмаған тітіргендіргіштерге жауап әрекет (түшкіру, қалтырау); дағдыға айналған қозғалыс әрекеттер (музыка аспаптарында ойнау, гимнастика); саналы мақсаты болмаған кейбір әрекеттік ықпалдар (сәлемдесу әдеті, т.с.с.) және т.б.
17. Тіл және адам санасы
Адамның саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт – бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер жүйесін айтамыз. Тілдің адам өміріне енуі үш өзгеріс енгізді:
1) заттар мен оқиғаларды сөзге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді;
2) сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракциялап, қабылданушы затты тиісті категорияларға жатқызуға көмек берді. Осыдан, сөз енді тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;
3) тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің құралы болды.Сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.
Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі.
Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл — оның қалыпты жұмыс жағдайы.