Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.52 Кб
Скачать
  1. Аукциондық сауданың ерекшеліктері

Аукциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.

Аукциондық сауда кезінде сатушы тауардың бастапқы бағасы-белгілейді, бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғары денгейіне дейін көтеріледі.

Мысалы, Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион басқа елдердің сатушыларынан да комиссияға тауар қабылдайды. Бағалы аң терілерін сатып алушылар - ірі капиталистік және өтпелі социалистік елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалар.

Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жайлы жақын бағалармен сатуда қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.

Аукциондық сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi. ҚР азаматтық кодексінің 916-бабы бойынша аукцион:

1. Аукцион нысанындағы саудаластық кезiнде сатушы аукционның затын ол үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға мiндеттенедi.

2. Аукцион сатушы жариялаған бағаны арттыру немесе кемiту талаптарымен өткiзiлуi мүмкiн.

3. Бағаны төмендетумен өткiзiлетiн аукцион шарттарында заттың сатылуы мүмкiн болатын ең төмен баға көзделуi мүмкiн.

4. Азаматтық айналымнан шығарылмаған кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлiк, оның iшiнде интеллектуалдық меншiк объектiлерi, импорттық, экспорттық және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар мен мүлiктiк құқықтар аукционның нысанасы болуы мүмкiн.

5. Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион заты, оның өтетiн орны мен уақыты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.

6. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар, егер оны өткiзудiң шарттарында өзгеше белгiленбесе, аукцион басталғанға дейiн аукционға қатысуға өтiнiш беруге және кепiлдiк жарнаның белгiленген сомасын енгiзуге тиiс.

7. Егер аукционға кемiнде екi қатысушы (сатып алушы) қатысса, ол өте алады.

8. Егер аукционның затын оған қатысушылардың бiрде-бiрiнiң сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетiлуi немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкiн.

9. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгiленбесе, ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалады.

10. Егер сатып алушы осы баптың 9-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепiлдiк жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкiн.

11. Аукционға қатысқан, бiрақ онда ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнаның сомасы қайтарылады.

Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебiне есептеледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]