
- •Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус)
- •1. Оқытушы туралы мәліметер Лектор – э.Ғ.Д., «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының профессоры Керімқұлов с.Е.
- •2. Пән туралы мәліметтер
- •3. Курстың пререквизиттері
- •4. Курстың постреквизиттері
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6. Курс мазмұны
- •6.1. Дәріс сабақтары:
- •6.2. Тәжірибелік сабақтар:
- •7. Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсыру кестесі
- •8. Әдебиеттер тізімі
- •9. Курс саясаты
- •11. Баға қою саясаты
- •Студенттердің білімін бағалау кестесі
- •Білімді белгілеу жүйесі туралы ақпарат
- •Тәжірибелік сабақ тапсырмалары
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Пән бойынша тест сұрақтары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Қазақ гуманитарлық – заң университеті
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектебі
Экономика, менеджмент және туризм кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
жоғарғы мектеп директоры
_________________Кром Д.
«_____»__________ 2013 ж.
ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(5В050600 – Экономика бағытындағы мамандық бакалавриат студенттеріне арналған)
Кредит көлемі __2__
Білім беру формасы ______күндізгі бөлім_______
Семестр ________7_________
Білім алушылар көлемі _____________
Астана – 2013
Алғы сөз
СИЛЛАБУС
1–тақырып. Инвестициялардың экономикалық мәні мен түрлері
2–тақырып. Инвестициялық жоба. Жобаның даму кезеңдері
3–тақырып. Инвестицияларды қаржылық талдаудың математикалық негіздері
4–тақырып. Нақты инвестициялық жобаларды талдаудың аспектілері. Жобаның бизнес–жоспары
5–Тақырып. Инвестициялық жобаның ақша ағымы. Ақша ағымын дисконттау
6–Тақырып. Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
7–тақырып. Кәсіпкерлік тәуекел. Тәуекелді бағалау әдістері мен басқару құралдары
8–тақырып. Қаржылық жобалардың инвестициялық тартымдылығын бағалау
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ
ПӘН БОЙЫНША ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
АЛҒЫ СӨЗ
Кез келген шаруашылық жүйесіндегі экономикалық өрлеу ағымдық тұтыну мен айналыстан босатылған байлықтың бір бөлігін жинақтаумен байланысты. Болашақта салыстырмалы жоғары табыс алу мақсатымен ағымдық тұтынудан саналы түрде үнемделген қаражат – инвестиция деп аталады. Дегенмен, басқа да экономикалық ресурстар секілді инвестициялық қаражат көлемі шектеулі, сол себепті оларды тиімді пайдалану бағыттарын анықтау кез–келген экономикалық орта үшін үлкен маңызға ие. Осы себепті мемлекеттің, мемлекет аймақтары мен жекелеген кәсіпорындардың даму сұрақтарының инвестициялық қызмет, инвестициялық климат, инвестициялық тартымдылық мәселелерімен қатар айтылуы кездейсоқтық емес.
Қаражатты инвестициялау объектілеріне салумен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы – инвестициялық қызмет, бір қарағанда, қарапайым іс болып көрінгенімен, тиімді, негізделген инвестициялық қызметті жүзеге асыру аса күрделі, жан–жақты білім мен тәжірибені талап ететін қызмет аясы болып табылады.
Инвестициялық қызмет – бұл әрқашан да өзгеріс, қалыпты жағдайдан саналы түрде ауытқу, болашаққа көз жүгіртуге бағытталған қадам. Инвестициялық қызметті мәжбүрлі шара ретінде де қарастыруға болады, себебі сауатты бизнесмен, басшы мен менеджер инвестиция салу қажетті, ұтымды шешім екендігін түсінеді. Өз ісінің болашағын ойлайтын кәсіпкер бір орында тұру – құлдыраудың басы екенін түсінуі қажет. Л.Кэрролл: «Бір орында тұру үшін өте жылдам жүгіру керек. Алға жылжу үшін екі есе жылдамдықпен жүгіру қажет»,– деп өте дәл атап өткен. Инвестициялық қызмет – кәсіпорын басшысының (бизнесменнің) «жүгіруге талпыныс жасауының» белгісі. Бұл қадамда қателер болуы мүмкін, бірақ әрекетсіз отыру бизнестегі ең жақсы іс-әрекеттің мысалы емес.
Оқу–әдістемелік кешен мазмұны нақты да, қаржылық та инвестицияларды талдау әдістерін қамтиды. Оқу–әдістемелік кешенде инвестициялардың экономикалық мәні мен түрлері; инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асырудың сатылары; инвестицияларды қаржылық талдаудың математикалық негіздері; инвестициялық жобалардың бизнес–жоспарын дайындау мен оны жүзеге асыру мәселелері; нақты және қаржылық жобалардың инвестициялық тартымдылығын бағалау; кәсіпкерлік тәуекел мен оны есепке алу сұрақтары қарастырылған.
Оқу–әдістемелік кешенде әр тақырып бойынша дәрістердің қысқаша тезистері, тәжірибелік және өзіндік жұмыс тапсырмалары, өзін–өзі бақылау сұрақтары келтірілген.
Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус)
1. Оқытушы туралы мәліметер Лектор – э.Ғ.Д., «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының профессоры Керімқұлов с.Е.
тел: 39-58-07, к. 414, 416, 417, 425.
Қабылдау уақыты : кафедра кестесі бойынша.
2. Пән туралы мәліметтер
Жобаларды талдау.
курс – 3.
семестр – 7.
кредиттер саны- 2.
дәрістер – 20.
практикалық сабақтар – 10.
СОӨЖ – 15.
СӨЖ – 45.
Оқу уақытының бөлінуі
Апталар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
∑ |
Дәріс |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
|
2 |
2 |
|
2 |
|
2 |
|
|
2 |
20 |
Тәжірибе |
|
|
|
2 |
|
2 |
|
|
|
2 |
|
2 |
|
2 |
|
10 |
СОӨЖ |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |
СӨЖ |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
45 |
Барлығы |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
6 |
90 |
3. Курстың пререквизиттері
Экономикадағы математика.
Кәсіпорын экономикасы.
Статистика.
4. Курстың постреквизиттері
Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру
Қаржылық менеджмент
Дипломдық жұмыс орындау
5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
Курстың мақсаты: студенттерге инвестициялық жобаларды талдаудың негіздері мен әдістері туралы толық білім беріп, нақты және қаржылық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажет білімдерді үйрету.
Курстың міндеттері: студенттерге инвестициялық жобаларды кешенді талдау барысында қолданылатын қаржылық - экономикалық әдістер мен тәсілдердің жиынтығын меңгерту, осы әдістерді басқару шешімдерін қабылдау үшін ұтымды пайдалана алуды үйрету; баламалы жобалар арасынан тиімдісін іріктеуді, ол жобаларды қаржыландыру жолдарын таңдауды үйрету; инвестициялық жобалармен байланысты тәуекел түрлерін анықтау мен оларды есепке алуды, оның деңгейін кеміту жолдарын меңгерту; құнды қағаздардың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен талдауды, қаржылық портфельді басқаруды үйрету.
Курсты меңгергеннен кейін студент білуі керек:
– жобаларды алғашқы инвестициялық талдауды және жобаның бизнес -жоспарын дайындауды;
– инвестициялық жобаларды талдауда пайдаланылатын қаржы-экономикалық есептеулерді;
– инвестициялық жобаларды талдаудың аспектілерін;
– инвестициялық жобалардың ақша ағымын бағалауды;
– инвестициялық жобаларды қаржы-экономикалық бағалауды;
– ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару есептемелерін;
– инвестиция тарту тәуекелін бағалау мен тәуекелді басқаруды;
– құнды қағаздардың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен талдауды.