Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PsikhShpoR_durys.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164.45 Кб
Скачать
  1. Психология ұғымы, зерттеу нысан

Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуі мүмкін емес.Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы, ол түйсік сезімінен ғана көрінеді де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр адам дүние сұлулығын сезінуі қиын; керең тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды; махаббат ләззатына бөлінбеген адамға ол жөніндегі әңгіме де түкке де тұрмайды.

Пән аты грек тілінен аударғанда жан туралы ғылым. Алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы жмен дамуы философияның өзекті мәселесін – материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелді болып келді.Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей қарама-қарсы философия бағыттары – идеализм мен материализм пайда болды.

  1. Материализм мен идеализмнің негізгі айырмашылығы

Алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы жмен дамуы философияның өзекті мәселесін – материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тәуелді болып келді.

Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей қарама-қарсы философия бағыттары – идеализм мен материализм пайда болды.

Жанды бастапқыда адамның әртүрлі мүшелерінде жасайтын ерекше бір жұқа зат не тіршілік иесі деп білген. Діннің пайда болуымен жан «о дүниемен» байланысты көрінбейтін әрі мәңгі жасайтын, тәннің өзгеше бір екінші баламасы – рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әртүрлі идеалистік бағыттар қанат жайды. Адам психикасы – рухани өмірдің көрінісі, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен діни догматтар адам жан дүниесін материалистік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылған ғылыми ой-пікірлерді көп ғасыр ысырып тастады. Өмірлік іс-әрекеттің қозғаушы күші – жан деген тұжырымға ешбір шүбә келмеген. Тек XVIII ғ. Рене Декарт психология білімінің жаңа дәуірін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтқан. Декарт ғылымға рефлекс пен сана түсініктерін енгізді. Ол жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс – материя және рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да бұл тағылым дуализм (екі тарапты) деп аталады. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметінің өнімі емес, мидан тыс, оған тәуелсіз, өз бетінше жасайтын құбылыс. Бұл бағыт ғылымда объективті идеализм деп аталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]