Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жобаларды талдау(лекция).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
800.77 Кб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары

 

1–тақырып. Инвестициялардың экономикалық  мәні мен түрлері 

 

1.1. Қазақстан Республикасының  инвестиция аясындағы заңнамасы. ҚР  08.01.2003 ж.  «Инвестициялар туралы» N373-II Заңының негізгі ережелері.

1.2. ҚР 06.07.2004 ж. «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» N575-II Заңының негізгі ережелері. Қазақстан инвестициялық қоры қызметінің негізгі бағыттары, нәтижелері.

1.3. Инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көздері қандай?

1.4. Мемлекеттің, кәсіпорынның инвестициялық саясаты.

1.5. Мемлекеттегі нвестициялық климат, оны анықтаушы факторлар.

1.6. ҚР инвестициялық климат.  

1.7. ҚР инвестициялардың салалар, аймақтар бойынша құрылымын талдау. Талдау нәтижесін кестелер мен графиктер түрінде бейнелеп,  қорытынды жасау.

 

2–тақырып. Инвестициялық жоба. Жобаның даму кезеңдері

 

2.1. Инвестициялық жобаларды дайындау, жүзеге асыру мен басқару барысында қабылданатын шешімдерді қалай топтастыруға болады?

2.2. Инвестициялық жобаларды кеңістікте және уақыт бойынша оңтайлы бөлудің мәні неде?

2.3. Бірін–бірі алмастырушы, толықтырушы жобаларға бірнеше мысал келтіріңіз.

2.4. ҚР–да жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға салалар, аймақтар шегінде талдау жүргізіңіз. Оларды жүзеге асыру нәтижесіне баға беріңіз.

2.5. ҚР–да шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға арналған бағдарламалар. Олардың нәтижелері.

2.6. Инновациялық жоба түсінігі. Оның белгілері.

2.7. ҚР индустриалдық–инновациялық саясаты.

 

3-тақырып. Инвестицияларды қаржылық талдаудың математикалық негіздері

 

3.1. Күрделі пайыздардың тиімді ставкасы деген не?

3.2. Дисконттау үдерісіне сипаттама беріңіз. Оның қажеттілігі қандай?

3.3. Инвестициялау объектісінің орташа жылдық табыстылығы 10% болса, бастапқы салым сомасы екі еселенуі үшін қанша жыл кетеді? Табыстылық 14% болса ше?

3.4. Абсолютті өтімді активтің табыстылығы 20%. Инвестор капитал салғысы келген активтің өтімділігі 80 күнді құраса, осы активтің өтімділікті есепке алғандағы минималды табыстылығы қанша пайыз болуы керек?

3.5. Бастапқы салым сомасы 3000 мың теңгені құрайтын депозиттік шоттың 5 жылдан кейінгі болашақтағы құны 6000 мың теңгені құраса, осы салымға жыл сайын қанша пайыз өсім (жай, күрделі) есептеліп отырған?

3.6. Жеке тұлғаның әр ай сайын  депозиттік шотқа  40000  теңгеден қаражат салып отыруға мүмкіндігі бар. Егер банктер шоттағы қалдыққа ай сайын  1% сыйақы есептеп отырса, 3 жылдан кейін осы шотта қанша қаражат жинақталады? Осындай шарттарда 5000 мың теңге жинақтау үшін қанша уақыт керек?

3.7. Жеке тұлға өзінің 1000 мың теңге көлеміндегі қаражатын 4 жыл мерзімге 10% өсіммен депозиттік шотқа салды. Егер инфляцияның орташа жылдық  деңгейі 7% болса, салымның болашақтағы номиналды және нақты құны қанша?

3.8. Ахметов Азамат 25 жылдан соң  зейнеткерлікке шыққаннан  кейінгі өзінің қажеттіліктерін талдады. Өзінің өмір салтын, қажеттіліктерін, зейнетақы қорындағы қаражаты  мен инфляцияны бағалай отырып, өзіне зейнеткерлікке шыққаннан кейін зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерден бөлек, басқа көздерден жыл сайын ең кемі 500000 теңге қосымша қаражат керек деген шешімге келді. Ол зейнеткерлікке шыққанға дейін және шыққаннан кейін өмір бойы 9% өсім  әкелетін инвестициялық портфель құруды көздейді. Анықтау керек:

а) зейнеткерлік жасына жеткен кезде инвестициялық салым үшін қанша қаражат керек?

б) ол қаражатты зейнеткерлікке шыққанға дейін  жинақтау үшін банктегі шотқа осы сәтте бірден не  әр жыл соңында қанша қаражат  салып отыруы қажет?

в)   ол қаражат жинауды тағы 5 жылға шегере тұруды көздесе, “а” және “б” сұрақтарының жауабы қалай өзгереді?

г) ол салым сомасын жыл сайын 15%-ға өсіріп отыруды жоспарласа, алғашқы  салым көлемі қанша теңге болуы керек?  

д) жыл сайынғы 500 000 теңге қосымша қаражат зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі  25  жыл  ішінде қажет деп санаса, зейнеткерлік жасына жеткен кезде шотта қанша қаражат болуы керек? Ол қаражатты жинақтау үшін  қазірден бастап банктегі шотқа жыл сайын қанша қаражат салуы  қажет?

е) Сіз Ахметов Азаматтың орнында болсаңыз,  қандай шешімге келер  едіңіз? Неге?

3.9. 10000 мың теңге көлеміндегі қаражатты 10 жыл мерзімге инвестициялаудың қай бағытының табыстылығы жоғары?

– тұрғын үй сатып алып, оны жыл сайын 800 мың теңгеден жалға беру. Оныншы жылдың соңында тұрғын үйді алғашқы құнының 70%–на сатуға болады;

– қаражатты банкке 12% өсіммен депозитке салу.

3.10. Банк несие алушыға 100 мың теңге көлеміндегі тұтынушылық несиенің негізгі бөлігі мен есептелген пайыздарды  12 ай бойы 10 000 теңгелік төлемдермен төлеуді ұсынды. Осы несиенің жылдық пайыздық ставкасы қанша?

 

4–тақырып. Нақты инвестициялық жобаларды талдаудың аспектілері.  Жобаның бизнес–жоспары

 

4.1. Инвестициялық жобаны  жүзеге асырудың қаржылық көрсеткіштері.  

4.2. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі көздері.

4.3.  Лизинг – жобаларды қаржыландырудың көзі ретінде. ҚР–да лизингтік қатынастардың дамуы мен қазіргі жағдайы.

4.4. Инвестициялық жобаның зиянсыздық нүктесін анықтаудың негіздері, оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

4.5. Бизнес–инкубатор деген не? Оны құрудың мақсаттары қандай?

4.6. Технопарк деген не? Оны құрудың мақсаттары.

4.7. ҚР–да бизнес–инкубаторлар мен технопарктер құру тәжірибесі. Олардың қазіргі уақыттағы қызметі.

4.8. Өзіндік бизнес–жоспардың нұсқасын дайындау.  Оның негізгі бағыттарын (маркетингтік зерттеу нәтижелері, қаржыландыру жоспары, өндірістік жоспар, т.б.) топ алдында баяндау.

 

5–тақырып. Инвестициялық жобаның ақша ағымы. Ақша ағымын дисконттау  

 

5.1. Ақша ағымының негізгі элементтері, жобаның ақша ағымын есептеудің негізгі қағидалары.

5.2. Ақша ағымын дисконттаудың экономикалық мәні.

5.3. Дисконттық  ставканы капитал құны негізінде белгілеудің негіздері.

5.4. Капитал бағасы деген не? Оны есептеудің бағыттары. Ол қандай өлшем бірлігімен сипатталады?

5.5.  Кәсіпорын үшін капитал бағасының жоғары болуы   тартымды ма? Неге?

5.6. Кәсіпорын капиталының бағасына әсер етуші факторлар.  

5.7. Ішкі кредиторлық берешектің бағасы  қалай анықталады?

5.8. Кәсіпорынның меншікті капиталының бағасына қандай факторлар әсер етеді?

5.9. Банк несиесін қандай жағдайларда жобаға тарту тиімді?     

5.10. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспары 5.1–кестеде келтірілген.

 

Кесте 5.1 – Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың  негізгі көрсеткіштері

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар

0–жыл

1–жыл

2–жыл

3–жыл

Инвестиция көлемі, мың теңге

15000

Сатылатын өнім көлемі, тонна

500

800

300

1 тонна бағасы, теңге

24000

26400

29040

1 тонна өнімнің шикізат сыйымдылығы, кг

 

 

400

 

380

 

380

1 кг шикізат бағасы, тг

15

16,5

18

1 тонна өнімнің еңбек сыйымдылығы, адам–сағат

 

 

5

 

4,5

 

4

1 адам–сағат үшін жалақы , тг

800

880

1000

Басқа да тікелей шығындар (тікелей шығындар  сомасынан 25%), мың теңге

 

 

 

 

 

Әкімшілік, сату шығындары (тікелей шығындардан 20%)

 

 

 

 

Корпорациялық табыс салығы (20%)

 

 

 

 

 

Берілген мәліметтер негізінде әр жыл бойынша таза ақша ағымы мен таза ақша ағымының дисконтталған жиынтық сомасын (дисконт ставкасы 10%) анықтау қажет. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру тиімді ме?

 

6–тақырып. Нақты инвестициялық жобалардың  тиімділігін бағалау

 

          6.1. Инвестициялық жобаның экономикалық және коммерциялық тиімділігі арасында айырмашылық  бар ма? Бар болса қандай?

          6.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың дисконттауға негізделген әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

          6.3. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен өзара салыстыруда  қандай да бір критерийді ең жақсы критерий ретінде қолдануға бола ма?  

          6.4. Баламалы жобалардың тиімділігін салыстыру  мен іріктеудің негіздері.

          6.5. Инвестициялық жоба нәтижесін  сапалық бағалауға бағытталған әдістер, олардың мәні, қолданылу жағдайлары.

          6.6. Инвестициялық жоба нәтижесін бағалауда критерийлер тізімінің әдісін қолдану: оның кезеңдері мен көрсеткіштер жүйесі.

          6.7. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер учаскесін сатып алу, құрылыс жұмыстарын жүргізу, құрал–жабдықты сатып алып, орнату, іске қосу қажет. Инвестициялық шығындар 5.2–кестеде келтірілген.

 

Кесте 5.2 – Инвестициялық қызметтің ақша ағымы,  мың теңге

 

Қаражаттың жұмсалуы

0-жыл

1–жыл

2–жыл

Жер

–10000

0

0

Құрылыс жұмыстары

0

–30000

–5000

Құрал–жабдық

0

0

–25000

 

          Ғимаратты  пайдалану мерзімі – 20 жыл, құрал–жабдықты пайдалану мерзімі – 10 жыл. Амортизация  тікелей сызықтық әдіспен есептеледі.

          Өнім өндірісі  3–жылдан бастап келесі 10 жыл бойы  жоспарланған. Өндіріс көлемінің жоспары 5.3–кестеде келтірілген.

 

Кесте 5.3 – Өндіріс жоспары, бірлік  

 

 

өндіріс көлемі

жылдар

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1000

1200

1500

2000

2000

3500

2550

2000

1500

700

         

          ­Өнім өндірісі іске қосылатын 3–жылы өнім бірлігінің бағасы 100000 теңгені, айнымалы шығындар түсімнің 40%–н, шартты тұрақты шығындар 35000 мың теңгені құрайды. Болашақта өнім бағасы, айнымалы және тұрақты шығындар көлемі  инфляция қарқынына пропорционалды өзгереді. Инфляцияның орташа деңгейі – 7%. Табысқа салынатын салық ставкасы – 20%, капитал бағасы – 15%.

          Жобаны жүзеге асырудың соңғы кезеңінде (12–жылдың соңы) жерді, ғимарат пен құрал-жабдықты нарықтық бағамен сату қарастырылған. Негізгі құралдардың таза жойылу құны (сату бағасы мен табыс салығының айырмасы) 7000 мың теңгеге бағаланған.

          Осы мәліметтер негізінде жобаның коммерциялық тиімділігінің көрсеткіштерін есептеңіз.

          6.8. 5.4–кесте мәліметтерінің негізінде баламалы жобалардың нәтижесіне салыстырмалы талдау жасаңыз. Дисконт нормасы 12% шарттарында қайсы жобаға артықшылық беруге болады? Жауабыңызды негіздеңіз.

 

Кесте 5.4 – Баламалы жобалардың сипаттамалары

 

Инвестициялық жобалар

Бастапқы инвестициялық салым, мың теңге

Операциялық қызметтің ақша ағымының сальдосы, мың теңге

1–жыл

2–жыл

3–жыл

А

25000

5000

35000

15000

Б

25000

25000

15000

10000

В

25000

17000

17000

16000

 

          6.9. Төменде  берілген мәліметтер негізінде баламалы жобалардың нәтижесіне тізбекті қайталау әдісінің көмегімен баға беріңіз. Дисконт нормасы 10% жағдайында қайсы жоба тартымды?

 

Кесте 5.5 – Баламалы жобалардың таза ақша ағымы, мың теңге

 

Жобалар

 

Таза ақша ағымы

0–жыл

1–жыл

2–жыл

3–жыл

4–жыл

5–жыл

6–жыл

А

–20000

15000

20000

8000

Б

–20000

12000

15000

16000

14000

12000

10000

 

7-тақырып. Кәсіпкерлік тәуекел. Тәуекелді бағалау әдістері мен басқару құралдары

 

         7.1. Құбылыстың субъективті ықтималдығын белгілеудің негіздері.

         7.2. Тәуекелді бағалау мен есепке алуда сапалық әдістер қандай жағдайларда қолданылады?  

         7.3. Тәуекелді бағалаудың сандық әдістері, оларды қолданудың шарттары.

         7.4. Тәуекелді бағалаудың сезімталдылықты талдау әдісінің мәні, оның кезеңдері, артықшылықтары мен кемшіліктері.

         7.5. Тәуекелді бағалаудың «шешімдер ағашын құру» әдісінің мәні, оның кезеңдері, артықшылықтары мен кемшіліктері.

         7.6. Тәуекелді басқарудың ішкі әдістерін, механизмдері мен құралдарын жүзеге асырудың шарттары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

7.7. Тәуекелді трансферлеу мен басқа субъектілермен бөлу   құралдары.

         7.8.  Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін базистік шарттар бойынша талдау негізінде жобаның таза келтірілген құны 15 000 мың теңге екендігі анықталды. Келесі мәліметтер негізінде жобаның сезімталдығына талдау жасап, жобадағы тәуекел деңгейіне баға беріңіз.

 

 

Кесте 5.6 – Жобаның сезімталдығын талдау үшін мәліметтер

 

Жобаның тиімділігіне әсер етуші айнымалылар

Айнымалының өзгерісі, %

NPV жаңа мәні, мың тг.

Инвестиция көлемі

10

12000

Өнімді сату бағасы

10

18000

Өнімді сату көлемі

10

16800

Банк %

10

14100

Айналыс капиталына қажетілік

10

13800

Тұрақты шығындар сомасы

10

14000

Негізгі құралдың қалдық құны

10

14900

           

         7.9. Экономиканың орын алуы мүмкін түрлі күйлеріндегі А,В,С және Д жобаларын жүзеге асырудың нәтижелері 5.7–кестеде келтірілген. Толық анықсыздық жағдайында шешім қабылдаудың критерийлері негізінде қайсыбір жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім  қабылдаңыз. Мамандардың пікірінше экономиканың құлдырауының ықтималдығы – 0,20; тұрақтануының ықтималдығы – 0,45; экономиканың өрлеуінің ықтималдығы 0,35 болса, өз шешіміңізді өзгертер ме едіңіз?

 

Кесте 5.7– Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижелері 

 

Жобалар

Жоба нәтижесі, мың тг

Экономиканың

 құлдырауы

Экономиканың тұрақтануы

Экономиканың өрлеуі

А

2000

5000

19000

В

12000

10000

7000

С

12000

7000

5000

Д

3000

8000

17000

 

8–тақырып. Қаржылық жобалардың инвестициялық тартымдылығын бағалау

        

         8.1. Қаржы нарығы. Қаржы нарығының кәсіби қатысушылары.

         8.2. ҚР қаржы нарығының жағдайы. Қазақстан қор биржасының қызметі.

8.3. ҚР құнды қағаздар нарығы аясындағы заңнамасы (акционерлік қоғамдар, құнды қағаздар туралы).

8.4. Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын қалыптастыру мен дамыту мәселелері.

8.5. Құнды қағаздардың тәуекелділігі қалай бағаланады? Оның өлшемі.

8.6. Құнды қағаздардың қажетті табыстылығы қалай есептеледі?

8.7. Құнды қағаздардың табыстылығы мен тәуекелділігі арасында қандай  байланыс бар?

8.8. Құнды қағаздардың рейтингі деген не?

8.9. Компанияның  түсімі 500 000 мың теңге, таза пайдасы 50 000 мың теңге, айналыстағы жай  акциялар саны 100 000, артықшылығы бар акциялар жоқ. Ағымдағы жылы компания әрбір акцияға 800 теңге дивиденд төледі, акцияның ағымдық бағамы 10000 теңге. Компания бойынша келесідей көрсеткіштерді есептеңіз:

а) бір акцияға шаққандағы пайда (EPS)?

б) түсімнің  бағамға  қатынасы?

в) акция бағамының пайдаға қатынасы (P/E)?

г) дивиденд төлеу коэффициенті?

е) акцияның ағымдық табыстылығы? 

 8.10. «Х» акциясының ағымдық табыстылығы мен бағамы келесідей мәліметтермен сипатталады:

 

Жылдар

Ағымдық табыс, тг

Нарықтық бағам, тг

Жыл басына

Жыл соңына

2006

500

5000

5600

2007

600

5600

6000

2008

650

6000

6100

2009

800

6100

6800

2010

900

6800

7800

 

Анықтау қажет:

а) әр жыл бойынша жиынтық табыс қанша теңге? 

б) әр жылдағы  акцияны иемденудің табыстылығы қанша? 

в) 2011-2012 жылдары күтілетін табыс деңгейіне болжам жасаңыз, оны түсіндіріңіз. 

8.11. Инвестордың  «АКМ» компаниясы шығарған облигациялары бар. Облигация 10 жылдан кейін өтеледі, бірақ үш жылдан кейін кері қайтару құқығы күшіне енеді. Облигацияның номиналы 50 000 теңге, купондық ставка 15%. Ағымдық сәтте нарықтық ставка 10%–ға дейін төмендеуіне байланысты, инвестор компания облигацияны алдын–ала өтейді деп санайды. Облигация  алдын-ала өтелген жағдайдағы сыйақы жылдық купондық ставка деңгейінде. Осы сәтте  облигация 60 000 теңгеден сатылуда.

Анықтау қажет: 

а) облигацияның ағымдық табыстылығы қанша? 

б) облигацияның өтелу сәтіндегі табыстылығы қанша?

в) облигация алдын-ала өтелген жағдайдағы табыстылық қанша? 

г) инвестор тарапынан ”б“ және ”в“ жауаптарын салыстырыңыз.

8.12. Инвесторлар   А, В және С акцияларынан тұратын қаржылық портфель құрды. Акцияларға салынған капитал мен акциялардың сипаттамасы  келесідей:

 

Құнды қағаз

β-көрсеткіші

Инвестицияланған қаражат, мың тг

1-

инвестор

2-инвестор

3-инвестор

А

1,70

3000

1000

1000

В

0,85

2000

2000

3000

С

-0,90

2000

1000

Барлығы:

х

5000

5000

5000

 

         Анықтау қажет:

а) қор нарығындағы акциялар бағамы 10%–ға жоғарылаған жағдайдағы  әрбір инвестордың  қаржылық портфелінің құнын;

б) қор  нарығындағы акциялар бағамы 5%–ға төмендесе, әр инвестордың  қаржылық портфелі  қаншаға бағаланады?