- •1.Сыртқыэкономикалық қызмет (сэқ) түсінігі және сэб-дан айырмашылығы
- •2) Сэқ нысандары мен түрлерін атап шығыңыз
- •3. Сыртқы сауда нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •6 Қр сыртқыэкономикалық саясатының құралдарын атаңыз және анықтама беріңіз
- •7. Валюталық бағамды басқару дегеніміз не, ол қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •Сыртқы қарыздарды басқару құралдары, олардың түрлері
- •Халықаралық инвестициондық ынтымақтастық нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •10. Халықаралық өндірістік кооперациялардың нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •11. Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық нысандарын атаңыз
- •12. Елдің сэқ және сэб қандай көрсеткіштер сипаттайды?
- •Сэб көлемі көрсеткіштері:
- •2. Елдің (кәсіпорынның) әлемдік шаруашылық жүйесіндегі интерграциялану көрсеткіші:
- •Сэб динамикасы көрсеткіштері:
- •4.Сэб құрылымы көрсеткіші:
- •5. Сэқ нәтижелілігінің көрсеткіші:
- •Елдің сэқ-на қандай факторлар ықпал етеді?
- •14. Халықаралық ыңғайласпа мәміле түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз.
- •15.Валюта бағамдарының түсінігі және түрлері. Валюталық бағамдарды басқару құралдары
- •18. Резиденттер және бейрезиденттер дегеніміз не?
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •20. Төлем балансының ағымдағы операциялар шотына не кіреді?
- •21 Елдің төлем балансының қағидалары және құрылымы
- •22. Кәсіпорынның активтері мен пассивтері дегеніміз не?
- •23.Халықаралық сауда келісімдерін дайындау кезеңдерін атаңыз
- •Ыңғайласпа мәмілелер (встречные сделки) және баспа-бас айырбас мәмілелер (бартерные сделки) дегеніміз не?
- •25. Ыңғайласпа сауда (встречная торговля) және сауда өтемақысы (торговая компенсация) дегеніміз не?
- •26. Ыңғайласпа сауда және өнеркәсіптік өтемақысы дегеніміз не?
- •27. Валютасыз төлем негізінде тауар айырбастау мен өтемақылы мәмілелер
- •Коммерциялық негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері
- •29.Өндірістік ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері.
- •Технологиялармен халықаралық айырбастау нысандары және технологияларды қорғаудың құқықтық нысандары
- •31. Сыртқысаудалық келісімшарттың мазмұны мен құрылымы
- •32. Сыртқы саудалық келісімшартты жасау ережесі, қағидалары мен ерекшеліктері
- •35. Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері мен қызметтері.
- •36 Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның Кедендік одаққа кіруінің ықпалы
- •37. Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның дсұ-на кіруінің ықпалы
- •38. Сатып алу-сату қызметтері бойынша сыртқысаудалық мәмілелердің түрлерін атаңыз
- •Өндірістік-техникалық қызметтер дегеніміз не және олардың түрлері?
- •40. Жалгерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері
- •41. Лизинг түсінігі және түрлері
- •Лизингтің негізгі түрлері
- •42. Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.
- •Сыртқысаудалық келісімшарттың талаптары және жасалу тәсілдері
- •Сыртқы саудалық келісімшарттың құрылымы
- •Инкотермс дегеніміз не және олардың сэқ-дегі рөлі?
- •46. Инкотермс ерекшеліктері мен түрлерін атаңыз
- •48. Ыңғайласпа саудадағы жаһандық келісімдер және олардың түрлері
- •49. Коммерциялық негізінде өтемақылы келісімдер дегеніміз не және олардың түрлері
- •50. Өндірістік (өнеркәсіптік) ынтымақтастық туралы келісім негізінде өтемақылы мәмілелер және олардың түрлері
- •51 Халықаралық инвестициондық ынтымақтастықтағы тұк рөлі
- •52.Технологиялармен халықаралық айырбастау денегіміз не және олардың түрлері?
- •53. Инженерлік-техникалық қызметтердің түрлері және инжиниринг түсінігі
- •Халықаралық есеп айырысу нысандары дегеніміз не және олардың түрлері?
- •55. Алдын ала төлем, Ашық шот, Аккредитив және Инкассо айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атаңыз
- •56. Сыртқысаудалық мәмілелер кезінде коммерциялық және үкіметтік құжаттамаға не кіреді?
- •57. Сыртқысауда мәмілелер кезінде қаржылық және жөнелтім құжаттамасына не кіреді?
- •58. Технологияны табыстаудың негізгі нысандары
- •59. Биржалық сауданың ерекшеліктері
- •Аукциондық сауданың ерекшеліктері
41. Лизинг түсінігі және түрлері
Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Компанияның негізгі қорын қаржыландыруға қатысты қаржылық қызмет түрі.
Лизинг алушы үшін лизингті қолданудың артықшылығы жабдықты лизингке алудағы салыстырмалы қарапайымдылық болып табылады. Сондай-ақ лизинг лизингалушыға қаржылық лизинг келісім-шартының мерзімінің аяқталуына қарай жабдықты өз меншігіне айналдыруға мүмкіндік береді.
Лизингтің негізгі түрлері
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер. 1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. 2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар: 1.Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады. 2.Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Қайтару лизинг-лизингтің бір түрі ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады.
Банк лизинггі-бұл да лизингтің бір түрі мұнда лизинг беруші банк болып табылады.
Толық лизингте -лизинг нысанасына толық қызмет көрсетуді ж/е оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады
Таза лизинг-. лизинг нысанасына толық қызмет көрсетуді ж/е оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады
Қаржылық лизинг
Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары: - лизинг беруші(жалға беруші); - лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.
42. Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.
Халықаралық сауда операциясын тиімді іске асырудың маңызды шарттарының бірі жақсы серіктес (контрагент) таңдау. Халықаралық саудада контрагенттер деп – тауар, қызмет, интелектуалды қызметтің нәтижелерін сату-сатып алу жөнінде келісімге отырған жақтарды айтамыз.
Сипаты және мақсаты бойынша әлемдік нарықта контрагенттерді 4 категорияға бөлуге болады:
1. Фирмалар.
«Фирма» термині – әлемдік тәжірибеде коммерциялық мақсаты бар контрагентті айтады. Фирма түсінігің астарында пайда табу мақсатында өндіріс, сауда, құрылыс, транспорт, ауылшаруашылықпен айналысатын кәсіпорын деген жатыр. Нарықтық экономикалы елдерде фирмалалрдың нақта классификациялары қалыптасқан.
Құқықтық орналасуы бойынша - фирмалар акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі қоғамдарға, серіктестіктердің түрлеріне, жеке кәсіпкерлерге және коммерсанттарға бөлінеді.
Иемдену сипаты бойынша - жеке, мемлекеттік және кооперативтік болып бөлінеді.
Капитал бөлінуі мен бақылауы бойынша – ұлттық, шетел және аралас болып бөлінеді.
Операциялар көлемі бойынша, фирмалар, - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Бұл ондағы қызметкерлер саны мен айналым көлеміне байоанысты.
2. Картелдер, тресттер, концерндер және холдингтер. Әлемдік нарықта әр түрлі қызмет етуші ірі ТҰК-тар бар. Олар басқа елдерде заңды түрде тәуелсіз, бірақ бас компаниямен қатаң бақыланатын еншілес компаниялар ашыу мүмкін. Олар басқа елдер нарығында контрагент қызметін атқаруы мүмкін.
3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар. Олар әдетте коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Мұндай мақсатпен тек үкіметтің рұқсаты бар арнайы министрліктер айналысуы мүмкін.
4. Кәсіпкерлер одағы немесе бірігулері. Бұлардың фирмалардың айырмашылығы – табыс табу емес, бизнесмендер тобы мемлекеттік органдарда қолдап, олардың экспорт көлемін арттыруға ықпалдасу. Олардың қызмет түріне қарай, саудалық, өндірістік, туристік, т.б. болып бөлінуі мүмкін.
