Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1179__1201__1179_y_1179_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.26 Кб
Скачать

20 Билет

  1. Адам мен адамзаттардың конституциялық құқықтары мен міндеттері

  2. Қылмыстық жауаптылық және жазадан босату

1Конституциялық құқықтар мен бостандықтар — Қ. Рның қолданылып жүрген Конституциясының екінші бөлімінде бекітілген құқықтар мен бостандықтар. Конституциялық құқықтардың барлығы негізгі болып табылады деп айтуға болады. Отандық қоғамтанушылар негізінен конституциялық және негізгі құқықтардың бірдей екендігін мойындайды. Олар негізгі деп тек мемлекеттің Негізгі заңында белгіленгендіктен ғана емес, сонымен қатар адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің араларындағы елеулі байланыстар мен қарым-қатынастарды бекітетіне байланысты айтылады. ҚР Конститутциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктемейді. Дегенмен, негізгі құқықтар мен бостандықтардың мынадай бөлінуін ұсынуды қажет деп санаймыз: азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары, саяси құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік-экономикалық құқықтары. Бұлай жіктеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлығын қамтитын еді. Ал алдыңғы қатарға жеке құқықтар мен бостандықтардың шығуы біздің мемлекетіміздің қызметінде адамның табиғи құқықтары тұжырымдамасын қолданатындығын көрсетер еді. 1-бап 1. Қ Р өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. ІІ бөлім. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ 1. Қ Рның азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қ.нан тыс жерлерге аластауға болмайды.3. Р. азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қ Р.ның азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.2. Р. өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.1. Қ Р.да Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.3. Р.ның азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Р. азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қ. Р.ның мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.1. Қ. Р. аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.2. Әркімнің Р.дан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Р. азаматтарының Р.ға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.1. Қ. Р. азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.2. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.2. Қ. Р.да азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.1. Қ Р.ның азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.1. Қ.Р.ның азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайы-рымдылық көтермеленіп отырады.1. Қ. Р. азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Р.азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.3. Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.Қ Рның азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.1. Қ. Р. азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.2. Р.азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.Р.азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді. 1. Әркім Қ.Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.2. Әркім Р.ның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.1. Қ. Р. қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.2. Р. азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.Қа. Р.ның азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.Қ. Р.ның азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.

2. Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады. Қ.Р.ның Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам: бірінші рет қылмыс жасаса; жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса; жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді; жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады: кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл; ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл; аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі. Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері[өңдеу] Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.

барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.

жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.

сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату. Жауапкершіліктен және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау. Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін. Кешірім ету құқығы Қ. Р.ның Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді. Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.

21 билет

1Міндеттемелік құқық және оны қамтамасыз ету әдіс тәсілдері

2Еңбек шарты

1 Міндеттемеге сөйкес бір адам (борышқор) басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.

Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар.

Міндеттемеге қатысушылар болып несие беруиіі мен борышқор танылады.

° Несие беруші — борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.

Борышқор — міндеттемедегі несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.

Міндеттеменің пайда болуына шарт және т.б. негіздер, яғни, зардап келтіру мен басқа да заңды фактілер әсер етуі мүмкін.

Міндеттемелер пайда болу негізіне байланысты шартты және шартсыз міндеттемелер болып екіге бөлінеді. Міндеттеменің мазмұнын осы міндеттемеге қатысушы субъектілер: борышкормен несие берушінің құқықтары мен міндеттері кұрайды.

Кейбір жағдайда міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысуы мүмкін. Бұл орайда сөз міндеттемедегі көп тұлғалар жөнінде болып отыр.

Міндеттемедегі құқыктар мен міндеттер арақатынастарына байланысты: біржақты, екіжақты немесе өзара ортақ міндеттемелерге бөлінеді. Біржақты міндеттеменің бір жағында тек құқықтар, ал екінші жағында тек міндеттер ғана болады. (Мысалы: зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер). Екі жақты немесе өзара ортақ міндеттемеде оған қатысушылардың әрқайсында міндеттемелер мен құқықтар болады. (Мысалы: сату және сатып алу шарты.)

Міндеттемелер заң талаптарына, міндеттеме шарттарына, іскерлік айналым әдет-ғұрпына және өзге де қойылатыи талаптарға сөйкес орындалуы тиіс.

Тиісті негізде орындалуға қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін, атап айтсақ, орындау тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті әдіспен жүзеге асырылуы тиіс. Міндеттемені орындау шарттары тек тараптардың келісімі бойынша иемесе заңда бекітілген негіздер бойынша өзгертілуі тиіс.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері[өңдеу]

Күнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т.б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты — борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.

° Айып төлеу (айыппүл, өсім) — міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.

Өсім — міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда қолданылатын пайыздық қатынаспен анықталатын шара (көп жағдайда өткізіп алынған бір күн үшін белгіленеді). Өсім ұзақ мерзімді айып төлеу болып есептеледі, оны есептеу төленген сомадан алынып тасталады.

Айыппүлдың өсімнен ерекшелігі айыппүл заңда немесе шартта көрсетілген сомада алынады.

Тәжірибеде көп жағдайда кез келген айып төлеуде «айыппұл санкциясы» термині қолданылады.

Айып төлеу заңды айып төлеу және шартты айып төлеу дпген түрлерге бөлінеді. Заңды айып төлеу — міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда заңмен немесе басқа да қүқықтық нормалар актісімен белгіленеді. Несие беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндеті көзделген-көзделмегеніне қарамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құқығы бар. Заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшерін көбейтуге болады. Ал шартты айып төлеу міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда төленетін сома тараптардың келісімімен белгіленеді.

Несие берушінің шеккен залалдарына байланысты айып төлеудің есептік, айыппулдық, ерекіие баламалық деген түрлерін ажыратуға болады. Есептік айыппүл — келтірілген залалды өндіріп алудың ішіне кіргізіледі. Айыппұлдықта — айыппұл да, залал да өндіріледі, ал тек айыпты өндірумен шектелетін айып төлеудің түрі ерекше айып төлеуге жатады. Не айыпты, не залалды өндіріп алу баламалы айып төлеу көрсетеді.

°Кепілақы — бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орыидауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның еімішотына беруі.

Кепілақының көптеген қызметі бар: төлемнің бір бөлігі, шартты жасаудың дәлелі, міндеттемені орындауды қамтамасыз етеді. Кепілақыны борышқор төлейді.

Егер Міндеттемені орындамағаны үшін кепілақы берген таран жауапты болса, онда кепілақты екінші тарапта қалады, ал егер кепілақты алған тарап кінөлі болса, онда ол екінші таранқа екі еселенген мөлшерде қайтаруы тиіс.

° Кепілдік — негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.

Кепіл болушылық. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жактың (борышқордың) несие берушісі алдында сол жактың міндеттемесін толық немесе борышқормен ортақтасыпішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді. Кепіл мен кепіл болушыльщтың бүзылмайтын жазбаша түрі болады. Егер жазбаша шарт болмаса шарт жарамсыз болып есептеледі.

° Кепіл — бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету өдісі.

2Еңбек шарты

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басаталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады.

Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан түрады:

  1. құжат аты;

  2. келісімнің жасалған орны мен күні;

  3. екі жақтың толық және шартты атауы;

  4. жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;

  5. келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс);

  6. келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма);

  7. келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);

  8. сынау мерзімі;

  9. жұмысшының міндеттері;

  10. еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері;

  11. жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;

  12. еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;

  13. ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;

  14. демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;

  15. келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;

  16. келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайт ақаралуы мүмкін);

  17. келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;

  18. екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;

  19. екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);

  20. шартқа қол қойылған күн;

  21. келісім қосымшасы (егер бар болса).

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.[1]

22 билет

1 Отбасы құқығы

2 Кәсіпкерлік ұғымы және құқығы туралы түсінік

1  отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады. Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.

 отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады. Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады. Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

2 Кәсіпкерлік[1] – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.

Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммуникативти емес кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу т.б. қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы .

Әдістері :

  1. Келісім

  2. Тапсырма беру

  3. Тыйым салу

  4. Кепілдеме , ұсыныс беру

Дерек көздері :Қ.Р конст , жай заңдар , халыұ аралыұ шарттар президенттің ,үкіметтің актілері жатады

Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше.

23 билет

  1. Салық құқығы

  2. Азаматтык іс жүргізу бойынша сотта іс қарау

Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Салық элементі –салық заңы  регламенттелген салықтың қолданылуы жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. 1. Салықтың субъектісі - заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз.

Салық төлеушілер:

Қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;

Шаруашылық субъектілер - капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

2. Салық объектісі - салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады.

Тауар – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез-келген еңбек өнімі болып табылады.

Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерге мұраға салық салынады.

Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық.

3. Салық көзі - салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл- жалақы, кіріс, дивиденттер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.

Салық көзі- салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.

Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:

- табыс;

- қор және жинақ;

- өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;

- қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;

- қарыз қаражаттары.

Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.

7. Салық кезеңдері - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.

10. Салықты төлеу тәртібі - салық төлеушінің мемлеетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.

 Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:

- Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салық;

- Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар;

- Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар;

- Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық;

- Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық;

- Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар;

- Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар;

- Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары;

- Салықтардың қолданылуы қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар.

- Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызмет арқылы және қызмет ақысыз салықтар;

- Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салық;

- Салдықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар;

- Салықтардың төленуіне қарай: тұрақты және біржолғы салықтар.

Тікелей салық - тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерден алынады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.

Жанама салық - тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы.

Жеке жанама салықтар - бұл тауардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салық акциз деп аталады. 20 ғасырға дейіни күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келеді.

Қазыналық монополиялық салықтар - мұнда тауарлардан басым бөлігін мемлекет өндіреді. әрине, бұл тауарлардың бағасын да мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімін сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.

Кедендік баж - мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері.

Дербес салықтар деп- салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады. Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы, әлеуметтік салық.

 

Азаматтык іс жүргізу бойынша сотта іс қарау

Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сотмәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.  Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.

Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.

Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.

Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.

Өйткені, әдетте, азаматтық құқық мүдделі адамдардың талап-арызбен (өтінішпен) жолдануларына байланысты пайда болады. Соттың азаматтық істерді өз бетінше қозғауына құқығы жоқ, азаматтық процестің дамуы құқық туралы даудың субъектілерінің ерік білдірулеріне тәуелді болады.

. Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы

  • Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да қандай да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.

  • Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

  • Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар адамдар немесе куә болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар жіберілмейді.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне-таспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.

  • Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізілетіндігін білуге болады.

  • Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.

  • Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.

Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының көлемін өзі айқындайды. Мұндай мәліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды бөлімінің мәнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы жоқ.

— Бәсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді. Тараптың әрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дәлелдеуге және негіздеуге міндетті.

Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек және т.б.) субъектілерінің теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) және іс жүргізу құқықтары мен талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.

Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша дәлелдемелер мен өзге де мән-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктерін,куәгердің айғақтарын, сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып шығуға тікелей міндетті.

Сотта істі қараудың ауызшалығы. Сот отырысында мынадай істерді қарау және шешу ауызша нысанда жүзеге асырылады:

  • төрағалық етуші процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

  • іске қатысушы адамдардың өтініштері айтылады;

  • іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктемелері айтылады;

  • куәгерлер өз айғақтарын береді;

  • сарапшы жазбаша нысанда жасалған қорытындысын мазмұндайды (сарапшы жоқ болған жағдайда қорытындыны сот жариялайды);

  • маман кеңес береді;

  • сот отырысында жазбаша дәлелдемелер, хаттамалар және өзге де құжаттар жарияланады;

  • мемлекеттік органның жазбаша жасалған қорытындысы мазмұндалады;

  • сот жарыссөзі жүргізіледі;

  • прокурор іс бойынша тұтастай қорытынды жасайды;

  • істі қарау нәтижесінде сот шығарған шешім жария етіледі

24 билет

1. Қылмыстық құқық

2. Қаржы құқығы

Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты.

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады.

Жаңа қылмыстық заңнамада өзінің қолданысын тауып, құқықты қолдану практикасында жүзеге асуға тиіс Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының принииптері.

Ең бірінші кезекте, бұл — заңдылық принципі.

Қылмыстық құқықтың келесі принципі азаматтардың заң мен соттың алдындағы теңдік принципі болып табылады.

Қылмыстық, құқықтың барынша маңызды принципі кінәлі жауапкершілік принципі болып табылады.

Кінәлі жауапкершілік принципінен жеке жауапкершілік принципі тікелей пайда болады.

Қылмыстық құқықтың негіз салушы принциптерінің бірі сапасында әділеттілік припципі бөлініп шығады.

Конституциядан қылмыстық құқық. принциптерінің тағы біреуі тікелей бөлініп шығады. Бұл — гуманизм принципі.

Гуманизм принципіне барынша тығыз жанасқанымен, бірақ онымен толық қамтылмайтыны қылмыстық жазалауды үнемдеу принципі.

Қылмыстық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы туралы қылмыстық құқық принципі жеке назар салуға тұрарлық

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржы құқығы — бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; сонымен бірге валюта және сақтық, зањнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық; реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар — құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мөжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.

Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.

Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу өдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.

Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бүзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бүзушыларға мәжбурлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыпп±лдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық ж±мсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т.б. жатады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]