- •Атауы:“Медеу” фирмасы
- •Өнім сипаттамасы
- •Шикізат пен материалдар
- •Кондитерлік өндірісте қолданылатын негізгі шикізаттар мен материалдардың түрі
- •Жұмыртқа:
- •Сүт өнімдері:
- •Сату жоспары
- •Өндірістегі технологиялық үдеріс
- •Сурет. Ұннан жасалатын тағамдарды дайындаудың технологиялық үдерісі
- •Ғимарат пен нысандар
- •Құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар
- •А) Қызметкерлерге кететін шығыстар
- •В) Шикізат және материалдар
- •Г)коммуналдық шығыстар
- •Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •Жоспарланып отырған табыс: 6304841
- •Қаржыландыру бағдарламасы
А) Қызметкерлерге кететін шығыстар
Ай сайын еңбекақыға кететін шығыс 410 мың теңгені құрайды, сонда бір жылда 4920 мың теңгені құрайды
Қажетті қызметкерлер және олардың еңбекақысы, мың теңге
Атауы |
Саны, адам |
еңбекақысы |
Барлығы, жылына |
Әкімшілік |
|
|
|
Кондитер |
2 |
100 |
2400 |
Сатушы |
1 |
80 |
960 |
Бухгалтер |
1 |
90 |
1080 |
Қызмет көрсетуші |
|
|
|
Тазалаушы |
1 |
40 |
480 |
Жиынтығы |
5 |
|
4920 |
Жоба бойынша кондитерлік цех жеке кәсіпкерлік формасында жұмыс жасайды. Осыған байланысты жеке кәсіпкердің айлық ақысы қаралмаған.
Б)Өндіріске дейінгі шығыстар
Шығыстар |
Барлық шығыс, мың теңге |
Жалға жай алу |
120 |
Қажетті жүйені қосқандағы жөндеу жұмыстары |
200 |
Коммуникациялық инфрақұрылым |
50 |
Құрал-жабдық сатып алу және оны орнату |
1540 |
Құрал-жабдықты жеткізу |
100 |
Ескерілмеген шығындар |
250 |
Барлығы |
2260 |
Құрал-жабдықты орнату және оны пайдалануды қызметкерлерге үйрету жабдық құнының ішінде есептеледі
В) Шикізат және материалдар
Шикізаттың қажетті мөлшерде дайындалуы өнім түріне байланысты болады. Соған қарай 1 кг. торттың бағасы мен 100 гр. тәтті тоқаш бағасы әртүрлі. (қосымшаны қараңыз)
Г)коммуналдық шығыстар
Электр қуаты
Электр қуаты бойынша шығыстар кондитерлік цехтағы пайдаланылатын құрал-жабдықтардың қуатына байланысты:
Наубай пеші –12 кВт*сағ
Электрплитасы – 5 кВт*сағ
Крем көпіршітетін машина – 1,5 кВт*сағ
Ұн елегіш машина – 0,55 кВт*сағ
Қамыр илейтін машина – 1,5 кВт*сағ
Тоңазытқыш – 1 кВт*сағ
Жоба бойынша, тоңазытқыштан басқа құрал-жабдықтың барлығы тәулігіне 5 сағат жұмыс жасайды деп жоспарлануда. Тоңазытқыштар тәулік бойы жұмыс істейді.
126,75 кВт/сағ*18,24тг/сағ=2311,92тг
2311,92*30=69357.6 тг
69357.6*12=832291.2 тг
Су және жылу
Су және жылуға кететін шығыстар жалға төленетін ақының ішінде болады.
Телефон байланысы
Телефон байланысына кететін шығындарға абоненттік төлем, сандық АТС-ты пайдаланған үшін ақы және қалааралық байланыстарды құрайтын болады. Телефон байланысына кететін жылдық шығыс
414,30 тг (ауылдық жерде)*12=4971,6
Жалпы және әкімшілік шығыстар
Жалға алу
Жоба бойынша айына 120 мың теңге көлеміндегі жайды жалға алу қарастырылған. Осы ақыға барлық коммуналдық төлемдер кіретін болдаы (электр қуаты мен телефон байланысынан басқа).
120 мың*12 =1440 мың
Салық
Кәсіпорын жеке кәсіпкерлік нысанында жұмыс істейді және шағын бизнес субъектілеріне арналған жеңілдетілген салық тәртібін қолданады. ҚР Салық Кодексіне сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық мөлшері табыстың 3 % құрайды.
4920000 (еңбекақы жылдық) *3%=147600
147600*2=295200
Шығындар : 1540000 (құрылғылар,ыдыс)+492000 (еңбекақы) +720000 (өндіріске дейінгі шығындар) + 832291,2 (электр энергясына)+4971,6(телефон байланысы)+1440000 (жалға алу)=5029262.8
