
- •1.Сыртқыэкономикалық қызмет (сэқ) түсінігі және сэб-дан айырмашылығы
- •2) Сэқ нысандары мен түрлерін атап шығыңыз
- •3. Сыртқы сауда нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •6 Қр сыртқыэкономикалық саясатының құралдарын атаңыз және анықтама беріңіз
- •7. Валюталық бағамды басқару дегеніміз не, ол қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •Сыртқы қарыздарды басқару құралдары, олардың түрлері
- •Халықаралық инвестициондық ынтымақтастық нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •10. Халықаралық өндірістік кооперациялардың нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •11. Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық нысандарын атаңыз
- •12. Елдің сэқ және сэб қандай көрсеткіштер сипаттайды?
- •Сэб көлемі көрсеткіштері:
- •2. Елдің (кәсіпорынның) әлемдік шаруашылық жүйесіндегі интерграциялану көрсеткіші:
- •Сэб динамикасы көрсеткіштері:
- •4.Сэб құрылымы көрсеткіші:
- •5. Сэқ нәтижелілігінің көрсеткіші:
- •Елдің сэқ-на қандай факторлар ықпал етеді?
- •14. Халықаралық ыңғайласпа мәміле түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз.
- •15.Валюта бағамдарының түсінігі және түрлері. Валюталық бағамдарды басқару құралдары
- •18. Резиденттер және бейрезиденттер дегеніміз не?
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •20. Төлем балансының ағымдағы операциялар шотына не кіреді?
- •21 Елдің төлем балансының қағидалары және құрылымы
- •22. Кәсіпорынның активтері мен пассивтері дегеніміз не?
- •23.Халықаралық сауда келісімдерін дайындау кезеңдерін атаңыз
- •Ыңғайласпа мәмілелер (встречные сделки) және баспа-бас айырбас мәмілелер (бартерные сделки) дегеніміз не?
- •25. Ыңғайласпа сауда (встречная торговля) және сауда өтемақысы (торговая компенсация) дегеніміз не?
- •26. Ыңғайласпа сауда және өнеркәсіптік өтемақысы дегеніміз не?
- •27. Валютасыз төлем негізінде тауар айырбастау мен өтемақылы мәмілелер
- •Коммерциялық негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері
- •29.Өндірістік ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері.
- •Технологиялармен халықаралық айырбастау нысандары және технологияларды қорғаудың құқықтық нысандары
- •31. Сыртқысаудалық келісімшарттың мазмұны мен құрылымы
- •32. Сыртқы саудалық келісімшартты жасау ережесі, қағидалары мен ерекшеліктері
- •35. Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері мен қызметтері.
- •36 Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның Кедендік одаққа кіруінің ықпалы
- •37. Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның дсұ-на кіруінің ықпалы
- •38. Сатып алу-сату қызметтері бойынша сыртқысаудалық мәмілелердің түрлерін атаңыз
- •Өндірістік-техникалық қызметтер дегеніміз не және олардың түрлері?
- •40. Жалгерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері
- •41. Лизинг түсінігі және түрлері
- •Лизингтің негізгі түрлері
- •42. Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.
- •Сыртқысаудалық келісімшарттың талаптары және жасалу тәсілдері
- •Сыртқы саудалық келісімшарттың құрылымы
- •Инкотермс дегеніміз не және олардың сэқ-дегі рөлі?
- •46. Инкотермс ерекшеліктері мен түрлерін атаңыз
- •48. Ыңғайласпа саудадағы жаһандық келісімдер және олардың түрлері
- •49. Коммерциялық негізінде өтемақылы келісімдер дегеніміз не және олардың түрлері
- •50. Өндірістік (өнеркәсіптік) ынтымақтастық туралы келісім негізінде өтемақылы мәмілелер және олардың түрлері
- •51 Халықаралық инвестициондық ынтымақтастықтағы тұк рөлі
- •52.Технологиялармен халықаралық айырбастау денегіміз не және олардың түрлері?
- •53. Инженерлік-техникалық қызметтердің түрлері және инжиниринг түсінігі
- •Халықаралық есеп айырысу нысандары дегеніміз не және олардың түрлері?
- •55. Алдын ала төлем, Ашық шот, Аккредитив және Инкассо айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атаңыз
- •56. Сыртқысаудалық мәмілелер кезінде коммерциялық және үкіметтік құжаттамаға не кіреді?
- •57. Сыртқысауда мәмілелер кезінде қаржылық және жөнелтім құжаттамасына не кіреді?
- •58. Технологияны табыстаудың негізгі нысандары
- •59. Биржалық сауданың ерекшеліктері
- •Аукциондық сауданың ерекшеліктері
23.Халықаралық сауда келісімдерін дайындау кезеңдерін атаңыз
Сауда келісімдері бұл төлем және тауарайналым келісім шарты,сауда экономикалық одақтастықты, тауар айналымын , төлемнін формалары мен шаттарын реттейтін фирмааралық немесе басқарушыаралық келісімдер.
Халықаралық саудада «келісім шарт» деген термин қолданылады. Тараптар қолданымдағы тарматтардьщ бәрі бойынша талап етілетін формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б.
Халықаралық сауда операцияларын өткізудің негізгі кезендері.Бұл операцияларды сауда делдалдары өз атынан және өз есебінен жүзеге асырады. Мұнда сауда делдалы келісімдегі тауарды экспорттаушының да, оны соңғы сатып алушының да жағы міндетін атқарады, құнын төлегеннен кейін ол тауарды меншіктенушіге айналады.Қайта сату операцияларының екі түрі бар:
1. Сауда делдалы экспорттаушыға қатысты алғанда тауарды сатып алу-сатукелісімі негізінде оны сатып алушы ретінде міндет атқаратын операциялар. Делдал тауарды меншіктенушіге айналады, оны өз білгенімен қай нарықта да, қандай да бағамен сатуына болады. Мұндай делдал мен экспорттаушы арасындағы қатынас сатып алу-сату келісімі бойынша жақтар өз міндеттерін орындағаннан кейін тоқтатылады.
2. Келісім бойынша сатушы деп аталатын, сауда делдалына экспорттаушы құқық беретін операциялар. Ондай операцияларға сатуға құқық беру туралы келісім негізінде тауарды белгілі жерде, келіскен уақыт ішінде сатады. Келісімде тауарды белгілі жерде сатуға жақтардың өзара қатынасын реттейтін тек жалпы шартты көрсетеді. Мұны орындау үшін екі жақтың сатып алу-сатудың жеке контрактілерін жасайды. Онда жеткізетін тауардың саны, сапасы, бағасы, жеткізу шарты, төлем амалы, есептеу түрі, төлем мерзімі, сапа кепілдемесі, жарнама беру тәртібібелгіленеді. Келісім бойынша сатушыны әр елде әр түрлі атайды: дистрибьютер,өз есебінен сауад жасаушы, концессионер тағы басқалар.
Келісім бойынша делдалдық сауданың бағыттары мыналар:
- белгілі жерде экспорттаушыдан соңғы тұтынушыға тауар жүргізеді;
- сатылған тауарларға техникалық жағынан қызмет көрсетеді;
- қосымша бөлшектермен қамтамасыз етеді;
- экспорттаушымен жасалған келісім-шартты сақтайды;
- өз атынан және өз есебінен шетел контрагенттерінің тапсырыстарын өндірушілерде орналастырады;
- қойма жұмыстарын ұйымдастырады, тұтынушыға жеткізеді;
- тауар үлгілерін көрмеге шығарады, жарнама жасайды.
Бұл операцияларды комитент деп аталатын басқа жақтың тапсыруы бойынша комиссионер деп аталатын бірінші жақ өз атынан, бірақ комитент есебінен жасайды. Комитент және комиссионер арасындағы өзара қатынасты комиссия келісімімен реттейді. Осыған сәйкес:- комиссионер комитенттің тауарын сатып алмайды, тек тауарды комитент есебінен сатып алу-сату мәмілесіне келеді. Соңғы тұтынушының иелігіне бергенше тауар комитент меншігінде қалады;
- тауарды комиссионерлер арқылы сату көбінде комитент тауарларын
комиссионерлер иелігіне беруге байланысты, сөйтіп тауар оның меншігі болып қалады;
- комиссионер елегіндегі сату үшін оған комитенттен жіберілген тауар комитенттің меншігі болып есептеледі. Комитент үшін комиссионер сатып алған тауар да осымен бірдей. Мұндай тауар кездейсоқ бүліну, жоғалу тәуекелдігі, екі жақтардың басқа келісімі болмаған жағдайда комитентте сақталады. Бірақ,комиссионер оған жүктелген тауардың сақталуын қанағаттандыруға байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті. Оның кінәсынан болып тауар жоғалған,бүлінген жағдайда оған жауап береді;
- комиссионер сатып алушымен сатып алу-сату келісімін өз атынан жасайды,жеткізілген тауар төлемін одан өзі алады. Ол тек комитенттің бақылауымен делдал болады. Сатып алушы үшін ол сатушы болып есептеледі.Комиссия келісімінде комитенттің тауарын комиссионер сататын бағаныанықтайтын тәртіп белгіленеді. Ол баға әдетте, тауардың әрбір бөлігіне қатыстыанықталады, онда ең аз мөлшердегі немесе ең жоғары мөлшердегі баға белгіленуімүмкін. Комиссионерге соңғы сатылу бағасын анықтайтын құқық беріледі.