- •1 Билет
- •Құқықтық реттеу әдісі
- •2 Қорғаншылық және қамқоршылық
- •2 Билет
- •Жеке еңбек дауларын қарау туралы
- •3 Билет
- •Қызметтері
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
- •4 Билет
- •Жазаның турлері[өңдеу]
- •5 Билет 1.
- •6 Билет
- •1) Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
- •8 Билет
- •1. Кешенді;
- •2. Ресурстық;
- •3. Әлеуметтік — экологиялық.
- •Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері[өңдеу]
- •10 Билет
- •20 Билет
Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері[өңдеу]
Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
Конституция;
конституциялық заңдар;
әдеттегі заңдар (жай заңдар);
президенттің нормативті жарлықтары;
үкімет қаулылары;
қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.
2) Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттіңөмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынған мемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады.
Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.
Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңдыактілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.
Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
