Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия шымкент-2008.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

7. Сократқа дейінгі антикалық философия.

1. Милет философиясы.

2. Атомистердің философиялық білімі.

3. Софистер философиясы.

Антикалық философия – бүкіл дүние жүзілік философияның дамуындағы керемет құбылыс. Ол Көне Грекияда біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасырдың соңында қалыптасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырына дейін өмір сүрді.

Көне Грекияда мың жылдан артық уақытта әртүрлі сарындағы философиялық ілімдер пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.

Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.

Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.

Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.

Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.

Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.

  1. натурфилософиялық кезең.

  2. гуманистік кезең.

  3. классикалық кезең.

  4. эллиндік кезең.

  5. римдік кезең.

Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен IV ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады.

Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай іргелі ұғымдарды игеру керек:

  1. түпнегіз – барлық заттардың негізі

  2. апейрон – шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады

  3. «логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.

  4. апория – шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады

  5. атом – Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.

Милет мектебі - антика философиясындағы ең алғашқы мектептердің бірі. Оның өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр.

Фалес әлемнің түпнегізі су деп есептеген. Бәрі судан пайда болады, бәрі суға айналады. Фалестің шәкірті Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен құбылыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болған деді.

Эмпедокл әлемнің негізі ретінде төрт затты, яғни отты, суды, ауаны және жерді алды.

Аталған философтардың бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді.

Гераклит бәрі өзгереді, бәрі өткінші деп пайымдады. Өзгерістердің қозғаушы күші мен негізі - қарама – қарсылықтардың өзара күресі.

Элеаттар мектебінің өкілдері Парменид, Зенон, Ксенофан.

Субстанцияны түсіндіру мәселесінде олар нақты бір зат пен құбылыстан гөрі өзімен өзі болмыс деген ұғымды қарастырады.

Парменид философиясының негізгі тезисі – болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануға, тіпті ол туралы айтуға да болмайды. Ол мәңгілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі және үздіксіз.

Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Құдай. Құдай әлемнің субстанциясы.

Зенон шекті және шексіздік, жалғыздық пен көптік, қозғалысты ойлаудың мәселерін қойып, зерттеді.

Зенон бос кеңістік, көптік, қозғалыс мәселелерінің сезімдер үшін бар екендігін мойындады, ал оларды ұғымдар деңгейінде қалай түсіндіру қажет. Мәселенің түп төркіні осыда болса керек.

Аристотель Зенонды диалектиканың негізін қалаушы деп бағалаған, өйткені, ол ақиқатты, қарсыласының ойындағы ішкі қайшылықтарды айқындап, оны шешудің жолын қарастырған.

Зенонның апориялары қозғалысты терістейтін аргументтер. Осы уақытқа дейін оның «Дихотомия», «Ахилл», «Ұшатын жебе», «Стадион» деген апориялары жеткен.

2. Атомистік ілімнің негізін Демокрит қалаған. Атом – дегеніміз бүтін, бөлінбейтін кішкене бөлшек. Оның бірігуінен және бөлуінен бүкіл әлемдегі заттар мен құбылыстар құралады. Олар бос кеңістікте үнемі қозғалады.

Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады.

Демокрит осы принципімен таным процесінде түсіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағып жүретін атомдарды қабылдау. Олар – заттармен құбылыстардың бейнесі.

3. Софистер философиясымен антикалық философияның гуманистік дәуірі басталады.

Софистер біздің дәуірімізге дейінгі кәсіпқой оқытушы, философ.

Маңызды мәселесі – адам мәселесі, оның әлемге қатынасын анықтау. Адам болмысы – субъективті болмыс. Олардың ілімі – субъективті идеалистік ілім, олар адамды барлық заттардың өлшемі деп қарастырады.

Софистер – Протагор, Горгий, Гиппий, Продик, Ликофрон, Алкидамант.

Софистер адамдардың барлық ұғымы мен этикалық қалыптары, баға берулері салыстырмалы деп есептеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]