Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобаларды талдау(лекция).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
800.77 Кб
Скачать

Әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР  08.01.2003 ж.  «Инвестициялар туралы» N373-II Заңы

2. ҚР 06.07.2004 ж. «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» N575-II Заңы

3. ҚР 13.05.2003 ж. «Акционерлік қоғамдар туралы» №415-ІІ Заңы

4. Байдақов А.Қ. Жобаларды талдау. –Астана, 2010, - 190 б.

5. Исмаилова А.С., Байдақов А.Қ. Қаржылық және басқару талдауы. –Астана, 2009, -154 б.

6. Андрианов А.Ю., Валдайцев С.В., П.В.Воробьев и др. Инвестиции: Учебник. – М.: Проспект, 2007. –584 с.

7. Аньшин В.М. Инвестиционный анализ: Учеб.–практ. пособие.–М.: Дело, 2002. –280 с.

8. Басовский Л.Е. Финансовый менеджмент: Учебник. –М.: ИНФРА–М, 2003. –240 с.

9. Жуков Е.В. Инвестиционные институты.– М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998.–199 с.

10. Иванов А.П. Финансовые инвестиции на рынке ценных бумаг. – М.: Дашков и К, 2007. – 480 с.

11. Коссов В.В., Лившиц В.Н., Шахназарова А.Г. и др. Методические рекомендации по оценке эффективности инвестиционных проектов. –М.: Экономика, 2000. –421 с.

12. Кузнецов Б.Т. Инвестиции. –М.: ЮНИТИ–ДАНА, 2006. – 679 с.

13. Лялин В.А., Воробьев П.В. Рынок ценных бумаг. –М.: Проспект, 2006. –384 с.

14. Сейтказиева А.М. и др. Инвестиционная деятельность предприятия. –Алматы: Экономика, 1998. –172 с.

15. Финансовый менеджмент: Учебное пособие / Под ред. академика НАН РК, д.э.н., профессора У.Баймуратова. –Алматы: Экономика, 2008.– 848 с.

16. Шарп У.,  Г.Александер., Дж.Бэйли. Инвестиции: Пер. с англ. – М.: ИНФРА–М, 1999. – 1028 с. 

ЖОБАЛАРДЫ  ТАЛДАУ ПӘНІНІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (экономика бағытындағы барлық мамандық студенттеріне арналған) Астана – 2011 http://portal.agun.kz/e-books/content/znSDb2a4Ar6USSvdD4Kp/index.html

Глоссарий

 

        «Агрессивті» не икемді акциялар – «бета» коэффициентінің мәні 1–ден жоғары акциялар.

        «Аға (үлкен)» облигациялар – эмитенттің мүлкінің бір бөлігіне талап ету құқығы заңмен қамтамасыз етілген облигациялар.

      «AMEX» индексі –  Америка қор биржасында айналатын акциялар бағамының 1973 жылғы 31 тамыздағы 100 шамасына тең базалық деңгейге қатысты ағымдық қозғалысының көрсеткіші.

     «Айдың ауысуы эффектісі» – әр айдың алғашқы төрт күні аралығында акциялардың орташа табыстылығы әдеттегіден жоғары болатынын көрсететін бақылау.

      Активтердің табыстылығын бағалау үлгісі (САРМ) – инвесторларға  инвестициялық шешім қабылдауда «тәуекел–табыстылық» баламасын бағалауға көмектесетін беретін үлгі.

         Акционер – акционерлік қоғамның акцияларын иемденген тұлға не компания.

         Акция – сатып алушының  компания капиталындағы үлес құқығын куәландыратын  үлестік құнды қағаз.

         Ақпараттық  асимметрия  – қатысушы тараптардың біреуі басқаларға қарағанда толығырақ ақпаратқа ие жағдай. 

         Ақпараттық коэффициент – сарапшы болжаған табыстылық пен нақты табыстылық арасындағы корреляция коэффициенті. Сарапшы болжамының дәлдігін анықтау үшін қолданылады. 

         Ақша нарығы – а) қаржы нарығының  ресурстар қысқа мерзімге сатылатын/сатып алынатын сегменті; б) қысқа мерзімді құнды қағаздарды сату–сатып алу механизмі.

        Ақшаның ағымдық құны – болашақтағы ақшалай түсімдердің белгілі бір пайыздық ставка арқылы (дисконттық ставка) ағымдағы  сәтке  келтірілген құны.

       Ақшаның болашақ құны – осы күні инвестицияланған қаражаттың белгілі бір пайыздық ставканы ескере отырып өсірілген, белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі құны.

        Америкалық опцион – әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі кез-келген күні  жүзеге асыруға  болатын опцион.

        Аннуитет – а) бірдей уақыт аралығы сайын туындайтын бірдей ақша қаражаттарының ағымы; б) инвестордың бірнеше жыл барысында не өмір бойы алуы кепілдендірілген төлемдер сериясы.

        Аномалия – қаржы активтерін бағалау үлгілерінің осы күнге дейінгі белгілі бірде–біреуімен  түсіндіріле алмайтын эмпирикалық заңдылық.

        Арбитраж – қолайлы баға айырмашылығы жағдайында құнды қағаздарды  бір мезетте әртүрлі нарықтарда  сатып алу мен сату.

         Артық табыстылық – қандай да бір құнды қағаз  бен тәуекелсіз актив табыстылықтары арасындағы айырма.

         Ашық позиция – осы уақыт сәтінде  сатылмаған фьючерстік келісімдер саны.

         Базистік айырма – активтің ағымдық және фьючерстік бағасы арасындағы айырма.

        «Бета» факторы – құнды қағаз бағамы нарықтық күштердің әсеріне қатысты  қалай өзгеретінін көрсететін тәуекел өлшемі, ол жоғары болған сайын құнды қағаздың тәуекелі де соғұрлым жоғары. 

        Брокер – құнды қағаздарды арнайы сыйақы үшін клиенттер атынан сатып алатын/сататын тұлға/фирма. 

        Варрант – ұстаушыға компания акцияларын варранттың өзінде  көрсетілген  бағаммен сатып алуға құқық беретін ұзақ мерзімді опцион.

      «Демалыс күнінің эффектісі» – аптаның басқа күндерімен салыстырғанда акциялардың табыстылығы дүйсенбі күндері төмен болатынын көрсететін эмпирикалық заңдылық,.

        Дефолт – құнды қағаздар эмитентінің  құнды қағаздар, не басқа да қаржылық құралдар бойынша  міндеттемелерін орындамауы.

        Диверсификация – табыстылықты жоғарылату, не тәуекелді төмендету мақсатымен  капиталды түрлі инвестициялау объектілері арасында бөлу.

        Дивиденд – компанияның өз акционерлеріне төлейтін  мерзімдік ақшалай  төлемдері.

    Дивидендтердің құнын бағалау үлгісі – акция бағасы болашақта күтілетін дивидендтер ағымы негізінде анықталатын үлгі. 

       Дивидендтік сыйақы – компанияның пайдасы күтілген деңгейден  жоғары болған кездегі қосымша дивиденд, әдетте, жылдың соңғы тоқсанында төленеді.

       Дилер – құнды қағаздарды өз  атынан және өз қаражатына сатып алатын/сататын тұлға/фирма.

       Дисконт – а) құнды қағаздың осы сәттегі бағасы мен өтелу сәтіндегі бағасы арасындағы айырма; б) валютаның форвардтық курсы мен жедел жеткізу курсы арасындағы айырма; в) жеткізу мерзімі әртүрлі бір тауардың  бағалары арасындағы айырма; г) тауар бағасының оның  сапасының келісімде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуіне орай төмендетілуі.

       Дисконттау – күрделі пайызды есептеуге кері үдеріс. Ол қандай да  бір пайыздық ставка шартымен белгілі бір мерзімнен кейін қажетті соманы алу үшін осы күні қанша қаражат инвестициялау керектігін есептеу үшін қажет.

       Дисконттық брокер – а) құнды қағаздармен клиент үшін келісім-шарт жасайтын, бірақ  клиентке сараптамалық ақпарат пен кеңес беру қызметін көрсетпейтін делдал (қызмет аясы шектеулі); б) клиенттің құнды қағаздарды сатып алу/сату бойынша  тапсырмаларын төмендетілген сыйақыға жүзеге асыратын брокер.

       Дисперсия – ауытқу құлашын сипаттау үшін қолданылатын статистикалық көрсеткіш. 

       Доу теориясы – техникалық талдаудың  нарық  динамикасы Доу Джонс орташасының ұзақ мерзімді трендімен сипаттала алады деген тезиске негізделген концепциясы.

       Еврооблигация – қарыз алушының мемлекетінен тыс нарықтарда орналастырылатын облигация. 

       Европалық опцион – әрекет ету мерзімі аяқталу күні ғана жүзеге асырыла алатын опцион.

       Жеке инвестор – өзінің меншікті қаражатын басқаратын инвестор.

       Жетілген нарық – инвестициялар үшін кедергілер (құнды қағаздардың бөлінуінің шектеулігі, салықтар, ақпараттың қымбаттығы, жоғары транзакциондық шығындар) жоқ құнды қағаздар нарығы. 

        Инвестиция – а) пайда алу және/не басқа да пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен кәсіпкерлік және/не басқа да қызмет объектілеріне салынған қаражат; б) инвесторлардың өзіндік мақсаттарына қол жеткізу үшін түрлі объектілерге (құралдарға) түрлі формада қандай да бір мерзімге мақсатты түрде салынған капитал; в) құнын сақтау мен өсіру мақсатымен  экономиканың  түрлі секторларына  салынған капитал.

       Инвестицияларды белсенді басқару – қаржы активтерін  қалыпты деңгейден жоғары  табыс алу мақсатымен сатып алу/сатуды көздейтін инвестициялық стратегия.

        Инвестициялық  банк – акциялардың жаңа эмиссиясын орналастыруға мамандандырылған институт.

    Инвестициялық жоспар – инвестициялық мақсаттарды, инвестициялау тәсілдерін, инвестициялау мерзімін бейнелейтін  жазбаша құжат.

        Инвестициялық компания – көптеген ұсақ салымшылардың қаражаттарын  біріктіретін және жинақталған қаражатты түрлі құнды қағаздарға инвестициялайтын компания.

        Инсайдер –  жалпы қоғам үшін қолжетімсіз ақпаратқа ие (не ақпарат алуға мүмкіндігі бар) және осы корпорация акцияларының  бағамына елеулі ықпал ететін тұлға (акциялардың елеулі үлесіне ие акционер, атқарушы директор).

        Институционалдық инвестор – қызметі басқа тұлғалардың қаражатын  басқарумен байланысты маман/ұйым.

        Инфляциялық хедж – инфляциялық үдерістерге қарамастан   өзінің сатып алу қабілетін жоғалтпайтын актив.

        Капитал нарығы – а) негізінен құнды қағаздармен түрлі формадағы ұзақ мерзімді келісім шарттар жасалатын қаржы нарығы; б) ұзақ мерзімді құнды қағаздарды  сату-сатып алу механизмі.

        Кездейсоқ қозғалыстар гипотезасы – акциялар бағамының қозғалысы мен оның бағытын анықтаудың мүмкін еместігіне негізделген теория.

      «Кешігуші» индикаторлар – экономикалық жағдайдың өзгеруінен  қандай да бір мерзімге кешігіп өзгеретін көрсеткіштер.

       Клирингтік палата – банктер,  брокерлік фирмалар мен басқа да қаржылық делдалдар (палата  мүшелері)  сауда күнінде жүзеге асырған келісімдердің есебін жүргізу үшін  бірлесе ұйымдастырған мекеме. Сауда күнінің соңында клирингтік палата әр фирма үшін  құнды қағаздар мен ақша қаражаттарының балансын дайындап, өз қызметі үшін ақы алады. 

         «Колл» –100 жай акцияны келісілген мерзім аяқталғанға дейін тұрақты бағаммен сатып алуға  опцион.

         Конверсия коэффициенті – бір конверттелетін құнды қағаз айырбасталатын жай акциялар саны.

        Конверттелетін құнды қағаздар – табыстылығы белгіленген құнды қағаздардың  ерекше түрі, инвестор оларды белгілі бір бағаммен әдеттегі акцияларға ауыстыру құқығына ие. Мұндай сипатқа облигациялар мен артықшылығы бар акциялар ие бола алады.

        Корреляция – екі құбылыс  арасындағы  статистикалық байланысты бағалау үшін қолданылатын өлшем, мысалы, нарықтық орташа табыстылық пен қандай да бір акцияның табыстылығы арасындағы байланыс.

         Купон – облигацияның пайыз түріндегі жылдық табысы.

        «Кіші» облигациялар – эмитенттің пайыздарды төлеуі мен қарыздың негізгі сомасын мерзімінде қайтаруы жөнінде берген уәдесіне ғана негізделген облигациялар.

         Қалыпты емес (толық емес) лот – стандартты сауда бірлігінен кем  акциялар саны (100 данадан кем).

        «Қаңтар айының эффектісі» – әдетте,  акциялардың табыстылығы басқа айлармен салыстырғанда, қаңтар айында жоғары болуын көрсететін эмпирикалық заңдылық.

         Қаржы супермаркеті – қаржылық қызметтердің барлық түрлерін алуға болатын қаржы институты.

         Қарыздық құнды қағаздар – пайыз түрінде табыс алу мен қарыз сомасының белгіленген уақытта қайтарылуы шарттарында  инвестицияланған қаражат.

         Қор биржасы – бұрын шығарылған құнды қағаздармен операцияларды ұйымдастыруға арналған мекеме.

          «Қорғаныс» не икемсіз акциялар – «бета» коэффициентінің мәні 1–ден төмен акциялар.

         Құнды қағаздар – әлдекімнің қарыз міндеттемесін көрсететін не компаниядағы меншік құқығын, меншік үлесін сатып алу мен сату құқығын қамтамасыз ететін ақша салу құралдары. 

        Лимиттік бұйрық – инвестициялау  құралын сатып алудың максималды не сатудың минималды бағасы көрсетілген бұйрық. 

      «Мейрам күнінің эффектісі» – мейрам күндерінің алдында акциялар табыстылығының қалыпты деңгейден жоғарылауының тұрақты түрде байқалуы. 

         Нарықтық табыстылық – барлық акциялардың не оның  үлкен іріктемесінің орташа табыстылығы.

         Несиелік рейтинг – жеке тұлғаның, фирманың не мемлекеттің  өз міндеттемелерін өтеуге ынтасы мен мүмкіндігінің болуын бағалау.

         «NASDAQ»  индексі – биржадан тыс нарықта айналатын құнды қағаздар бағамының ағымдық қозғалысының көрсеткіші.

           «NYSE» индексі – Нью–Йорк қор биржасында айналатын акциялар бағамының 1965 жылғы 31 желтоқсандағы 50 шамасына тең базалық деңгейге  қатысты ағымдық қозғалысының көрсеткіші.

        Облигациялар «сатысы» – бірдей ақша сомасын өтелу мерзімі өсіп отыратын облигацияларға салумен байланысты инвестициялау стратегиясы, мысалы, инвестицияланатын қаражат бірдей сомамен  өтелу мерзімі 3, 6, 9 және 12 жылдық облигацияларға салынады. 

         Облигациялар рейтингі – несиелік сенімділік көрсеткіші, облигациялар бойынша төлем жүргізбеудің ықтималдығы ретінде жиі қолданылады.

      «Озушы» индикаторлар – экономикалық жағдайдың өзгеруінен қандай да бір уақыт бұрын өзгеретін көрсеткіштер.

         Опцион – инвесторға қандай да бір құнды қағазды не басқа  да активтерді белгіленген уақыт аралығында алдын-ала белгіленген бағаммен  сатып алуға не сатуға құқық беретін құнды қағаз.

         Өнеркәсіптік акциялардың Доу Джонс  орташасы (DJIA) – нарықтық бағасы мен таралу деңгейіне қарай іріктеліп алынған  жоғары класты 30 өнеркәсіптік компанияның акциялар бағамының орташасы.

        Өтімділік – инвестицияланған қаражатты шығынсыз, не аз шығынмен  қолма–қол ақшаға жылдам айналдыру мүмкіндігі.

          Портфель – бір не бірнеше мақсатты жүзеге асыру үшін таңдалған  қаржылық құралдардың жиынтығы.

        Портфельдің «ағымдылығы» – портфельді құраушы активтерді сатып алу мен сату жиілігін  сипаттайтын көрсеткіш.

          «Прайм–рейт» – неғұрлым сенімді  несие алушылар үшін белгіленетін  ең төменгі пайыздық ставка.

         «Пут»– әдеттегі акцияның 100 данасын  белгіленген уақыт аралығында келісілген  бағаммен  сатуға мүмкіндік беретін  опцион.

          Сәйкестік индикаторлары – экономикалық жағдайдың өзгеруімен бірге өзгеретін экономикалық параметрлер.

         Символ–акциялар – кейбір сарапшылардың пікірінше, акциялар нарығының жағдайын жеткілікті дәрежеде нақты сипаттайтын акциялар.

         Спекуляция – болашақтағы құны мен табыстылық шамасы  анықсыз қаржылық құралдарды сатып алу мен сатумен байланысты операциялар.

        Стандартты лот – стандартты сауда бірлігіне тең акциялар саны  (100 дана).

        «Стэндард энд пур,з» (S&P) агенттігі – бірқатар қаржылық журналдар мен топтамаларды баспадан шығарушы.          Табыс – инвестициялаудан  күтілетін пайда деңгейі, инвестициялау үшін сыйақы.

        Табыстылық  коэффициенттері – компания табысын активтерге, меншікті және тартылған капиталға қатысты сипаттайтын коэффициенттер.

         Табыстылықтың тәуекелсіз ставкасы – тәуекелмен байланысты емес инвестициялардан алуға болатын табыстылық, мысалы, мемлекеттік құнды қағаздар мен сақтандырылған депозиттік салымдардың табыстылығы.

         Техникалық талдау – акциялар нарығындағы  әртүрлі күштердің өзара ықпалы мен олардың акция бағамына әсерін зерттеу.

         Тиімді нарық – кез келген уақыт сәтінде кез келген құнды қағаздың  бағасы  оның  инвестициялық құнына сәйкес келетін нарық. Нарық жөніндегі барлық маңызды ақпарат толықтай және бірден нарықтық бағадан көрініс табады деген пікірге негізделеді.

       Тұрақты төлемдерді өтеу коэффициенті – компанияның артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді қамтамасыз ету сапасын сипаттайтын көрсеткіш.

       Тұтынушылар бағасының индексі – тұрғындар сатып алатын тауарлар мен қызметтер  бағасының өзгерісін сипаттаушы өмір сүру құнының индексі.

         «Ұзын» сатып алу – инвестор құнды қағазды  оның бағамының өсуіне үміттеніп сатып алған келісім.

         Фундаментальдық талдау – компанияның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметінің нәтижесін терең талдау.

         Фьючерстер – сатушының   қандай да бір активтерді (қаржылық не тауарлық) белгіленген бағамен белгіленген уақытта жеткізу, ал сатып алушының   осы активтерді көрсетілген шарттарда сатып алу  міндеттемесі көрсетілетін келісім шарт.

         Фьючерстік келісім шарт – қандай да бір актив түрінің белгіленген көлемін  қандай да бір болашақ уақытта жеткізу міндеттемесі.

         Хеджер – бағаның өзгеру тәуекелінен сақтану үшін фьючерстік келісімдерді сатып алушы инвестор.

92