
- •1.Философияның мәні және қалыптасу ерекшеліктері.
- •Философияның мәселелері, құрылымы және функциялары.
- •Философиядағы негізгі бағыттар.
- •Көне Қытай философияның жалпы сипаты.
- •5. Көне Қытай философиясының негізгі ағымдары.
- •6. Көне Үнді философиясы.
- •7. Сократқа дейінгі антикалық философия.
- •8. Классикалық дәуірдегі антикалық философия.
- •9. Орта ғасырлардағы батыс философиясы.
- •10. Орта ғасырлардағы араб тілді философия.
- •11. Қайта өркендеу дәуірінің философиясы.
- •12. XVII-XVIII ғасырдағы Европалық философия.
- •13. XVIII ғасырдағы европалық философия.
- •14. XIX ғасырдағы европалық философия.
- •15. Қазіргі замандағы болмыс философиясындағы философиялық классиканың дәстүрлері.
- •16. Қазіргі замандағы батыс философиясындағы антропологиялық ілімдер.
- •17. Қазіргі заман Батыс философиясындағы сциентистік және сциентистікке қарсы бағыттар.
- •20. Орыс философиясы.
- •21. Философиялық антропологияның негіздері: адамның антропологиялық, әлеуметтік қалыптасуының мәселелері.
- •22. Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні.
- •23. Философиялық антропологияның негіздері: адам өмірінің категориялары.
- •24. Әлемді философиялық тұрғыдан түсіндіру: болмыс туралы ілім.
- •25. Әлемді философиялық тұрғыдан түсіндіру: материя туралы ілім.
- •26. Әлемнің даму заңдылықтары: диалектиканың негізгі заңдары.
- •28. Қоғам өздігінен дамитын жүйе.
- •29. Қоғамның экономикалық, саяси, құқықтық және әлеуметтік болмысы.
- •30. Қоғамның рухани болмысы.
- •31. Мәдениет пен өркениет.
- •32. Практика - әлемге адамның ерекше қарым – қатынасы.
- •33. Адамның әлемге танымдық қатынасы.
- •34. Ғылым философиясы.
- •35. Ғылым философиясы: ғылымның түрлері мен методтары.
- •36. Техника философиясы: техниканың шығуы мен мәні.
- •37. Техника философиясы: адамның техникалық дамуының әлеуметтік салдары.
- •38. Құндылықтар философиясы.
- •39. Мораль философиясы: моральдың мәні мен шығуы.
- •40. Мораль философиясы: негізгі этикалық категориялар.
- •41. Өнер философиясы: өнердің шығуы мен мәні.
- •42. Өнер философиясы: өнердің түрлері.
41. Өнер философиясы: өнердің шығуы мен мәні.
1. Өнердің шығуы
2. Өнердің мәні
3. Өнердің адамның, қоғамның өміріндегі рөлі
Осы уақытқа дейін табиғат, қоғам мен адамның арасында үйлесімділік, тылсым бірлік бар екенін көрсетуге тырысып, оны ұғымдар деңгейінде ашудамыз. Үйлесімділік, гармония – бұл кез келген болмыстың атрибуты. Үйлесімділік бар жерде әсемдік те, сұлулық та бар. Табиғаттың әрбір бөлігі, құбылысы қайталанбас, керемет үйлесімділікпен қалыптасқан.
Үйлесім, үндестік – іргелі эстетикалық ұғым. Ол – дүние болмысының бүтіндей, жан жақты, әмбебап сәйкестігі табиғат пен адам қатынасының кездейсоқ көрінісі емес, олардың өзара әбден бауырласып, біте қайнасқан, бірегей бірлестігінен туатын нағыз жарастық үйлесімі деген мағынаны ашады. Осы тұрғыдан И.С.Тургеневтің мына бір ойы көңіл аударарлық: «Өзіңмен өзің үйлесіп, әрі қарабасыңда қыруар қайшылықғыңның болуы ғажап емес пе? Жаратылыс – біртұтас, бірегей, ғаламат ғажайыптар әлемі, әр адам дәл осындай болуға тиіс – ақ – шынында да сондай екен ... Бізсіз табиғат қайтер еді, - табиғатсыз біздің күйіміз не болар еді? Бірінсіз бірін түсіну қиын».
Көркемдік таным үлгісінде шегі тек көрнекті, жер бедеріне, дүние келбетіне тарихи қатынас, көзқарас құбылысы арқылы ғана емес, сонымен бірге көзге көрінбейтін адам өмірімен, тұрмысымен белгілі бір дәрежеде сабақтас үздіксіз жатқан әр қилы жаңалықтар арқылы да өрісін кеңейтіп келеді.
Күллі әлемнің әдемілігі, сұлулық сипаты жаратылыс шындығына, әр құбылыстың мән – мағынасына рухани жан жылуымен беріліп сезінгенде ғана танылады.
«Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік» деп Абай айтып кеткен еді.
Аристотель – сұлулық сырын заттың көлемі мен орналасу тәртібінде деп есептесе, жаратылыс көркінің құрылымдық белгілеріне Платон - өлшем мен теңдестікті, Леонардо да Винчи арақатынас жарасымын жатқызады.
«Сұлулық дегеніміз – адам жанымен танылып, адам санасында бейнеленген табиғи - әлеуметтік құбылыс» - деп жазады профессор В.Л.Тугаринов
Өнер қоғамдық сана мен адам қызметінің өзгеше формасы, көркем тұлға арқылы берілетін шындықтың бейнесі, дүниені эстетикалық игерудің аса маңызды тәсілі. Қоғамдық болмыстың бейнелік формасы бола отырып, өнер қоғамның рухани өмірінің басқа да құбылыстарымен, яғни ғылыммен, техникамен, саясатпен, моральмен тығыз байланыста болады.
Өнер дегеніміз – адамның дүниеге деген эстетикалық қатынасын бейнелейтін көркем образдарда туындататын шығармашылық іс - әрекет.
Ол қоғамдық сананың бір түрі. Оның негізгі ерекшелігі - әсемдік, сұлулық арқылы адамның шындық туралы сезімі, идеалдары беріледі. Яғни өнер шындықтың жай ғана копиясы, суреті емес, оның өнер иесінің санасында түрленуі немесе өзгеріске ұшырауы.
Әлемге эстетикалық қатынас – адам мәдениетінің маңызды қыры. Оның құрамына эстетикалық іс - әрекет, эстетикалық сезім, қабылдау, қажеттілік, идеалдар кіреді.
Эстетикалық іс - әрекет – бұл дүниені материалдық – практиалық негізге сүйеніп, рухани, әлеуметтік, психологиялық игеру.
Өмірдің өзі сияқты өнер де көпжақты және көп мағыналы, әртүрлі тәсілдердің көмегімен іске асады. Сәулет өнері, мүсіндеу өнері, сөз өнері, ырғақ өнері т.б. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, тәсілдері бар. Мысалы, шешендік өнер – қазақ халқына тән көркемдік шеберліктің тамаша түрі. Ол көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйренуді тілейтін, тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Нағыз шешен үшін сөз шебері болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топта тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын салқын қанды болу қажет.
Ерте заманнан – ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз өнерін қадір тұтып қастерлеген қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде өрнек – айшығы мол ақындар айтысына айрықша мән берген. Айтысты өзінің рухани мол өмірінің жарқын көрінісі, көнермес асыл мұрасы тұрғысында буыннан буынға жалғастырып, үлгі етіп отырған.
Өнердің бірнеше функциясын атап көрсетуге болады.
Біріншіден, оған танымдық функция тән. Өнер туындылары күрделі қоғамдық құбылыстар туралы бағалы ақпарат беріп отырады. Кей жағдайларда адамның санасының терең қабатында дамып, енді көпшілік санасында қылаң бере бастаған күрделі өзгерістер алдымен өнерде бейнеленеді, сонан соң біраз уақыт өткен соң ғана ол ғылыми зерттеудің нысанына айналады.
Кез келген өнер туындысының бастапқы нысаны адам болып табылады. Жалпы өнерді, әсіресе көркем әдебиетті адамтану немесе оқулығы деп бағалау кездейсоқтық болмаса керек. Мұның өзі өнердің екінші бір функциясына, тәрбиелік мәніне меңзейді. Өйткені, кез келген өнер туындысы адамның адамгершілік және идеялық қалыптасуына әсер етеді.
Дегенмен, олардың танымдық және тәрбиелік функциясы оның ерекше сипаттамасы емес, өйткені мұндай міндетті қоғамдық сананың барлық түрлері орындайды. Өнердің ерекше функциясы, яғни оны шын мәнінде өнер ететін функциясы – эстетикалық функциясы болып табылады.
Көркем өнерді қабылдап, түсіне отырып, адам рахатанады, өйткені, шындықтағы әдемілік пен сұлулық адамды бейжай қалдырмайды, ол оның жүрегіне не үлкен қуаныш, не үлкен мұң ұялатып, үлкен толғаныс, не тербеліс тудырады. Көңіл – күй тәрбиесін берудің пәрменді құралы бола отырып, эстетикалық сана – адамдар үшін қуаныш пен әсердің көзі болуға тиіс. Эстетикалық сана адамдардың талғамын тәрбелейді.
Эстетикалық талғам адамның шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез – құлықта, өнерде әсемдік қабылдау, жасау қабілетін білдіреді.