
- •Психология ұғымы, зерттеу нысан
- •Материализм мен идеализмнің негізгі айырмашылығы
- •Психофизиологиялық параллелизм мағынасы
- •4. Сана психологиясының бағыттары
- •5. Бихевиоризм ұғымы және зерттеу пәні
- •6. Психиканың қызметтері
- •7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •8. Психологияның салалары
- •9. Психиканың рефлекторлық сипаты
- •10.Психикалық процестердің сигналдық және реттеу қызметі
- •11.Хх ғ. 20-30 жж. Психологияның дамуы. Гештальтпсихология, генетикалықпсихология, фрейдизм
- •12.Психологияның бүгінгі даму бағыттары
- •13. Психологияның қағидалары мен зерттеу әдістері
- •14. Жануар мен адам психикасының айырмашылығы
- •15. Сана құрылымы
- •16. Бейсана түсінігі. Бейсана құбылыстары
- •17. Тіл және адам санасы
- •18. Өзіндік сана ұғымы
- •21. Еңбек, оның психологиялық сипаты
- •23. Зейін. Зейін түрлері
- •24.Зейіннің негізгі қасиеттері
- •25. Түйсік ұғымы. Тітіргендіргіштер
- •26.Түйсіктің физиологиялық механизмі. Түйсіктің талдағыш қызметі. Рецепторлар,афференттік жүйке, анализатор
- •27.Синестезия ұғымы. Оның мысалдары
- •28.Қабылдау. Қабылдау қасиеттері
- •29.Қабылдау: апперцепция, иллюзия, галлюцинация ұғымдары
- •30.Ес ұғымы. Ес жөніндегі ассоциативтік, нейрондық, биохимиялық теориялары
- •31.Ес түрлері
- •32.Ес үрдістері. Мнемоника
- •33.Ойлау ұғымы. Пікір. Индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындылары
- •34.Ақыл-ой қызметтері. Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру. Дерексіздеу(абстрагирование)
- •35.Қиял. Қиял және шығармашылық қабілеті
- •36.Жеке адамның бағыт-бағдары мен оның құрамы
- •37.Психологиялық қорғаныс
- •38.Ерік процесі мен оның кезеңдері
- •39.Сезім сипаттары
- •40.Сезім қызметтері
- •41.Сезім түрлері
- •42.Темперамент және оның типологиялары
- •43.Мінез және оны зерттеу
- •44.Мінез түрлері
- •45.Мінездің ұлттық ерекшеліктері. Мінез және адамның жас сатылары
- •46.Клиент психологиясын тану әдістері
- •47.Туризм менеджерінің кәсіби біліктері мен тұлғалық қасиеттері
- •48.Клиентпен дұрыс қатынас құру. Корпоративтік мәдениет қағидалары
- •49.Комплимент жасау ережелері
- •50.Раппорт, конгруэнттік, пейсинг арқылы клиент сенімін туғызу
- •51.Клиент түрлері
- •52.Клиенттің ішкі көңілін білу
- •53.Назар аударту әдістері (н.Рысев)
- •54.Назар аударту әдістері (и.Л.Добротворский)
- •55.Өнім сату процесін жеделдету
- •56.Қызмет көрсету сапасының факторлары
- •57.Психологиялық контакт (жалғасу). Тыңдай білу. Тыңдау үрдісінде болатынқателіктер
- •58.Тыңдау әдістері
- •59.Мотивация (түрткілер) және оның факторлары
- •60.Туристік өнім презентациясының аргументтері
- •61.Клиентті көндіру әдістері
- •62.Клиент қарсылықтарын қайтару және сату үрдісін аяқтау
- •63.Этикет анықтамасы
- •64.Іс этикетінің жалпы қағидалары
- •65.Туризм саласындағы этикет қағидалары
- •66.Этикет ережелері: сәлемдесу, таныстыру
- •67.Телефон қолдану этикеті
- •68.Жол жүру тәртібі. Қонақ шақыру, қонақта болу. Театр, концерт, кинотеатр, ресторант.Б. Жерлерде болу тәртібі
- •69.Имидж ұғымы. Имиджді қалыптастыру
- •70.Туристік фирманың ішкі имиджінің функциялары
- •71.Сыртқы имидж және оның элементтері
- •72.Офисті (кеңсені) дұрыс безендіру
- •73.Қызметкерлердің бет-әлпеті
- •74.Конфликт (шиеленісу, дау-дамай) және оның себептері
- •75.Конфликттің оң және теріс қасиеттері
- •76.Туризм саласындағы шиеленісу
- •77.Конфликт түрлері
- •78.Конфликт себептері
- •79.Психологиялық тыныштық бұзушылар типологиясы
- •80.Конфликт динамикасы
- •81.Конфликтті басқару әдістері
- •82.Конфликттерді алдын алу
- •83.Стресс және оның факторлары
- •84.Стресспен күресу және алдын алу
- •85.Экскурсия жүргізушісіне қажетті қасиеттер
- •86.Экскурсия әдістемесін білу
- •87.Экскурсия материалын есте сақтап қалу әдістері
- •88.Туризм қызметкерлерінің, оның ішінде экскурсия жүргізушілердің тіл мәдениеті
- •89.Экскурсия жүргізудің арнайы әдістері
- •90.Қонақжайлық ұғымы және оның қағидалары
- •91.«Қиын қонақтарға» қызмет көрсету
- •92.Ойын-сауық психологиясы. Анимация
- •93.Ойын-сауық түрлері
- •94.Релаксациялық шаралар
- •95.Коммуникациялық мәдениет
- •96.Вербалдық емес қатынастар құралдары. Визуалдық, акустикалық т.Б. Коммуникацияжүйелері
- •97.Вербалдық емес коммуникацияның ұлттық ерекшеліктері
- •98.Қонақжайлық индустрия қызметкерлеріне қойылатын талаптар
- •99.Менеджмент психологиясы. Басшылық. Басшының қасиеттері, әрекеттері
- •100.Менеджер өз билігін көрсету әдістері
- •101.Басқарушының ықпал жасау әдістері
- •102.Басқару стильдері
- •103. Жарнама мен pr түсінігі
- •104. Жарнаманың психологиялық әсері
- •105. Жарнама құралдары және олардың психологиялық әсер ету ерекшеліктері
- •106.Жарнамалық кампанияларды өткізу
- •107. Жарнама берушілері, жарнама жасаушылар, жарнама құралдары, жарнама тұтынушылары
- •2. Материализм мен идеализмнің негізгі айырмашылығы
31.Ес түрлері
Ес түрлері
Әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді.
Іс-әрекет мақсатына орай ес ырықты және ырықсыз болуы мүмкін.
Дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты – қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік ес ажыратылады.
Қозғалысты ес – әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту.
Сезімдік ес. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, көркем шығарма кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдік еске негізделген.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстарға, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Сәйкес түйсік түрлері сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал саңыраудың көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т.б.
Сөз-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық қана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан.
Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық үрдіс ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса – ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемоникалық әрекеттерге орай жүзеге асырылады.
Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады.
32.Ес үрдістері. Мнемоника
Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы – ырықсыз, ниеттелмеген мнемоникалық әрекет, яғни арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Ниеттелген, ырықты есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады.Есте қалдыру тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған әрекет мнемоникалық әрекет деп аталады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Мағыналы есте қалдыру – материал бөлшектері арасындағы көзден таса, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді. Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды қажет етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, нәтижеге жол ашады.
Түсінімді және берік есте қалдырудың шарттары. Түсініп ұғу үшін игерілетін материалдың өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Бір бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі материалдарының логикалық тізбегі құрылады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді.
Еске қалдырудың нәтижелі болуы материал сипатына да тәуелді. Көрнекі-бейнелі нысан жалаң сөзден гөрі тәуір есте бекиді.
Табысты есте қалдырудың және бір тиімді жолы қажет материалды жүйелестіре білу, яғни топқа жіктеп, біріктіру, мысалы, түріне, көлеміне, формасына, оқиғалардың өту уақытына, т.с.с.
Есте сақтау ес үрдісінің бөлігі. Ұзақ мерзімді есте сақталатын материал жаңа ақпараттардың әсерінен қайта жасалып жатады. Есте сақталған материалдың кейбір бөліктері жойылады, бірінің орнына екіншісі келеді, материалдың орналасу кезегі өзгеріске түсіп, қажет бір жалпылыққа келтіріледі.
Тану және қайта жаңғырту. Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категорияға жатқызамыз. Қайта жаңғыртудың танудан өзгешілігі: ол танудан соң іске асады немесе тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін.
Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен.
Ұмыту үрдісі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері.
Естің бұзылысы. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Кейде адам жаңа ғана көрген, білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ атам заманындағы оқиғаларды есіне түсіре алады. Кейбір жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұзылуынан да көрінеді: адам белгілі бір уақыт аралығында тәп-тәуір жаттап, материалды қайта жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айрыла қалады. Мұндай жайлардан адам есі үзіліске түсіп, оның ой жүрісінің бұзылғанын байқаймыз.