Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.52 Кб
Скачать
  1. Сыртқысаудалық келісімшарттың талаптары және жасалу тәсілдері

Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автокөлікті сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;

ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;

б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шар

Контракт іс-әрекетінің механизмі оның құрылымына, екі жақтың өзара

міндеттерінің көлеміне, төлем шарттарына, жеткізудің базалық шарттарына,

контракт позицияларын бұзғандығы үшін санкцияларға негізделеді. Сондықтан сыртқы сауда мәмілелерінің құрылымдық элементтерінің жиынтығын, олардың контрактыда келісілген заңдылық нормаларға сәйкес өзара әрекеттерін сыртқы сауда контрактысының механизмі деп атаймыз.

Контрактының мынадай түрлері қарастырылады:

- белгілі мерзімде, яғни қатал түрде белгіленген мерзімде тауарды жеткізу

көзделеді. Ондай мерзімді бұзған жағдайда сатып алушы контрактыны жоюға құқылы;

- ұзақ мерзімді контрактыны 3-5 және одан көп жылға жасайды;

- арнайы контрактыны жобалар жасауға, монтаж жұмыстарына, техникалық

қызмет көрсетуге, өндірістік процесті іске қосып тексеруге және т.б. жұмыстарға жасайды;

- шектеулі контрактілер негізгі шарттарды ғана қамтиды, оларды ары қарай

жүзеге асыру кезеңдерінде контрагенттер кеңесші фирмалармен, жарнама

агенттіктермен, делдалдармен, транспорттық қызмет бойынша көптеген қосымша шарттар жасайды. Контрагенттер сол сияқты сыртқы экономикалық қызметті реттейтін кедендік және басқа да ұйымдармен қажетті операциялар жасайды.

Сауда саттық сатып алу-сату контрактілері міндетті түрде жазбаша түрде

орындалуы тиіс, бірақ халықаралық тәжірибеде телефон арқылы, аукциондарда, биржаларда өткізген келіссөздер арқылы ауызша түрінде де мәмілелерге келеді. Кейін ауызша келісулер соңынан екі жақта қол қойған жазбаша түрде бекітіледі.

Контрактының кіріспе бөлімінде нөмірі, жасалған жері, айы мен күні, мәміле

жасаушы жақтардың анықтамасы көрсетіледі. Олардың заңды түрдегі аттарын, құқықтық жағдайын, орналасқан елін, қаласын өз елінің сауда тіркеуіндегі ресми құжат бойынша көрсетеді. Бұл деген екі жақтың бір-біріне қатынасын, яғни сатушы және сатып алушы, жеткізуші және тапсырушыны білдіреді.

Контрактының зерзатында (предмет) тауардың аты, саны, түрлері

сипатталды. Келісімді дұрыс түсіну, оны табысты жүзеге асыру көп жағдайда

контракт зерзатының аталуына байланысты. Тауардың аты, оның мөлшері екі

жаққа да жақсы таныс атаулар, өлшемдер жүйесімен берілуі керек. Олардың

ішінде метрлік өлшем жүйесі заңды түрде болады. Әр түрлі тауарлар жеткізілетін жағдайда олардың сорттары, үлгілері, маркілері көрсетіледі. Тауар түрлері көп болған жағдайда олардың толық тізім контрактіге қосымша ретінде беріледі.

Екі жақ келісіп, контрактіде белгіленген, базистік шарттарда көрсетілген

жерге тауарды жеткізуге тиісті уақытты жеткізу мерзімі деп түсіну қажет. Жеткізу шарттарында мынадай тәртіптер белгіленеді:

- жеткізу мерзімін шектейтін уақытты белгілейді ;

- жеткізуді қай мерзім ішінде жүзеге асыратын уақытты анықтайды (ай, тоқсан, жыл);

- тауарларды көп мөлшерде жеткізетін жағдайда ай сайын. Тоқсан сайын біркелкі бөлек-бөлегімен жеткізетінін көрсетеді;

- тез арада жеткізу, бұл 14 күнге дейінгі уақытта жеткізу деп түсіну керек.

Жеткізудің базистік шарттары бойынша контрактыда белгіленген бағамен

көрсетілген географиялық нүктеге жүк жеткізудегі сатушының міндеттері

анықталады. Тауарды транспорт құралдарына тиеу немесе оны транспорттық

ұйымға өткізу міндетін осылай орындайды. Тауар жеткізудің базалық шарттары сатушы мен сатып алушының мынадай міндеттерін анықтайды:

- сатушының және сатып алушының елдері, транзиттік елдер территориясында теңіз және әуе жолдарында тауар тасымалдауды кімдердің есебінен қанағаттандыратыны;

- тауарды буып түюдегі сатушылардың міндеттері;

- тауар кездейсоқта бүліну немесе жоғалту тәуекелділіктері сатушыдан сатып

алушыға ауысатын орны және уақыты, тағы басқаларды анықтайтын болады.

Жалпы контрактыны әріптестердің біреуі орындамаған жағдайда басқа жағы тауар алудан бас тартуға болатын, мәмілені бұзуға апаратын, келтірілген зиянды төлеуді талап ететін контрактының баптарын елеулі шарттар деп есептейді. Әдетте, оларға тауардың сапасын, зерзатын, бағасын, контрактыны орындау мерзімін анықтауды жатқызады. Елеусіз шарттарда тауар алудан бас тартуға, мәмілені бұзуға, екінші жақтың құқығы болмайды, тек қана алған міндетті орындауды, зиянды төлеуді талап етуге болады. Контракт бойынша жеткізілетін тауардың санын анықтағанда өлшем бірліктерін, сандарды айқындау тәртібін белгілейді, өлшемдер мен салмақ жүйесіндегі айырмашылықтарды есепке алады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]