Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.52 Кб
Скачать
  1. Өндірістік-техникалық қызметтер дегеніміз не және олардың түрлері?

Өндірістік-техникалық қызметтер қазіргі әлемдік нарықта жұмысын атқарып жатқан фирмалардың сыртқы экономикалық әрекетінің маңызды нысаны. Ол өндірістік саладағы қызметтік кәсіпорынның күшімен ж/е құралдарымен атқарылатын тиімді жұмыс. Ал өндірістік-техникалық қызметтер нарығы дегеніміз – бұл белгілі бір аймақта қызметті сату ж/е сатып алумен б/ты заңды ж/е экономикалық өндірушілер мен тұтынушылардың әрекеттесуі. Оларға кредиттік, ақпараттық, жарнамалық ж/е маркетингтік ифраструктура салалары кіреді. Сонымен өндірістік-техникалық қызметтерге транспорттық ж/е энергетикалық қызметтер, мамандарды дайындайтын ақылы қызмет, ғылыми мекемелердің қызметі, кеңесші фирмалар, нарықтық қызмет ж/е ғылыми-техникалық ақпараттар жатады.

Өндірістік-техникалық қызметтер классификациясы:

  • Өнімнің массасына ж/е тұтыну деңгеіне әсер етуші қызметтер. Мәселен, астық жинауда астық массасы жиналған территория көлеміне сәйкес болады.

  • Массасына әсер етпейтін, бірақ өнімнің құнына ж/е тұтынушылық құнына әсер етеді. Оған өнімді сатуға дейіңгі өндеулер жатады.

  • Массасына ж/е тұтыну деңгейіне әсер етпейтін, бірақ бағасына әсер ететін өндірістік қызмет. Оған агрохимиялық, транспорттық жұмыстарды, техниканы жөндеу ж/е жөндеу б/ша кызметтер жатады.

Өндірістік техникалық қызмет саласына шаруашылықтың салалық ерекшеліктері маңызды әсер етеді. Олардың ішіне өндірістің аймақтық бытырауы салдарынан транспорттық шығындардың ұлғаюы жатқызсақ болады. Жолдардың сапасының төмендігінен қызметтің орындалуы мүмкін емес н/е экономикалық жағынан орынды болмауы мүмкін.

Өндірістік-техникалық қызметтердің бір бөлігі шарушылық саласының өз ішінде орындалады. Кейбір қызметтер шаруашылықтың тек өз ішінде, кейбіреуі тек сыртында, ал кейбіреулері сыртын да, ішінде де атқарылады. Шаруашылықтың ішінде атқарылатын қызметтерге тек базалық технологиялық операциялар кіреді. Шаруашылықтың сыртында атқарылатын қызметке тар шеңберде мамандандырылған қымбат өндірістік құралдар ж/е жоғары біліктілікті мамандарды қажет ететін жұмыстар жатады.

40. Жалгерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігінесатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері; жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүліктің қайтарудың тәртібі және тағы басқа қарастырылады.

Жалгерлік шарт, жалға беруші мен жалгер арасында еріктілік және толық тең құқықтылық негізде жасалады. Онда жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жалгерлік төлемақының мөлшері‚ жалдау мерзімі‚ тараптардың жалға алынған мүлікті толық қалпына келтіру мен жөндеу жөніндегі міндеттемелері; мерзімі біткеннен кейін мүлікті қайтару тәртібі қарастырылады. Іс жүзінде бірнеше түрі қолданылады: қысқа мерзімді жалгерлік – рентинг; орта мерзімді жалгерлік – хайринг; ұзақ мерзімді жалгерлік –лизинг.

Жалға беруші — жалдау үшін төленетін сыйақыны ала отырып, жалға алушыға бір мүлікті уақытша пайдалануға беретін мүліктік жалға алу, шарт.

Жалгерлік-бұл кәсіпорындар мен өзге муліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердіңшаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді,қайтарымды түрде пайдалану. Жалдау нәтижесіндежалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізднлген қатынастар пайда болады. Жалға беруші-жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар,сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алды. Жалгер-бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңдыжәне жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін. Жалдау шарты- бұл тараптардың еркінділігі толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалға беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды. Мүлікті жалдау шартының нысаны 1. Бір жылдан астам мерзімге жасалған,ал егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай-ақ,мүлік жалдау шарты жахбаша түрде жасалуға тиіс. 2. Қозғалмайтын мүлікті мүліктік жалдау шарты, егер заңда өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік тіркеуге жатады. 3. Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкін. 4. Мүлікке меншік құқығының кейіннен жалға алушыға ауысуын көздейтінмүлік жалдау шарты сондай мүлікті сатып алу-сату шарты үшін көзделген нысанда жасалады. Жалгерлік мерзімі- жалгер мүлікке жалгерлік шарт жасайтын нақтылы мерзім уақыты,сондай-ақ жалгерлік мерзімінің басындаескерілген, жал иесі құқықты, жалгерлік мерзімін одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез-келген одан кейінгі мерзім. Егер мүлік жалдау шарты мерзімі көрсетілмей жасалса, ол белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. Қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбір тарап екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, мұндай шарттан кез келгенуақытта және өзге мүлікті жалдаған жағдайда, бір ай ішінде бас тартуға құқылы. Заң актілерінде мүлік жалдаудың жекелеген түрлері үшін, сондай-ақ мүліктің жекелеген түрлерін жалдау үшін шарттың барынша ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдуу мерзімі белгіленбесе және заң актілерінде белгіленген шекті мерзім біткенге дейін тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шекті мерзімнің бітуіне қарай тоқтатылады. Бұл жағдайда заң актілерінде белгіленген шекті мерзімнен асатын мүлік жалдау шарты барынша ұзақ мерзімге тең етіп жасалған деп есептеледі.

Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте көрсетілетін операцияға да әсер етеді. Жалгерлік есеп №17-ші « Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және №17 Қаржылық есептің халықаралық стандартымен реттеледі. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады. Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берілуі мүмкін. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын, пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлік жалдау объектісі болуы мүмкін. Заң актілерінде мүлікті жалдауға тапсыруға жол берілмейтін немесе шектеу жасалатын мүлік түрлері белгіленуі мүмкін. Заң актілерінде тұрғын үй жайларды, жер учаскелерін және басқа да оқшауланған табиғи объектілерді, соның ішінде коцессиялық келісімдер негізінде, сондай ақ өзге де жағдайларда мүлікті жалдауға беру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Мүлікті жалдау шартында жалға алушыға мүлікті жалдау объектісі ретінде берілуге тиесілі мүлікті анықтауға мүмкіндік беретін деректер көрсетілуге тиіс, шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлікті жалдауға берілуге тиесілі объект туралы талап тараптарымен келісілмеген деп, ал тиісті шарт жасалмаған деп есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]