Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PsikhShpoR_durys.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать

41.Сезім түрлері

Сезім түрлері

Көңіл – субъектіге эмоционалды реңкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше түрі: кейбір түс-түр, дыбыстар, иістер өздерінің негізгі мәніне байланыссыз біздің есімізге түсуден жағымды не жағымсыз сезімдер тудырады. Егер көңіл тұрақты жиіркеленушілікпен ұштасса, бұл идиосинкразия сырқатының белгісі.

Кейіп – біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез-құлыққа әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады.

Эмоция (сезім шарпуы) – сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп, іс-әрекетке ынталандырады. Керісінше, кейде адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады – бұл астеникалық эмоция көрінісі.

Жағдайға, дара ерекшеліктеріне орай эмоция адам қылығына әртүрлі ықпал жасауы мүмкін. Мысалы, қорқыныш сезімі адамды өзін жинақтап, қатерге қарсы шығуға итермелеуі мүмкін, ал басқа адамды шідерлеп «тізесі қалтырайтын» дәрежеге келтіреді.

Қуаныш – орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.

Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді.

Қасірет – алғашқында аз да болса сенім күттірген маңызды өмір қажеттігінің орындалмауы не оның орындалмайтыны жөнінде ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоциялық күй.

Қаһар – субъектіде өте маңызды қажеттіліктің күшті кедергіге ұшырап, орындалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз эмоциялық қалып.

Жиіркену – тікелей қатынаста болған объектердің (заттар, адамдар, құбылыстар, оқиғалар т.б.) жеке адам идеологиясына, адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.

Жек көру – адам аралық қатынастарда субъектінің көзқарас, өмірлік салты мен сезім объекті қылықтарының бір-біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл-күй.

Қорқыныш – субъектте өз тіршілігіне шын немесе болуы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.

Ұят – субъектінің өз қылық-әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі.

Жоғары деңгейдегі сезімдер

Ақыл-ой сезімі – адамның оқып білім алуға, өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы.

Эстетикалық сезім – объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй.

Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді.

42.Темперамент және оның типологиялары

Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Павлов көзқарасында адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.

Ежелгі грек дәрігері Гиппократ тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының»– қан, шырыш, өт, запыран – өзара қатынасымен ажыратылады. Осыған негізделіп, Клавдий Гален (б.з.д. ІІ ғ.) темперамент түрлетүйсік

ріне сипат берді. Ол темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sanguis – қан), флегматик (phlegmа – шырыш, слизь), холерик (chole – өт, желчь), меланхолик (melanchole – запыран, «черная желчь)

Темпераменттің көптеген типологиялары бар. Оның ішінде – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген конституциялық типология (Э.Кречмер): әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституциялық психикалық тип белгіленген: 1) лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек түсі жайылыңқы, тар нықты, қол-аяғы ұзын; 2) пикник – мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын; 3) атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған; 4) диспластик – бұл адамдар әртүлі мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]