Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия шымкент-2008.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.42 Mб
Скачать

36. Техника философиясы: техниканың шығуы мен мәні.

1. Техниканың шығуы

2. Техниканың мәні

3. Техниканың құрылымы

Техника ТЭХНЭ сөзінен шыққан. Көне грек тілінен аударғанда шеберлік, икемділік, өнер деген мағынаны білдіреді. Қазіргі уақытта техника сөзі екі мағынада қолданылады: 1. іс - әрекеттің әр түрлі саласында пайданылатын техникалық құрылымдардың жалпы атауы; 2. іс - әрекетте қолданылатын әркеттердің жиынтығын бейнелейді.

Техникалық құрал – жабдықтарды дайындау және қолдану адам іс - әрекетінің негізгі ерекшелігі.

Техника – адам мен табиғат арасындағы делдал. Оның көмегімен адам өзінің табиғи мүмкіндіктерін кеңейтеді, тіршілік етуін оңтайлы, ыңғайлы етеді.

Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады. Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің функциясын орындайды.

Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет. Техника адамның кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктерін толықтырып отырса, оның өзі де техникалық жүйенің маңызды бөлшегі болып табылады. Техникалық құралдар жүйесінде өндіріс құралдары аса маңызды. Сонымен қатар, транспорт пен байланыс, ғылым мен оқытудың, соғыс, медицина, мәдениеттің, күнделікті өмір сүрудің техникалары бар.

Техниканың тарихы – адамның еңбек ету функцияларының бірте –бірте техникалық құрылымдарға өту тарихы. Оның дамуында үш маңызды кезең бар: қол еңбегінің құралдары, машиналар, автоматтар.

Қазіргі замандағы техниканың дамуы, ең алдымен, ғылымның өркендеуімен тығыз байланысты. Техникалық тың жетістіктер ғылыми – теориялық білімдердің дамуына негізделеді. Сонымен қатар, техниканың өзі ғылымға жаңа талаптар қойып отырады. Қазіргі қоғамның даму деңгейін ғылым мен техниканың дамуы анықталады.

Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау.

Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді: 1) техника тарихын және оның мәдениетпен қарым – қатынасын зерттеу; 2) қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау; 3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу; 4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлемнен техникалық әлемнің бөлуінуін қарастыру; 5) басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзара қарым – қатынасын зерттеу.

Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.

Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.

Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес, жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады, бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]