Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Главный БП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.46 Кб
Скачать

Ғимарат пен нысандар

Кондитерлік цех көлемі 200 шаршы метр болатын жалдамалы тұрғын емес жайда орналастырылады деп жоспарлануда. Жалдамалы жай кемінде негізгі 3 бөлмеден: кондитерлік цех, сақтау қоймасы және сауда залынан тұруы керек.

Кондитерлік цех

Кондитерлік цех бөлімдерін жоспарлағанда технологиялық үдеріске сәйкес келетіндей етіп жоспарлау қажет, себебі шикізат пен дайын өнімдердің ағымы бір-біріне қарама-қайшы кездесіп қалмауы керек, сондықтан да цех келесі бөлмелерді қамтуы керек:

  • қамыр илейтін бөлме – бұл бөлмеде қамыр иленеді және жартылай фабрикаттар дайындалады.

  • қамырды турайтын, бөлетін бөлме – қамырды бөліп, кондитерлік өнімдердің формасын дайындайтын бөлме.

  • пісіретін бөлме – наубайханалық шкафтарда кондитерлік өнімдерді пісіретін бөлме.

  • дайын өнімдерді суытатын бөлме

  • Тара, ыдыс жуатын бөлме

Кондитерлік цехта желдету жүйесі болуы қажет.

Қорларды сақтайтын қойма

Бұл қойма құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал) сақтау үшін арналған. Мұнда орташа 15°С температура сақталуы қажет және ауаның ылғалдылығы 60 – 65 % құрауы тиіс. Сонымен қатар, осында тоңазытқыш камера орналасатын болады.

Сауда залы

Сауда залы орташа есеппен 20 шаршы метр алаңда орналасуы қажет.

Құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар

Кондитерлік цех

Кіші-наубайхананы жабдықтау үшін келесі негізгі құрал-жабдықтарды алу қажет:

  • Ұн елегіш машина

  • Көлемі 140 литрге арналған қамыр илейтін машина, ТММ-1М типті

  • Кремді көпіршітетін машина, көлемі 25 литрге арналған

  • ШПЭСМ-3 типті, 1 кезекте 50 стандартты тортты пісіре алатын мүмкіндігі бар наубайлық пеш .

Бұл машиналардың барлығын Ресейге тапсырыс беру арқылы аламыз

Дегенмен, үлкен көлемдегі емес кондитерлік өнім шығару жоспарланғанымен, 3 пісіретін камерасы бар арнайы кондитерлік пешті пайдаланған жөн. Қажетті мөлшердегі (100 -ден 250° С дейінгі) температураны қоя отырып бір мезетте үш түрлі өнімді әртүрлі температурада пісіре алатын мүмкіндігі қаратырылған. Кондитерлік өнімдерге деген сұраныс бірқалыпты емес, сұраныс көбінесе демалыс, мейрам күндері жоғарылайды.

Қамырды кесу үшін арнайы тот баспайтын материалдан дайындалған үстелдер және стеллаждар қажет.

Сонымен қатар, келесі құрал-саймандардың болуын да қадағалау қажет:

  • қаңылтыр таба (листілер, лотоктар);

  • өлшегіш стақандар, сүзгіштер;

  • торт пісіретін әртүрлі формалар;

  • кастрюльдер, тегештер, тәрелкелер;

  • қамырды өңдейтін керек-жарақтар(ағаш, металл оқтаулар);

  • ағаш күректер;

  • жартылай фабрикаттарды кесетін пышақтар;

  • қасықтар, венчиктер, шанышқылар;

  • кондитерлік жиынтықтар (шприцтер, ауыстыратын бөліктері);

  • жуатын құрылғы;

  • асхана сүлгілері, майлықтары.

“Bistro” ыдыс сататын фримасынан және керек стиллаж т.с.с бұйымдарды “Zeta” компаниясынан аламыз

Қорлар қоймасы

Өнімдерді сақтау үшін қоймада стеллаждар орналастырылады. Өнімдерді өлшеу үшін таразылар мен өлшегіштер қолданылады. Тез бұзылатын заттарды сақтау үшін кәдімгі тоңазытқыш пайдаланылады.

Сауда залы

Дүкенді жақсылап безендіру үшін арнайы дизайнмен ағаштан жасалған стеллаждар қойылады. Дайын өнімдер дүкенге арнап жасалған тоңазытқыштарда, стеллаждарда орналастырылады.

Қажетті құрал-жабдықтың тізімі және олардың бағасы төмендегі кестеде көрсетілген:

6- кесте: Құрал-жабдықтар мен и құрал-саймандар

Атауы

саны, данасы

Бағасы, мың теңге

Сауда залы

300

Тоңазытқыш

1

180

Стеллаждар

1

60

Құрал-саймандар

1

60

Кондитерлік цех

1240

Наубайлық пеш

1

200

Кремді көпіршітетін машина

1

150

Ұн елегіш машина

1

130

Қамыр илейтін машина

1

350

Тоңазытқыш

1

90

газ плитасы

1

50

Электронды таразы

1

30

Алюминийден жасалынған үстел

2

20

Стеллаж, металдан жасалған

2

40

Өндірістік құрал-сайман

1

80

Барлығы

18

1540

Ұйымның заңдық-құқықтық нысаны

ЖШС Медеу – 01.01.2014 жылы екі қатысушының (Акчаганова А.Е.,Ажикеева Ш) негізінде құрылған.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) — белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қатысушыларының саны жүзден аспауға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана жауап береді. Жарғылық капиталдың мөлшерін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары белгілейді. Қазақстан Республикасының “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына бара-бар сомадан кем болмауы керек. Егер Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында өзгеше жағдай қарастырылмаса, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізу туралы шешім қабылдай алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғарғы органы оған қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің алқалы ұйымы ретінде басқарма және байқаушы кеңес сайланады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне, мысалы, акционерлік қоғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарату туралы шешім шығару қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі басқару мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, заң актілеріне және оның жарғысына сәйкес іске асырылады.

Медеу ЖШС құру заңды тұлғаңыз орналасқан орын бойынша әділет органы – Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) бару арқылы құрылды,яғни Әділет органы статистика басқармасына ЖШС тіркеу туралы хабарлама жібереді. Статистика басқармасы заңды тұлғаға сәйкестендіру және басқа да жүйелік-есептік кодтарды береді және олар туралы Мемлекеттік статистикалық тізілімге енгізеді, статистикалық карточка дайындайды. Статистика басқармасы салық төлеушіні салық органдарына мемлекеттік тіркеу үшін хабарлама береді. Содан кейін салық төлеу куәлігі әділет органына жіберіледі. Сол жерде сіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті құжаттардың барлығын аласыз.

Тіркеу тәртібі мынадай әрекеттердің ретінен тұрады:

1. ХҚО-ға белгіленген үлгідегі өтінішті беріңіз.

2. Жарғыны, құрылтайшылық шартты қазақ және орыс тілдерінде үш данада қоса беріңіз. Егер Сіздің ЖШС-ның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болса, онда салық органынан қарыздың жоқ екендігі туралы анықтама беру керек.

4. Мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін алымның төленгендігін растайтын түбіртек немесе құжатты қоса беріңіз (2 АЕК, егер сіз шағын кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз; басқа жағдайларда алым сомасы 6,5 АЕК-ті құрайды);

5. Құрылтайшылық және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексерген, соң тіркеуші орган сізге заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлік береді және тіркелген деген мөрі бар Жарғыны қайтарады.

Сонымен қатар, сіз заңды тұлғаның статистикалық картасын және салық төлеуші куәлігін аласыз.

Сонда кейін сіз салық режимін таңдау үшін салық органына баруыңыз қажет. Режимді таңдау қызметті жоспарлау үшін маңызды, жеңілдетілген декларация негізінде қызметі жүзеге асыру кезінде заңды тұлға ретінде филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқығыңыз жоқ.

Егер Сіздің жұмысшыларыңыздың шекті орташа тізімді саны тоқсанына елу адамнан, ал шекті кірісіңіз  25 000 000 теңгеден аспайтын болса, сіз жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін таңдай аласыз. Бұл үшін сіз заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық басқармасына салықтық өтініш беруіңіз қажет.

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды: акцизді өнімдер өндіру; акцизді өнімдерді сақтау және көтерме сату; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензин, дизель отыны және мазут сату; лотореялар (мемлекеттік (ұлттықтан) басқа ұйымдастыру және өткізу; жер қойнауын пайдалану; шыны ыдыстарды жинау және қабылдау; түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату; кеңес беру қызметтері; бухгалтерлік есеп және аудит салымындағы қызмет; қаржылық және сақтандыру қызметі және сақтандыру брокері және сақтандыру агентінің делдалдық қызметі.

Арнайы салық режимін мыналар қолдана алмайды: 1) филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар; 2) заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері; 3) басқа оқшауланған құрылымдық бөлімшелер және (немесе) түрлі елді-мекендердегі салық төлеу объектілері бар салық төлеушілер. Бұл нысан мүлікті жалға беру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды. 4) заңды тұлғаның қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлға; 5) құрылтайшысы арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлға.

Ұйымдастыру бөлімі, персонал және оны басқару

Кәсіпорынды құруда бастапқыда штат келесі негізгі қызметкерлерден құралатын болады:

  • келесі талаптарға сай келетін кондитер,:

  • кәсіби білімі бар

  • кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясын және рецептурасын білетін

  • шикізаттың қолданылуын, сақталу мерзімін және оның барлық қасиеттерін білетін

  • кондитерлік өнімдерді безендіру техникасын білетін

  • техникалық құрал-жабдықты пайдалану ережесін және т.б. жұмыс жасау принципін білетін маман.

Жоба бойынша 2 кондитер алу қарастырылған, біреуі өнім пісірумен айналысса, екнішісі безендірумен айналысады.

  • Сатушы, оның міндетіне дайын өнімдерді сату, өтінім жинау, шикізат жеткізушілерге тапсырыс беру және т.б. қызмттер.

  • Бухгалтер, бухгалтерлік және салық есебін жүргізеді. Бухгалтер келіп-кетіп отыратын болады

  • Еден жуатын адам

Қызметкерлердің негізгі лауазымдық қызметтерінің нұсқаулығы қосымшада көрсетілген

Директор

Бухгалтер

Кондитер

Сатушы Еден жуатын адам

Ұйымдағы тәуекел

Заңға байланысты тәуекелдер: заңды дұрыс ұстанбау,құжаттарды заңды толтырмау

Алдын-алу шаралары:құжаттарды анық және сәйкес рәсімдеу,құжаттарды рәсімдегенде арнайы мамандардың қызметін пайдалану

Өндірістік тәуекелдер: құрал-жабдықтардың,жылдам жұмыс істейтін техниканы қолдану қиындығы

Алдын-алу шаралары:арнайы мамандарды таңдау, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жүйесін жасау,керекті құрал-жабдықтарға қаражатты уақытында бөлу

Маркетингтік тәуекелдер: нарыққа жай шығу қаупі,қызметті дұрыс таңдамау,баға саясатын дұрыс қоймау

Алдын-алу шаралары:көрсетілетін қызметтерді жетілдіріпотыру,бағаны тиімді етіп қою

Қаржылық тәуекелдер:жоспарланған шығындардан артық шығын шығып кету қаупі

Алдын-алу шаралары:Шығындарды дұрыс есептеп,қаражатты уақытында қолдану

Жобаға байланысты басқа да тәуекелдер:жаңа бәсекелестердің пайда болуы,ресурстардың бағасының өсуі

Алдын-алу шаралары:өндіріс шығындарын төмендету,көрсетілетін қызмет түрлерін және олардың сапасын арттыру

Қаржылық жоспар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]