- •Атауы:“Медеу” фирмасы
- •Өнім сипаттамасы
- •Шикізат пен материалдар
- •Кондитерлік өндірісте қолданылатын негізгі шикізаттар мен материалдардың түрі
- •Жұмыртқа:
- •Сүт өнімдері:
- •Сату жоспары
- •Өндірістегі технологиялық үдеріс
- •Сурет. Ұннан жасалатын тағамдарды дайындаудың технологиялық үдерісі
- •Ғимарат пен нысандар
- •Құрал-жабдықтар мен керек-жарақтар
- •А) Қызметкерлерге кететін шығыстар
- •В) Шикізат және материалдар
- •Г)коммуналдық шығыстар
- •Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •Жоспарланып отырған табыс: 6304841
- •Қаржыландыру бағдарламасы
Өнім сипаттамасы
Аталған жобада ұн өнімдерінен жасалатын кондитерлік цех құру қарастырылған.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді,. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда
Жоспарланған кондитерлік цех сұрыпталымы 1- кестеде көрсетілген
1-кесте: Кондитерлік цех сұрыпталымы
Атауы |
Түрі |
Торттар |
|
Бисквитті |
шоколад қосылған |
«Мадонна» |
|
жаңғақ қосылған |
|
Үгілмелі |
цукат және жаңғақ қосылған |
Қатпарлы |
креммен |
Тәтті тоқаш |
|
Бисквитті |
майлы крем жағылған |
Үгілмелі |
цукат қосылған желе және жеміс қосылған |
Қатпарлы |
сары май-қаймақ қосылған креммен |
Қайнатылған |
эклерлер |
Жоба бойынша ұсынылып отырған сұрыпталым түрін қамырдың әр түрін әртүрлі креммен және өңдейтін материалдар қосу , сонымен қатар өлшенентін десертті өнім, кекс, рулет өндіру арқылы ұлғайтуға болады.
Тәтті тоқаштың орташа салмағы 55 – 100 г. дейін болады. Торттар 500- ден 2 кг. дейін стандартты салмақпен шығарылады.
Өнімнің сақталу мерзімі +6,+8*C температуралық салқындау камерасында 72 сағат.
Маркетингтік жоспар
Маркетингтік зерттеу нарық, бәсекелес, баға, тұтынушылар, кәсіпорын әлеуеті жөніндегі мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау процестерін қамтиды. Мұндай зерттеудің нәтижесі нақты өңдеулер мен дайын ұсыныстар болып табылады, алдағы уақытта ол маркетинг саласындағы кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын таңдау кезінде қолданылады. Кәсіпорынның мақсатына сай маркетингтік зерттеулердің әр түрі қолданылады.
Алматы облысындағы Қарасай ауданында соңғы статистикалық мәліметтер бойынша 2010 ж –170943 адам тұрады.Бұл аудан Іле Алатауының бөктерінде орналасқан және құрамына Іле Алатауы ұлттық паркінің 80,5 мың шаршы км кіреді.Бұл жерде кондитерлік цех ашу біз үшін тиімді болып келеді.Себебі:
Бұл жерде мұндай өнімді сататын бірден-бір фирма біз боламыз,яғни бәсекелестік жағынан біздің пайдамызға келеді.
Қаланың шуынан табиғатпен үйлесіп демалуға келген адамдар,Іле Алатауына келген туристтер,экспедициялық топтар,аудан,ауыл адамдары мейрам,туған күн т.б. мерекелерде,жай күндері өз қалауы бойынша болсын кез-келген уақытта тәтті тағам өнімдерін өздеріне ыңғайлы жерден сатып ала алады
Экологиялық таза кәсіпкерлік түрі
Аудан бюджетіне қосатын үлес көлемі
Бірақ барлық жерде өз тауарымен нарықты жаулап алған адамдар болады.Егер біз ауылдық жермен шектелмей Алматы қаласына шығаратын болсақ,онда біздің бәсекелестеріміздің саны көбейе түседі.
Олар:
Нәзік ЖШС
Sweet-Pastry кондителік цехі
Карамель кондитерлік цехі
ROSHEN кондитерлік корпорация торттары
«Eclair» кондителік цехі
Осы аталғандардың ішіндегі басты бәсекелесіміз Нәзік фирмасы.Ол нарықта 20 жыл бойы келе жатқан отандық фирма болып табылады. Компания басшылығының және тәтті тағам дайындайтын мамандардың шетелдердегі түрлі көрмелерге және өзара тиімді келіссөздерге іссапарлары жаңа технологияларды жетілдіруге және оларды енгізуге, өнім түрлерін кеңейтуге ықпал етеді. Компания неміс және италиялық өндірісінің жоғары сапалы кондитерлік қондырғыларын қолданады....Біздің басты мақсатымыз,өз тұтынушыларымызды қалыптастырып алғаннан кейін осы фирманы тауар көлемі,сату мөлшері,тұтынушы саны бойынша басып озу.
Осы жағдайда біз ауыл және қала адамдары ішінде сауалнама жүргіздік:
нарықта зерттеу жүргізгенде 90 адамнан сауалнама алдық,оның нәтижесі бойынша мынадай шешімге келуге болады:
1)Тәтті тағам өнімдерін тұтынушылардың жас мөлшері
Жасы |
Саны |
0-14 |
12 |
15-24 |
35 |
25-44 |
24 |
45-64 |
15 |
65 - … |
4 |
Осымен қатар,өнім өткізу көлемін арттыру үшін мынадай қағидаларды ескеру қажет:
Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жұмысы;
Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту шаралары кешенін пайдалану;
Тәтті тағам өнімдері өндірісі цехын ауылдық елді мекенде орналастырудың жоспарлануына байланысты және жаңа кәсіпорын туралы ақпарат халықтың арасында тез тарайтындықтан одан әрі жарнама жүргізу талап етілмейді.
Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:
- Сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;
- Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер;
- Шағын өндіріс, өзгеріп отыратын жағдайға тез икемделу тәсілі;
- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.
Өндірістік жоспар
Аптада 6 жұмыс күні және 1 күнде 8 сағат жұмыс күні болады деп есептеген кезде, 2014 жылдан бастап 6 727 кг торт және 3 137 тәтті тоқаш шығарылады деп жоспарланды.
Айына 507 кг торт және 235 кг тәтті тоқаш шығарылады деп жоспарланды. Желтоқсан және наурыз айларында, мерекенің көп болуына байланысты 820 кг торт және 388 кг тәтті тоқаш шығарылады.
Ай сайынғы өндірістік жоспар:
Атауы
|
Айы |
Барлығы |
||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|||
2014 |
||||||||||||||
Торттар |
507 |
507 |
828 |
507 |
507 |
507 |
507 |
507 |
507 |
507 |
507 |
828 |
6 727 |
|
Тәтті тоқаш |
235 |
235 |
392 |
235 |
235 |
235 |
235 |
235 |
235 |
235 |
235 |
392 |
3 137 |
|
Жиынтығы |
742 |
742 |
1 220 |
742 |
742 |
742 |
742 |
742 |
742 |
742 |
742 |
1 220 |
9 864 |
|
