Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.52 Кб
Скачать

51 Халықаралық инвестициондық ынтымақтастықтағы тұк рөлі

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансүлттық корпорациялардың ролі күшейіп отыр.

Өнеркәсібі дамыған елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының мән-магынасын солардың трансүлттық корпора-цияларының шетелдердегі шаруашылық қызметтері көрсетеді.

Трансүлттық корпорациялардың шетелдегі жиынтық инвестииялары қазірдің өзінде сыртқы сауда айналымын басып олардың қарқыны уақыт өткен сайын жеделдеп келеді

Біріккен Үлттар Үйымы сарап-шыларының талдауы бойынша, трансүлттық корпорациялар дү-ниежүзілік экономикалық интеграция қозғалысына өзінің игі әсерін тигізеді.

Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген.

Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллардан асады. Бұл корпорацияларда 7 3 млн. адам жұмыс істейді. Мүның өзі дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әрбір

оныншысы деген сөз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша жылдық айналымы 100 млн. доллардан асатын және кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар корпорация деп аталады.

Сонымен, трансұлттық корпорациялар дегеніміз - шетелде активтері (қүнды заттары) бар үлттық монополиялар.

80-жылдардың орта тұсында капиталистік елдердің өнеркә-сіп өнімінің терттен үші 2 мыңдай куатты корпорациялардың күшімен өндірілген.

Дүние жүзіндегі қуатты 500 трансүлттық корпорациялардың 85-і шетелдік инвестициялардың 70% өз қарауында ұстайды. Осы орасан зор компаниялар электроника мен химия өндірісі өнімдерінің 80% , фармацевтиканың 95% , машина жасау өнімінің 76% өндіріп, өткізеді.

Батыс экономистерінің болжамы бойынша 2000 жылға дейін дүниежүзілік шаруашылықта 600-ге жуық трансүлттық корпора-циялардың үстемдігі орнайды. Сонымен бірге 300 корпорация дүниежүзілік жиынтық өнімнің 75 процентіне иелік етіп, өз өндірісі мен қызмет корсету түрлерін едэуір диверсификациялауды жүзеге асырады. Диверсификация- шаруашылық қызметін жаңа әрекет өрісіне тарату. Мысалы, Швециялық«Вольво» автомобиль концерні қазірдің өзінде тек қана автомобиль жасап отырған жоқ. Бүл трансұлттық корпорацияның Швецияның өзінде 30-дан ас-гам эр түрлі пішіндегі еншілес компаниялары жүмыс істейді. Ал шетелдерде бүл корпорацияның катерлер үшін мотор, авиақозға-ғыштар т. б. жасайтын ондаған филиалдары бар.

Өз кезегінде АҚШ-тағы 500 ең ірі трансүлттық корпора-циялардың эрқайсысының орта есеппен 11 салада өз кәсіпорын-дары бар, ал орасан зорларының 30-дан 50-ге дейінгі салаларда сыбағалас кэсіпорындары жүмыс істейді. Үлыбританияның 100 жетекші өнеркәсіп фирмаларыныц 96-сы көп салалы фирмалар. Мүндай фирмалардың саны Алманияда-78, Францияда-84, Ита-лияда-90. Трансұлттық корпорациялардың құрамына кіретін кә-сіпорындардың саны мен мэні алға қойған экономикалық мақсат-тарға сэйкес анықталады.

52.Технологиялармен халықаралық айырбастау денегіміз не және олардың түрлері?

1. Халықаралық саудада тәжірибе жүзінде ғылыми -техникалық білімдерді айырбастауға қатысты бірнеше терминдер қолданылады. Соның ішінде, «халықаралық технология айырбасы», «өнеркәсіптік технология айырбасы», «ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің халықаралық айырбасы», «технологияның берілуі» сияқтьы терминдер кең қолданыла бастады. Ғылыми -техникалық білімдер саудасы бойынша жасалынатын операциялар мазмұны-коммерциялық негізде шетелдік сатып алушыларға тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар, тәжірибелік құндылығы жоғары ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін беру. Тәжірибе жүзінде мұндай операциялар технологиямен халықаралық айырбас деп аталады.

Формасы жағынан бұл сыртқы сауда келісімін сақтай отырып, технологияның берілу негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар «ғылыми-техникалық байланыстар» терминінің де мәні зор. «Ғылыми-техникалық байланыстар» халықаралық сауда операциясын жүргізу жолмен жүзеге асырылатын өндірістік тәжірибе, техникалық өңдеулер, тәжірибелік-конструкторлық, ғылыми зерттеулер нәтижелерімен айырбас негізінде байланыста болатын валюта-қаржылық, құқықтық қарым-қатынастар жиынтығы. Әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде маңызды роль атқара отырып және осы жүйенің маңызды бөлігі ретінде, ғылыми-техникалық байланыстар әлемдік қол жеткізілген жетістіктердің жедел түрде ғылым мен техника саласында қолданылуына жағдай жасайды.

Берілетін технологияның түрлері:

1. Пайдалы, тиімді модельдер.

2. Өнеркәсіптік үлгілер.

Пайдалы, тиімді модельдер мәні жағынан «шағын ойлап табу» болып табылады және ол барлық елде бірдей қорғала бермейді. Өнеркәсіптік үлгілер өнеркәсіп бұйымының эстетикалық қораптауын сипаттайды. Ғылыми-техникалық, өндірістік, басқару, коммерциялық, қаржылық сипаттағы білім мен тәжірибе немесе халықаралық сауда келісім шарттарында сатып алу объектісі болып табылатын, әрі ғылыми зерттеу процесінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру, өткізу және пайдалануда қолданылатын тәжірибенің барлығы «Ноу-хау» түсінігін қамтиды. Мазмұны жағынан «ноу-хау» конструкторлық, технологиялық, өндірістік, басқарушылық, коммерциялық, қаржылық та болуы мүмкін.

«Ноу-хау» құжаттар формасында (сызба, нұсқалар) немесе белгілі бір салада өндірістік тәжерибесі мол мамандардың жіберілу жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен мамандар өздері ойлап тапқан немесе қызметіне байланысты өзі білетін өндіріс процесіндегі технологиямен ғылыми-техникалық жетістіктер туралы қандай да бір мәліметтерді рұқсатсыз жарияламауға міндеттенеді.

3. Қазіргі жағдайдағы технологиямен халықаралық айырбасқа тән белгілер:

- Ғылыми-техникалық біліммен халықаралық айырбас дамуының объективтік сипаты.

-Технологиялық білімдердің монополизациялануы.

-Технологияның берілуі саласындағы фирмалардың мақсаты бағытталған саясаттың жүргізілуі.

- Сыртқы экономикалық дамудың бір құралы есебінде фирманың, технологияның корпорация ішінде айырбасын қолдануы.

- Орта және ұсақ фирманың технология халықаралық айырбасқа белсенді түрде араласуы.

- Әлемдік тауар нарығы ТҰК (транс ұлттық корпорация) арасындағы бәсекелестік күрестің күшеюіне әкеп соқтыратын, технология халықаралық айырбас ортасындағы қарама-қарсылықтың күшеюі.

- ТҰК-тің дамушы елдердің экономикалық тәуекелділіктің жаңа формасын құруға деген ынталар.

- Дамушы елдердің технологиясының берілуінде белгілі бір тәртіпті орнату үшін күресуі.

4. Технологияның берілуі саласындағы іс-әрекеттің халықаралық кодексін әзірлеу қажеттілігі туралы шешім 1947 ж.БҰҰ бас Ассамблеясында қабылданды. Кодекс жобасы 10 бөлімнен тұратын мынадай 10 преамбуладан тұрады:

- Қолдану ортасын анықтау;

- Мақсаттар;

- Қағидалар;

-Технологияның берілуі бойынша келісімді ұлттық реттеу;

-Шектеулі іскерлік тәжірибе;

- Жақтардың жауапкершілігі мен міндеті;

- Дамыған елдер үшін арнайы реттеулер;

- Халықаралық әріптестік;

- Келіспеушілікті шешу мен қолданылатын ережелер;

- Басқа да шарттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]