Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179__1201__1179_y_1179_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.26 Кб
Скачать
  • 1) Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;

  • 2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.

Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.

Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер жасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мыналар болып табылады:

  • а) ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

  • ә) фермер немесе шаруа қожалығының ортақ меншік немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік базасында жүзеге асырылатын субасылық кәсіпкерлік;

  • б) жай серіктестік, бұл серіктестік кезінде кәсіпкерлік қызмет жалпы үлестік меншік базасында жүзеге асырылады.

«Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық» туралы заңда жеке-меншіктік қосалқы шаруашылық - ауылды жерде, қала маңында орналасқан жер учаскесінде өзінің мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі. Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқық меншік құқығында немесе елді мекендер мен қосалқы жерлердің ауыл шаруашылығыарналымының жерлерінен жер пайдалану құқығында жер учаскелері бар азаматтарға жатады.

Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін азаматтарға берілетін жер учаскелерінің шекті мөлшері, мал ұстаудың нормативтері заңнамалық түрде регламенттелінеді.

Жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтардың:

  • елді мекенге бөліп берілген ауыл шаруашылығы арналымының жерлерді жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалануға;

  • кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер және ассоциациялар құруға, сондай-ақ жекеменшіктік қосалқы шаруашылықтардың қызметі мен жұмыс істеуінің ортақ мәселелерін бірлесіп шешу мақсатымен олардың құрамына кіруге;

  • ауылды мекенді орналастыру жобасына сәйкес жекеменшіктік қосалқы шаруашылық жүргізуге қажетті тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар мен ғимараттар салуға құқығы бар.

Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атынан құқықтар мен міндеттіліктерді сатып алады және жүзеге асырады. Бірлескен дара кәсіпкерлік кезінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерлік кәсіпкерлікпен айналысу үшін мүлікті пайдалануға және (немесе) билік етуге болатын меншік құқығында немесе өзгедей құқықтарда азаматтарға жататын мүлік негізінде және оның есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік іс ұғымы - бұл мүліктік құқықтарды қоса, мүлік жиынтығы, мұның негізінде және сол арқылы дара кәсіпкер өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік іс түгелдей немесе оның бір бөлігі құқықтарды белгілеумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты сатып алу-сату, кепілдеме, жалға беру және басқа мәмілелердің объекті бола апады. Сондай-ақ олар бойынша салықтық есептемені берудің тәртібін өздері тандай алады:

  • 1) жалпыға ортақ белгіленген тәртіп;

  • 2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

  • 3) оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;

  • 4) біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі. (мұндай тәртіп сақталынған жағдайда).

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режімі қарастырылған.

Құмар ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер құмар ойын бизнесі салығын сондай-ақ құмар ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемін төлейді.

Дара кәсіпкерлер салықтарды есептеу мен төлеудің онайлатылған тәртібін пайдаланатын шағын бизнестің субъектілері болуы мүмкін. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, тәртібін өздері таңдай алады

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән.

Сонымен, құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері.

Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:

1. жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті.

2. формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады.

3.  мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі.

4. ұсынушы және міндеттеуші – адамдардың мүмкін не міндетті мінез – құлқын мемлекеттік үстем ережелері.

5. микрожүйелігі – бүртүрімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.

 Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді.

Заңи норманың құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамассыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы:

1. гипотезадан;

2. диспозициядан;

3.  санкциядан тұрады.

1. Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі.

2. Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).

3. Санкция – бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқықтық норманың бір бөлігі.

Олар  жағымсыз – жазалау шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

2)  

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі келісімдердің, кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасудың, ұжымдағы еңбек дауларын шешудің тиімді тәртіптерін қалыптастыру қарастырылған.

Ұйымның ұжымдық шартын дайындаудың негізі әлеуметтік әріптестік бойынша салалық немесе өңірлік келісім болып табылады. Ұжымдық шарт ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құқықтық акті. Қызметкерлер мен жұмыс беруші ұжымдық шарттың тараптары болып табылады. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің бастамашысы бола алады. Ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, заңда белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар келісімімен айқындалады. Кейбір ерекшеліктерді ескере отырып, ұжымдық шартқа тараптардың қосымша міндеттемелерін қосуға болады

Жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы ұжымдық шарттың жобасын жасау тәртібі  Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 31-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасу үшін қажетті  жағдай жасауды қамтамасыз етуге міндетті. Комиссия әзірлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері міндетті түрде талқылауға тиіс. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторға ұжымдық шартқа немесе оның қосымшасына қосу үшін өз ұсыныстарын дайындап, оны кәсіподақ ұйымына беру, ұжымдық шарттың жобасымен зейін сала танысу мен оны еңбек ұжымында талқылауды өткізу ұсынылады. Жобаны талқылау нысанасын қызметкерлердің өздері айқындайды.

Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды. Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар келіссөздер жүргізу кезінде орташа айлық жалақысы сақтала отырып,  еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.

Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалып, оған тараптардың өкілдері қол қояды.

Тараптардың өкілдері қол қойылған ұжымдық шартты бір ай мерзім ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті оганның аумақтық бөлімшесіне мониторинг үшін ұсынуға міндетті, сонымен қатар қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы мезгіл-мезгіл хабарлап отыруға тиісті.

Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]