
- •1.Сыртқыэкономикалық қызмет (сэқ) түсінігі және сэб-дан айырмашылығы
- •2) Сэқ нысандары мен түрлерін атап шығыңыз
- •3. Сыртқы сауда нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •6 Қр сыртқыэкономикалық саясатының құралдарын атаңыз және анықтама беріңіз
- •7. Валюталық бағамды басқару дегеніміз не, ол қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •Сыртқы қарыздарды басқару құралдары, олардың түрлері
- •Халықаралық инвестициондық ынтымақтастық нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •10. Халықаралық өндірістік кооперациялардың нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •11. Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық нысандарын атаңыз
- •12. Елдің сэқ және сэб қандай көрсеткіштер сипаттайды?
- •Сэб көлемі көрсеткіштері:
- •2. Елдің (кәсіпорынның) әлемдік шаруашылық жүйесіндегі интерграциялану көрсеткіші:
- •Сэб динамикасы көрсеткіштері:
- •4.Сэб құрылымы көрсеткіші:
- •5. Сэқ нәтижелілігінің көрсеткіші:
- •Елдің сэқ-на қандай факторлар ықпал етеді?
- •14. Халықаралық ыңғайласпа мәміле түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз.
- •15.Валюта бағамдарының түсінігі және түрлері. Валюталық бағамдарды басқару құралдары
- •18. Резиденттер және бейрезиденттер дегеніміз не?
- •(Қарыздар)
- •(Кредитор)
- •20. Төлем балансының ағымдағы операциялар шотына не кіреді?
- •21 Елдің төлем балансының қағидалары және құрылымы
- •22. Кәсіпорынның активтері мен пассивтері дегеніміз не?
- •23.Халықаралық сауда келісімдерін дайындау кезеңдерін атаңыз
- •Ыңғайласпа мәмілелер (встречные сделки) және баспа-бас айырбас мәмілелер (бартерные сделки) дегеніміз не?
- •25. Ыңғайласпа сауда (встречная торговля) және сауда өтемақысы (торговая компенсация) дегеніміз не?
- •26. Ыңғайласпа сауда және өнеркәсіптік өтемақысы дегеніміз не?
- •27. Валютасыз төлем негізінде тауар айырбастау мен өтемақылы мәмілелер
- •Коммерциялық негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері
- •29.Өндірістік ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде өтемақылы мәмілелердің түрлері.
- •Технологиялармен халықаралық айырбастау нысандары және технологияларды қорғаудың құқықтық нысандары
- •31. Сыртқысаудалық келісімшарттың мазмұны мен құрылымы
- •32. Сыртқы саудалық келісімшартты жасау ережесі, қағидалары мен ерекшеліктері
- •35. Сауда-делдалдық фирмалардың түрлері мен қызметтері.
- •36 Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның Кедендік одаққа кіруінің ықпалы
- •37. Кәсіпорындардың сэқ-не қр-ның дсұ-на кіруінің ықпалы
- •38. Сатып алу-сату қызметтері бойынша сыртқысаудалық мәмілелердің түрлерін атаңыз
- •Өндірістік-техникалық қызметтер дегеніміз не және олардың түрлері?
- •40. Жалгерлік мәмілелердің түсінігі және түрлері
- •41. Лизинг түсінігі және түрлері
- •Лизингтің негізгі түрлері
- •42. Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.
- •Сыртқысаудалық келісімшарттың талаптары және жасалу тәсілдері
- •Сыртқы саудалық келісімшарттың құрылымы
- •Инкотермс дегеніміз не және олардың сэқ-дегі рөлі?
- •46. Инкотермс ерекшеліктері мен түрлерін атаңыз
- •48. Ыңғайласпа саудадағы жаһандық келісімдер және олардың түрлері
- •49. Коммерциялық негізінде өтемақылы келісімдер дегеніміз не және олардың түрлері
- •50. Өндірістік (өнеркәсіптік) ынтымақтастық туралы келісім негізінде өтемақылы мәмілелер және олардың түрлері
- •51 Халықаралық инвестициондық ынтымақтастықтағы тұк рөлі
- •52.Технологиялармен халықаралық айырбастау денегіміз не және олардың түрлері?
- •53. Инженерлік-техникалық қызметтердің түрлері және инжиниринг түсінігі
- •Халықаралық есеп айырысу нысандары дегеніміз не және олардың түрлері?
- •55. Алдын ала төлем, Ашық шот, Аккредитив және Инкассо айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атаңыз
- •56. Сыртқысаудалық мәмілелер кезінде коммерциялық және үкіметтік құжаттамаға не кіреді?
- •57. Сыртқысауда мәмілелер кезінде қаржылық және жөнелтім құжаттамасына не кіреді?
- •58. Технологияны табыстаудың негізгі нысандары
- •59. Биржалық сауданың ерекшеліктері
- •Аукциондық сауданың ерекшеліктері
1.Сыртқыэкономикалық қызмет (сэқ) түсінігі және сэб-дан айырмашылығы
Нарыққа көшу өзара байланысты және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жузінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді. сыртқы экономикалық байланыс мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттармен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды.Бұл қатынастарда және сыртқы экономиқалық байланыстар жургізудің экономиқалық қуралы ретінде қарастыруға да болады.
Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
СЭБ-ң СЭБ-тан айырмашылығы сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады. Сыртқы сауданың түрлері: - экспорт; - импорт; - тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты. Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: - ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; - ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; - халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан- Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялау үдерісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең түрде қатысуы тән. Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар арқылы әсер етеді: 1. экспорттан валюталық түсім алу жолымен; 2. инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды; 3. осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға жағдай жасайды; 4. ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатымен мемлекет экспорттық бажды енгізеді, экспорттық тауарларға лицензия береді, шекара арқылы жеткізілетін тауарлардың кедендік бақылауын қамтамасыз етеді.