- •1.Сыртқыэкономикалық қызмет (сэқ) түсінігі және сэб-дан айырмашылығы
- •2) Сэқ нысандары мен түрлерін атап шығыңыз
- •3. Сыртқы сауда нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •6 Қр сыртқыэкономикалық саясатының құралдарын атаңыз және анықтама беріңіз
- •7. Валюталық бағамды басқару дегеніміз не, ол қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •Сыртқы қарыздарды басқару құралдары, олардың түрлері
- •Халықаралық инвестициондық ынтымақтастық нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •10. Халықаралық өндірістік кооперациялардың нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •11. Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық нысандарын атаңыз
- •12. Елдің сэқ және сэб қандай көрсеткіштер сипаттайды?
- •Сэб көлемі көрсеткіштері:
- •2. Елдің (кәсіпорынның) әлемдік шаруашылық жүйесіндегі интерграциялану көрсеткіші:
- •Сэб динамикасы көрсеткіштері:
- •4.Сэб құрылымы көрсеткіші:
- •5. Сэқ нәтижелілігінің көрсеткіші:
- •Елдің сэқ-на қандай факторлар ықпал етеді?
- •14. Халықаралық ыңғайласпа мәміле түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз.
- •15.Валюта бағамдарының түсінігі және түрлері. Валюталық бағамдарды басқару құралдары
- •18. Резиденттер және бейрезиденттер дегеніміз не?
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •20. Төлем балансының ағымдағы операциялар шотына не кіреді?
- •21 Елдің төлем балансының қағидалары және құрылымы
- •22. Кәсіпорынның активтері мен пассивтері дегеніміз не?
- •23.Халықаралық сауда келісімдерін дайындау кезеңдерін атаңыз
- •Ыңғайласпа мәмілелер (встречные сделки) және баспа-бас айырбас мәмілелер (бартерные сделки) дегеніміз не?
- •25. Ыңғайласпа сауда (встречная торговля) және сауда өтемақысы (торговая компенсация) дегеніміз не?
- •26. Ыңғайласпа сауда және өнеркәсіптік өтемақысы дегеніміз не?
- •27. Валютасыз төлем негізінде тауар айырбастау мен өтемақылы мәмілелер
- •Коммерциялық негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері
- •29.Өндірістік ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері.
- •Технологиялармен халықаралық айырбастау нысандары және технологияларды қорғаудың құқықтық нысандары
- •31. Сыртқысаудалық келісімшарттың мазмұны мен құрылымы
- •32. Сыртқы саудалық келісімшартты жасау ережесі, қағидалары мен ерекшеліктері
- •35. Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері мен қызметтері.
- •36 Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның Кедендік одаққа кіруінің ықпалы
- •37. Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның дсұ-на кіруінің ықпалы
- •38. Сатып алу-сату қызметтері бойынша сыртқысаудалық мәмілелердің түрлерін атаңыз
- •Өндірістік-техникалық қызметтер дегеніміз не және олардың түрлері?
- •40. Жалгерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері
- •41. Лизинг түсінігі және түрлері
- •Лизингтің негізгі түрлері
- •42. Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.
- •Сыртқысаудалық келісімшарттың талаптары және жасалу тәсілдері
- •Сыртқы саудалық келісімшарттың құрылымы
- •Инкотермс дегеніміз не және олардың сэқ-дегі рөлі?
- •46. Инкотермс ерекшеліктері мен түрлерін атаңыз
- •48. Ыңғайласпа саудадағы жаһандық келісімдер және олардың түрлері
- •49. Коммерциялық негізінде өтемақылы келісімдер дегеніміз не және олардың түрлері
- •50. Өндірістік (өнеркәсіптік) ынтымақтастық туралы келісім негізінде өтемақылы мәмілелер және олардың түрлері
- •51 Халықаралық инвестициондық ынтымақтастықтағы тұк рөлі
- •52.Технологиялармен халықаралық айырбастау денегіміз не және олардың түрлері?
- •53. Инженерлік-техникалық қызметтердің түрлері және инжиниринг түсінігі
- •Халықаралық есеп айырысу нысандары дегеніміз не және олардың түрлері?
- •55. Алдын ала төлем, Ашық шот, Аккредитив және Инкассо айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атаңыз
- •56. Сыртқысаудалық мәмілелер кезінде коммерциялық және үкіметтік құжаттамаға не кіреді?
- •57. Сыртқысауда мәмілелер кезінде қаржылық және жөнелтім құжаттамасына не кіреді?
- •58. Технологияны табыстаудың негізгі нысандары
- •59. Биржалық сауданың ерекшеліктері
- •Аукциондық сауданың ерекшеліктері
32. Сыртқы саудалық келісімшартты жасау ережесі, қағидалары мен ерекшеліктері
Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.
3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автокөлікті сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;
ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;
б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер:
а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шар
Контракт іс-әрекетінің механизмі оның құрылымына, екі жақтың өзара
міндеттерінің көлеміне, төлем шарттарына, жеткізудің базалық шарттарына,
контракт позицияларын бұзғандығы үшін санкцияларға негізделеді. Сондықтан сыртқы сауда мәмілелерінің құрылымдық элементтерінің жиынтығын, олардың контрактыда келісілген заңдылық нормаларға сәйкес өзара әрекеттерін сыртқы сауда контрактысының механизмі деп атаймыз.
Контрактының мынадай түрлері қарастырылады:
- белгілі мерзімде, яғни қатал түрде белгіленген мерзімде тауарды жеткізу
көзделеді. Ондай мерзімді бұзған жағдайда сатып алушы контрактыны жоюға құқылы;
- ұзақ мерзімді контрактыны 3-5 және одан көп жылға жасайды;
- арнайы контрактыны жобалар жасауға, монтаж жұмыстарына, техникалық
қызмет көрсетуге, өндірістік процесті іске қосып тексеруге және т.б. жұмыстарға жасайды;
- шектеулі контрактілер негізгі шарттарды ғана қамтиды, оларды ары қарай
жүзеге асыру кезеңдерінде контрагенттер кеңесші фирмалармен, жарнама
агенттіктермен, делдалдармен, транспорттық қызмет бойынша көптеген қосымша шарттар жасайды. Контрагенттер сол сияқты сыртқы экономикалық қызметті реттейтін кедендік және басқа да ұйымдармен қажетті операциялар жасайды.
Сауда саттық сатып алу-сату контрактілері міндетті түрде жазбаша түрде
орындалуы тиіс, бірақ халықаралық тәжірибеде телефон арқылы, аукциондарда, биржаларда өткізген келіссөздер арқылы ауызша түрінде де мәмілелерге келеді. Кейін ауызша келісулер соңынан екі жақта қол қойған жазбаша түрде бекітіледі.
Контрактының кіріспе бөлімінде нөмірі, жасалған жері, айы мен күні, мәміле
жасаушы жақтардың анықтамасы көрсетіледі. Олардың заңды түрдегі аттарын, құқықтық жағдайын, орналасқан елін, қаласын өз елінің сауда тіркеуіндегі ресми құжат бойынша көрсетеді. Бұл деген екі жақтың бір-біріне қатынасын, яғни сатушы және сатып алушы, жеткізуші және тапсырушыны білдіреді.
Контрактының зерзатында (предмет) тауардың аты, саны, түрлері
сипатталды. Келісімді дұрыс түсіну, оны табысты жүзеге асыру көп жағдайдаконтракт зерзатының аталуына байланысты. Тауардың аты, оның мөлшері екі
жаққа да жақсы таныс атаулар, өлшемдер жүйесімен берілуі керек. Олардың
ішінде метрлік өлшем жүйесі заңды түрде болады. Әр түрлі тауарлар жеткізілетін жағдайда олардың сорттары, үлгілері, маркілері көрсетіледі. Тауар түрлері көп болған жағдайда олардың толық тізім контрактіге қосымша ретінде беріледі.
Екі жақ келісіп, контрактіде белгіленген, базистік шарттарда көрсетілген
жерге тауарды жеткізуге тиісті уақытты жеткізу мерзімі деп түсіну қажет. Жеткізу шарттарында мынадай тәртіптер белгіленеді:
- жеткізу мерзімін шектейтін уақытты белгілейді ;
- жеткізуді қай мерзім ішінде жүзеге асыратын уақытты анықтайды (ай, тоқсан, жыл);
- тауарларды көп мөлшерде жеткізетін жағдайда ай сайын. Тоқсан сайын біркелкі бөлек-бөлегімен жеткізетінін көрсетеді;
- тез арада жеткізу, бұл 14 күнге дейінгі уақытта жеткізу деп түсіну керек.
Жеткізудің базистік шарттары бойынша контрактыда белгіленген бағамен
көрсетілген географиялық нүктеге жүк жеткізудегі сатушының міндеттері
анықталады. Тауарды транспорт құралдарына тиеу немесе оны транспорттық
ұйымға өткізу міндетін осылай орындайды. Тауар жеткізудің базалық шарттары сатушы мен сатып алушының мынадай міндеттерін анықтайды:
- сатушының және сатып алушының елдері, транзиттік елдер территориясында теңіз және әуе жолдарында тауар тасымалдауды кімдердің есебінен қанағаттандыратыны;
- тауарды буып түюдегі сатушылардың міндеттері;
- тауар кездейсоқта бүліну немесе жоғалту тәуекелділіктері сатушыдан сатып
алушыға ауысатын орны және уақыты, тағы басқаларды анықтайтын болады.
Жалпы контрактыны әріптестердің біреуі орындамаған жағдайда басқа жағы тауар алудан бас тартуға болатын, мәмілені бұзуға апаратын, келтірілген зиянды төлеуді талап ететін контрактының баптарын елеулі шарттар деп есептейді. Әдетте, оларға тауардың сапасын, зерзатын, бағасын, контрактыны орындау мерзімін анықтауды жатқызады. Елеусіз шарттарда тауар алудан бас тартуға, мәмілені бұзуға, екінші жақтың құқығы болмайды, тек қана алған міндетті орындауды, зиянды төлеуді талап етуге болады. Контракт бойынша жеткізілетін тауардың санын анықтағанда өлшем бірліктерін, сандарды айқындау тәртібін белгілейді, өлшемдер мен салмақ жүйесіндегі айырмашылықтарды есепке алады
33.СЭҚ-де сауда-делдалдық операциялардың түсінігі және түрлері
Сауданы сыртқы нарыққа шығаруға өндірушілердің қауқары жетпейді және олар сауда делдалдарына жүгінеді.Сыртқы сауда делдалдары тауар мен қызметтерді өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім, байланыс орнатуға және сыртқы сауда мәмілелерін жасауға көмек көрсетеді.Делдал тауар иесі болып табылмайды және заң бойынша тауарға ешқандай жауапкершілік алмайды. Делдалдар сатылған тауар көлемінен % түрінде сыйақы алады.
Сауда делдалдарының қызметтері
1. Делдардардың өздері айналысатын сауда-саттық, өнім шығару және қайта өңдеу бойынша операция құру;
2. Масштабты жобаны шешуде халықаралық консорциумдарды қалыптастыру;
3. Операциялар кешенін орындайтын, сақтандарумен және саудадан кейінгі қызметпен өз есебінен тауарлардың сауда саттығымен қатысты ірі монополиялы сауда делдарының құрылуы
Сыртқы сауда делдалдарының оң әсерлері
Делдал фирмалар кәсіпорынның тауармен жаңа нарыққа шығуында, жаңа тауар ұсынысында қолданылады.
Өндіруші өзінің шығынын төмендетуге мүмкіндік алады, яғни басқа сататын желіні қолданады;
Тауарды өткізу әдісін алады, өткізуді тездетеді;
Кәсіпорын шығынын азайтатын өздеріне нарықты зерттеуді алады.
Сыртқы сауда делдалдарының кері әсерлері
Импорттық тауарлардың қымбаттауына және экспорттан түсетін тауарлардың қымбаттауына алып келеді, яғни түсімнің бір бөлігі делдалда қалады;
Экспортер нарықпен тікелей әрекеттесе алмайды, ол өз бетінше соңғы тұтынушының қажеттілігін және жағдайын оқи алмайды;
Тұтынушы өндірушінің шынайы бетін білмейді.
Сыртқы сауда делдалдарының түрлері. Тәсілдері бойынша делдалдар факторлары келесідей бөлінеді;
Сататын (сбытовые посредники)
комиссионер
агент
брокер
Сататын делдалдар өнімді жабдықтаушымен сатып алу-сату келісімін жасайды және сосын оны өз атымен жалғастырады. Тапсырушы алдындағы міндеті олардың келісім шартына байланысты сатып алушы ұстанымына қатысты болмайды. Сататын делдалдар экспортер тауарын өткізетін тұрақты топ б.т. және оның қызығушылығын бақылауға міндет алады, оның құзырына тапсырылған істерді жүргізеді.
Халықаралық тәжірибеде сататын делдалдардың үлкен әртүрлілігі пайда болды:
Экспорттық және импорттық фирма
Дистрибьютор
Дилер
Стокист
Экспорттық фирмалар өз есебінен ішкі нарықта тауарды сатып алады және оларды шетелге сатады.Атқаратын қызметі және тауар ассортименті б/ша олар келесідей бөлінеді: 1. Маманданған –ұқсас әлдебір тауарларды сатады 2. Әмбебап – кең ассортиментті тауарларды сату 3. Ауылшаруашылық – негізінен дамушы және экспортқа сатып алу-сатумен айналысатын елдерде (мақта, кофе, шай, жүн және т.б.) Импорттық фирмалар шетелден тауарды өз есебінен сатып алады және інкі нарықта көтермелеп қайта сатады. Мұндай фирмалар шетел экспортерлерінен шикізат және азық-түлік тауарларын машина саудасына құрал-жабдықтарды сатып алуға маманданады.
Дистрибьютер – негізінен импортпен айналысатын кәсіпорын фирмалар, тауарды сатып алуға және аймақтық нарықтағы белгілі бір кәсіпорындарға сатуға монополиялық құқығы бар. Дистрибьютерлер белгілі бір тауар түрімен, оларға жарнама жасап, нарық жағдайын оқумен, сатар алдындағы және сатудан кейінгі қызметпен айналысады.Дистрибьютерлер жабдықтаушыдан тәуелсіз әрекет етеді және өзіндік баға саясатын жүзеге асырады.
Диллер – өнімді көтерме бағаға сатып алатын және оны жекелеп немесе кіші партиялап сататын кәсіпорын немесе заңды тұлға. Оның міндетінде баға саясатын жабдықтаушымен келісіп өткізу қарастырылған, бұл ретте диллер тауарды жабдықтаушыдан несиеге алуға мүмкіндігі бар.
Стокисттер – өз атына тауарды сатып алып, консигнациялық қоймадағы тауарды делдалдық арнайы келісім негізінде қосады. Стокисттерді консигнатордан тауарды экспортер атынан емес, өз атынан сатуы бойынша айырамыз.
Комиссионер – нарықта сатып алушымен өз атынан, бірақ жабдықтаушы есебінен келісім жүргізеді, мәміле жасасады. Бұл ретте тауарды жабдықтаушы комитент (басқа адамға тапсырма беруші, өз атынан, бірақ комиссионердің есебінен мәміле жасасушы) д.а. Комиссионды келісім жүргізудің механизмі : нарықты жақсы білетін делдал комиссия келісіміне тауарды сату жөнінде комитентпен қол қояды, сатып алушы табады және омен өз атынан сатып алу-сату келісімін бекітеді. Сатып алушы үшін комиссионер өз тауарын сатушы б.т. Комиссия келісімінде комиссионер міндетіне тауарды сақтандыру мен комитент мүддесіне қызмет көрсету жатады. Дегенмен де, олардың жоғалуы және бұзылуы кезіндегі барлық коммерциялық шығындар жабдықтаушыға қалады. Комиссионерлер түрлері : Индент ; Консигнация .
Индент – импортердің тауар партиясын сатып алуға делдал елінің жабдықтаушысынан комиссионерге бір елден екінші елге бір реттік тапсырысы. Инденттің 2 түрі бар:- Ашық индент. Тапсырыс беріліп отырған тауарға нақты сипаттама болмаса және комиссионерге жабдықтаушы таңдауға құқық беріледі.- Жабық индент. Импортер тапсырысында тауарға нақты сипаттама береді және өнімді сатып алуға нақты жабдықтаушыны тағайындайды.
Консигнациялық операцияларда экспортер (консигнант) делдалға (консигнатор) қоймадағы тауарды белгіленген уақыт ішінде сатуды тапсырады. Консигнатор тауарды өзіне сатып алмайды, тек өз атынан сатады және консигнантқа төлемдерді сатып алушыға тауарды қоймадан сату бойынша жүзеге асырады.
Консигнация шартында жаппай сұраныстағы тауарлар сатылады (қосалқы бөлшектер, құрал, азық-түлік өнімдері). Сату формасы консигнациялық қойма арқылы , сонымен қатар нарықтың әлсіз игерілу жағдайында жаңа, бейтаныс сатып алушыларға тауарларды сату қолданылады.
Агенттер өзге тұлғалар не фирмалар (принципал) атынан және есебінен пайда әкеледі.Агенттің негізгі қызметі – принципал және 3ші жақ арасында тікелей не жанама іскери байланыс іздеу, орнату. Агент жұмысын тұтынушының төлем қабілеті әлеуеті және нарық жағдайының ақпаратын ескере атқарады. Экспортер мен делдал арасында әдетте ұзақ ынтымақтастық, агенттік келісімнің қысқа мерзімі, негізінен 1жылдан төмен) орнайды. Агент ретінде жеке тұлғалар болуы мүмкін, бірақ көбіне олар сауда тізіміне тіркелген заңды тұлғалар болып келеді.
Брокер-делдалдар биржада қызмет ететіндер. Брокер арқылы шикізат тауарлары сатылады. Кейде брокерлер тауарды меншік иесі болу үшін сатып алады.Брокерге кедендік агенттер, риэлторлар, сауда және қор биржаларындағы брокерлер жатады.
Сауда делдалдарымен шарт талаптары
Сауданы сыртқы нарыққа шығаруға өндірушілердің қауқары жетпейді және олар сауда делдалдарына жүгінеді.Сыртқы сауда делдалдары тауар мен қызметтерді өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім, байланыс орнатуға және сыртқы сауда мәмілелерін жасауға көмек көрсетеді.Делдал тауар иесі болып табылмайды және заң бойынша тауарға ешқандай жауапкершілік алмайды. Делдалдар сатылған тауар көлемінен % түрінде сыйақы алады.Экспорттық-импорттық операцияларды делдал арқылы жүзеге асыруда онымен кәсіпорын арнайы келісімге отырады. Келісімде жақтардың құқығы мен міндеттері қаралады.Шарттың мазмұны жақтардың келісімдерімен айқындалады. Бекітілген келісім құқықтық күшке ие болады.
Кез келген келісім жақтардың белгілері және атаулары ақпаратымен басталып, сосын жақтардың қатынасы сипаттамасы анықталады, нақтырақ тауарды иелену құқығы және делдалдың өнімді өз атынан сату құқығы анықталады.
Делдалдық келісімде келесілер анықталады:
тауар номенклатурасы
аталған делдалдар жұмыс істейтін территория
Өнімді жарнамалау және техникалық қызмет көрсету б/ша жақтардың қызметтері
делдалдың нарық конъюктурасы жағдайы б/ша ақпарат жеткізу қызметі
өнімнің артықшылығы және сатылу қадамдары
келісімнің жарамдылық уақыты
оның мерзімін ұзарту шарты
шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы
баға және төлем шарты
сыйақы төлеу реті және т.б. шарттар
Енді делдал түріне қатысты келісім-шарт ерекшелігін қысқаша қарастырсақ:
Сататын делдалдар өнімді жабдықтаушымен сатып алу-сату келісімін жасайды және сосын оны өз атымен жалғастырады. Тапсырушы алдындағы міндеті олардың келісім шартына байланысты сатып алушы ұстанымына қатысты болмайды. Сататын делдалдар экспортер тауарын өткізетін тұрақты топ б.т. және оның қызығушылығын бақылауға міндет алады, оның құзырына тапсырылған істерді жүргізеді
Дистрибьютер – негізінен импортпен айналысатын кәсіпорын фирмалар, тауарды сатып алуға және аймақтық нарықтағы белгілі бір кәсіпорындарға сатуға монополиялық құқығы бар. Пайдасы тауар сату мен сатып алу бағаларының айырмашылығынан келеді. Дистрибьютерлер белгілі бір тауар түрімен, оларға жарнама жасап, нарық жағдайын оқумен, сатар алдындағы және сатудан кейінгі қызметпен айналысады. Дистрибьютерлер жабдықтаушыдан тәуелсіз әрекет етеді және өзіндік баға саясатын жүзеге асырады.
Диллер – өнімді көтерме бағаға сатып алатын және оны жекелеп немесе кіші партиялап сататын кәсіпорын немесе заңды тұлға. Оның міндетінде баға саясатын жабдықтаушымен келісіп өткізу қарастырылған, бұл ретте диллер тауарды жабдықтаушыдан несиеге алуға мүмкіндігі бар.
Комиссионер – нарықта сатып алушымен өз атынан, бірақ жабдықтаушы есебінен келісім жүргізеді, мәміле жасасады. Бұл ретте тауарды жабдықтаушы комитент (басқа адамға тапсырма беруші, өз атынан, бірақ комиссионердің есебінен мәміле жасасушы) д.а. Комиссионды келісім жүргізудің механизмі : нарықты жақсы білетін делдал комиссия келісіміне тауарды сату жөнінде комитентпен қол қояды, сатып алушы табады және омен өз атынан сатып алу-сату келісімін бекітеді. Сатып алушыдан комиссионды сыйақыны алып тастап келісімдегі уақыт ескерту уақытында төлем алады, оны комитент есебіне аударады. Сатып алушы үшін комиссионер өз тауарын сатушы б.т.
Агенттер өзге тұлғалар не фирмалар (принципал) атынан және есебінен пайда әкеледі.Агенттің негізгі қызметі – принципал және 3ші жақ арасында тікелей не жанама іскери байланыс іздеу, орнату. Агент жұмысын тұтынушының төлем қабілеті әлеуеті және нарық жағдайының ақпаратын ескере атқарады.Агент келісімді бұзбауға және әрқашан принципалдың мүддесіне әрекет етуге міндетті, агенттің 3ші жақтан заңсыз сыйақы алуға және өзіне құпия міндет алуға құқы жоқ.
Брокер-делдалдар биржада қызмет ететіндер. Брокер арқылы шикізат тауарлары сатылады. Брокер тауарды белгілі бір сыйақы бойынша(%) сатады және сатып алады, қосымша тауарды келісімде ескертілген бағадан жоғары бағаға сатқаны үшін немесе тауарды төмендеу бағаға сатып алғаны үшін ынталандыру сыйлық алуы мүмкін. Кейде брокерлер тауарды меншік иесі болу үшін сатып алады.
