Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.52 Кб
Скачать

18. Резиденттер және бейрезиденттер дегеніміз не?

Латын тiлiнен аударғанда «residens» – «отырушы, бiр орында қалушы» деген мағына бiлдiредi. Экономикалық терминологияда резидент түсiнiгi белгiлi бiр елде тiркелген немесе сол елде 183 күннен көп уақыт өмiр сүретiн жеке немесе заңды тұлға. Яғни сiз Қазақстан резидентi болып табыласыз. Нерезидент – осы елдiң азаматы емес тұрғындар. Ал компанияларға қатысты айтар болсақ, өзге мемлекет заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқан кәсiпорындар. Мысалы, «БТА банк», «Альянс банк», «Халық банкi» Қазақстан резидентi болса, Алматыда өкiлдiктерi бар «Араб Банк пи эл си», «Америка экспресс Лтд, Банкгезельшафт Берлин АГ» резидент емес банктер. Резидент емес шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері. ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің  тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады. Резидент еместің тұрақты мекемесі болып: 1. тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, жеткізумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез-келген орын; 2. резидент еместің кез-келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы,агенттігі, фабрикасы, цехы, дүкен, қоймасы т.б.; 3. табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кеніш, мұнай және газ скважинасы, каръер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және скважиналары; 4. ойын автоматтарын, компьютерлік желілерімен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің ҚР-ғы тұрақты мекемесі деп танылады. Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алатын табыстары болып: 1. ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар; 2. Нақты қызмет көрсетілген жеріне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы ҚР-да қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен  байланысты резиденттерге және резидент еместерге  көрсетілген басқару, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік заңдық, агенттік, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар; Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-ғы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгіленген шегерімдерді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуы тиіс. Мемлекеттік бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу бойынша міндет пен жауапкершілік табыстарды төлеуші тұлғаға жүктеледі. Осындай тұлға салық агенті болып табылады. Резидент еместердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес, көздерден алынатын табыстарының төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс: 1. дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%; 2. тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары-10%; 3. тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары -5% 4. халықаралық тасымалдарға көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар-5% 5. ҚР-ғы көздерден алатын табыстар-20% Резидент емес заңды тұлғаның табысына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстың барлық түрлері жатады. ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтің табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар ҚР-да не одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегірімге жатады. Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметінен алынған таза табысна -15% ставка бойынша салық салынады.

  1. Төлем балансының қозғалысы шотына не кіреді?

Төлем балансы – мемлекеттің әлемдік нарықтағы экономикалық  іс-әрекеттерінің көрінісі, айнасы. Төлем балансына елдің барлық қарым-қатынасының экономикалық сандық мәні кіреді.

Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.

Төлем балансы қосарлы шот принципі бойынша жасалады, яғни барлық экономикалық мәмілелердің екіжақты жазбасы болып табылады. Бұл жағдайда кез келген мәміленің екі тарабы болады: егер сіз өзініңіздің шетелдік әріптесіңізден бірдеңе сатып алсаңыз, сіз оған төлеуге тиіссіз, ал ол өз кезегінде сізден алған ақшаны қалайда пайдалануға – не оны жұмсауға, не банктегі шотқа салуға тиіс.

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша төлем балансы құрамына мыналар кіреді:

1)          Ағымдық операциялар шоты – тауар мен қызметтер экспорты мен импорты, таза инвестициядан таза табыстар және таза трансферттік аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың)

2)          Капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының шоты – ұзақ мерзімдік инвестициялар (тікелей және қоржындық); қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы шотына активтермен жасалған халықаралық мәмілелер кіреді: акция, облигация, жылжымайтын мүліктен түскен табыс және шетелден сатып алынған активтерге шығындар.

3)          Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын қоры,  әлемдік баға мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты алтын валюта резервін қайта бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын қорына ауыстыру, ХВҚ-ның кейбір елдерге СДР беруі, шетел валютасының резервін пайдалану.

  

І. Ағымдық операциялық шоты

Кредит

1. Тауар экспорты

Дебет

2. Тауар импорты

Сауда балансының сальдосы

3. Қызметтер экспорты

(туристік қызметтерден табыс)

4. Қызметтер импорты

(туризмге шығындар)

5. Таза факторлық табыстар

6. Таза ағымдық трансферттер

Ағымдық операциялар сальдосы

ІІ Капитал қозғалысы мен қаржы операциялар шоты

7. Капиталдың келуі

8. Капиталдың шетке шығарылуы

Капитал қозғалысы мен қаржы операциялар сальдосы

Қорытынды сальдо

ІІІ Ресми резервтерді өзгерту

 

Төлем балансы шоттарының өзара байланысы, қозғалысы

 

Ағымдық шот пен қаржы шотының байланысын былай көрсетуге болады.

Макроэкономикалық тепе-теңдік

Y = C + I + G + Xn

Y –C – G = C – I – G – Xn – (C + G)

                                            Sn = Sn = I + Xn,    Sn – ұлттық қор жинағы

                                         (I – S) + Xn = 0 (ҰБ-тың араласуынсыз икемді валюта бағамы режиміндегі төлем  балансы),

мұнда: (I – S) – капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының сальдосы,  Xn – ағымдық операциялар сальдосын көрсетеді.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктен  қаржы шоты мен ағымдық шоттардың бір-біріне теңесіп отыратындығын көреміз.

X – M = Xn = – (I – S) = S – I

                                    сыртқы баланс    ішкі баланс

Төлем балансының ағымдық операциялар бойынша тапшылығы көбінесе капиталдың таза келуімен қаржыландырылады.

Xn < 0 => X – M<0 => X < M

                  I – S > 0 => I > S шетелден валюта келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]