Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PsikhShpoR_durys.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать

33.Ойлау ұғымы. Пікір. Индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындылары

Ойлау – тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Ойлаудың міндеті кездейсоқ сәйкестіктерден ажыратып, нақты заңдылықтарға негізделген мәнді, қажетті байланыстарды танып, аша білу. Адамның ойлау қызметі үшін сезімдік танымға қарағанда, сөйлеу мен тіл маңызды. Ойлаудың ең жоғарғы формасы – сөзді-логикалы ой.

Бір нәрсе ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. Ұғым дегеніміз – зат немесе құбылыстығ жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой.

Пікір дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсе не мақұлданады, не теріске шығарылады. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлар формасы ой қорытындылары деп аталады. Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болады. Индуктивтік ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту. Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз – жалпы ережеден жеке қорытынды жасау.

34.Ақыл-ой қызметтері. Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру. Дерексіздеу(абстрагирование)

Ой қорытындыларының объективтік пікірлерге негізделетін үрдісі логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.

Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін орындайды. Бұл қызметтер әрқилы әдістерден құрылады: талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау.

Талдау (анализ) – бұл оймен бүтінді жіктеу, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу.

Біріктіру (синтез) – бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет-қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру.

Салыстыру – бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой-әрекеті. Салыстыру түрлері: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша); 2) көптарапты толық, барлық белгілерін ескерумен); 3) үстірт және терең; 4) тікелей және жанама.

Салыстыру белгілі бір байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс-түр, салмақ, ұзындық, уақыт сияқты).

Дерексіздендіру (абстрагирование, отстранение) – бұл зерттеліп жатқан нысанның қандай да бір белгісін бөліп алып, қалғандарын елемеу.

Нақтылау – ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы.

Қорыту – заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда біріктіру. Мысалы, алма, алмұрт, өрік және т.б. ортақ қасиеттеріне негізделіп олардың бәрін бір «жеміс» деген түсінікпен арнайы топтық категорияға қосамыз.

35.Қиял. Қиял және шығармашылық қабілеті

Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.Л.С.Рубинштейннің пікірінше, шығармашылық қиялдың қуаты мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады: 1) қиял туындысы мәндік және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым; 2) қиял өзіне негіз болған деректерден жаңалығы және қайталанбастығымен ерекшелінуі тиіс. Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ тәжірибелік жағынан пайдасыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]