
- •1 Билет
- •Құқықтық реттеу әдісі
- •2 Қорғаншылық және қамқоршылық
- •2 Билет
- •Жеке еңбек дауларын қарау туралы
- •3 Билет
- •Қызметтері
- •Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
- •4 Билет
- •Жазаның турлері[өңдеу]
- •5 Билет 1.
- •6 Билет
- •1) Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
- •8 Билет
- •1. Кешенді;
- •2. Ресурстық;
- •3. Әлеуметтік — экологиялық.
- •Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері[өңдеу]
- •10 Билет
- •20 Билет
1 Билет
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен [[нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқықтық реттеу әдісі
Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз — біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
имперактивті (тегеуірінді түрде) — тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
диспозитивті — рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:
көтермелейтін — құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;
ұсынылатын — мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.[1]
Құқық нормаларының жуйесі және онын элементтері
Құқық жүйесі - құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын кұрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету үшін қажет.
Құқық жүйесінің элементтері
–құқықтық нормалар; –құқықтық сана–сезім; –құқықтық қатынастар.
Құқық нормаларының жүйесі – бұл олардың онда құқықтың нормалары өз ара келісілген, бір–бірінен оқшауланып әрекет етпейтін, бірлікті тұтастық ретінде сипатталатын ішкі құрылысы. Құқықтық нормалар жүйесінің белгілі бір құрылысы бар, оны салыстырмалы түрде автономиялы құрылымдар қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті топтарын реттейтін салалар және институттар құрайды. Элементтер мынандай: – бөлек құқықтық нормалар; – құқықтық институттар; – құқықтың тәуелді салалары; – құқық салалалары.
2 Қорғаншылық және қамқоршылық
Қорғаншылық және қамқоршылық Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Әркениетті қоғам менмемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды үйымдастыру ережесі бекітілген.
Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау балалар уйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда 1994 жылы балалар мен жас аналарды қолдау үшін Үміт уйі құрылды, онда жеке басты аналар балаларын қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар туғанша уақытша орналастырады.
14 жасқа толмаған балалар қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14—18 жастағы кәмелетке толмаған балаларға жасалады. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу қорғаншы немесе қамқоршы адамды тағайындау жолымен іске асырылады. Бұл адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық органдары тағайындайды. Көмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Бұлардан басқа, жеке басының сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі.
Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері: • баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі міндетті;
• баланың пікірін, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсьшыстарьш ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты;
• өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі;
• қамкорлығындағы баланың өкілі болып табылады және заңға сөйкес кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасай алады.
Қамқоршының қорғаншыдан айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына байланысты, өзі дербес жасай алмайтын мәмілелер жасауға келісім береді (мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және баскалары).
Қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттерін ақша талап етпей тегін орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар. Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда оған қамқорлық жасау токтатылады, ал қорғаншы міндетін атқарушы адам көмелетке толмаған баланың қамкоршысы болады. Өз кезегінде, қамқоршылық камкорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол көмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.