Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по ВЭДП.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200.52 Кб
Скачать

21 Елдің төлем балансының қағидалары және құрылымы

Төлем балансы-таблица, тізімдеме төлем түріндегі бір мемлекеттен екінші бір мемлекеттке ақша қаражатының қозғалысын көрсетеді. Төлем баланс белгілі бір уақыт периодттағы сырттан келген және мемлекеттен тыс жасалған төлемдерді сипаттайды. Ақша қаражатының түсімі шығынға қарағанда артық келген төлем балансты активті десе, керісінше келгенде пассивті болады. Төлем балансының бір бөлігі ретінде ағымдағы операциялар бойынша төлем балансы болып табылады(яғни, соның ішінде сауда балансы, өз кезегінде экспорт және импорт сальдосы кіреді, елеусіз операциялардың балансы, қызметтердің таза экспортынан, инвестициялардан түскен табыс пен транзакциялардан тұрады).Төлем балансы бұл мемлекеттің әлемдік саудадағы қатысу мүмкіндігінің хал-ахуалын көрсетіп, халықаралық экономикалық қатынастардың дәрежесін және оның борыш төлеу алушылығын анықтайды. Ең алғаш рет бұл терминді өзінің «Исследования о принципах политической экономики» (1767 г.) атты еңбегінде Джеймс Денем-Стюарт қолданды. Стюарттың айтуынша төлем балансы:

1) Азаматтардың шетелде жасалған шығыннан 2) Қарыз бойынша төлемдерден, негізгі сомамен және шетелдіктерге түскен пайыздық үлестен 3) Басқа мемлекеттерге қарыздық несиелерден тұрады.

Сонымен алғашында төлем балансы тек өтелген төлемдерді көрсетіп, барлық экономикалық ағымдағы материалдық, қаржы және интелеуктуалдық активтермен жасалған операцияларды әлі анықтамаған.

Төлем балансынжасаған кезде бухгалтерлік есептегі екіжақты жазу принциптері қолданылады. Әрбір операция шоттың дебиті мен кредиті бойынша көрсетіліп, ал нәтижесінде дебит сомасы кредит сомасына тең болуы керек. Кредиттік сомалар тауарлар мен қызметтердің экспорты және капиталдың келуінен құралып, өз кезегінде шетелден келген капиталды әкеледі және + белгісімен белгіленеді. Дебиттіңсомалар импорттыңнәтижесінде құралып, - белгісімен белгіленеді.

Құрылымы: Төлем балансын құрудағы түрлі методикалар бар екені мәлім, солардың ішіндегі қазіргі кездегі танымалдығымен ерекшелінетін ХВҚ-дың ынтасымен жасалған түрін айтуға болады. Осы методиканың негізінде объективті ақиқаты – сауда және қаржылық құндық жағынан бір бірінің айналық бейнесін қолдану. Соған байланысты төлем балансы ұлкен екі құрылымға бөлінеді: ағымдық операциялардағы шоты (current account bal­ance) және капиталмен және басқа қаржы инструменттермен жасалынатын операциялар шоты (capital and financial account). ХВҚ төлем балансты екі схема бойынша көрсетеді агригрделген және нақтырақ келген баланс деп.

Төлем балансының негізгі статьялары:

  1. Ағымдағы операциялардың шоты

А) Сауда балансы

Б) Қызмет балансы

С) Ағымдағы трансферттер

2) Капитал мен қаржылық инструменттер арқылы жасалған операциялар шоты

А) Капиталмен жасалған операциялар шоты

Б)Қаржылық шот

1. Тікелей инвестициялар.

2. Портфельдік инвестициялар

3. Басқа инвестциялар

4. Резервтік активтер.

22. Кәсіпорынның активтері мен пассивтері дегеніміз не?

Кәсіпорынның меншігіндегі келешекте пайда алу мақсатындағы экономикалық ресурстар кәсіпорынның активі болып табылады.

Кәсіпорынның активтеріне: ғимараттар, негізгі құрал-жабдықтар, тауар қоры, транспорттық құралдар, банктегі шоттар, қолда бар ақшалар.

Активтер 2 талапқа жауап береді: кәсіпорынның меншігінде болуы керек және ақшалай көріністе болуы керек(иметь денежное выражение).

Активтер материалды тұрғыда (оны көруге және ұстауға болады) және материалды емес (физикалық өлшемсіз активтер).

Активтер 4 группаға бөлінеді:

1) ағымдағы активтер - бір жыл ішінде ақшаға айналдыруға болатын кассадағы ақшаны, банктегі есеп-айырысу шотындағы ақшаны білдіреді.

2) Қаржы салымдары - кәсіпорынның ағымдағы операцияларында қолданылмайтын ұзақ уақытты активтер, сонымен қатар ол бір жыл ішінде ақшаға айналмуы мүмкін. Мысалы: басқа мекемелердің құнды қағаздары, корпорация акциялары, ұзақ уақытты ивестициялар.

3) ұзақ уақытты активтер (жылжымайтын мүлік, ғимараттар, құрал-жабдықтар)

Материалды емес активтер (мысалы: патенттер, лицензиялар, тауар маркалары)

Кәсіпорынның пассивтері - капитал мен қарыздарды білдіреді. Кәсіпорын қарыздары (немесе міндеттемелер) құралады:

кәсіпорынның әкелінген тауарлар үшін ақшасы;

кәсіпорынның мүддесі үшін жұмсалған шығындары;

кәсіпорынның қолданысына қарызға берілген құралдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]