
- •Қазақстан Республикасы Білім жӘне ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •5B070300 - ″Ақпараттық жүйелер″ мамандығы үшін Алматы 2011
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер. “Сараптау жүйелері” пәні “Ақпараттану”, “Алгоритмдеу және программалау тілдері”, “Программалау технологиясы” пәндері бойынша алынған білімдерге негізделеді.
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •2.4. Зертханалық сабақтардың жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •1. Жасанды интеллект дамуының тарихы.
- •2. Сараптау жүйе архитектурасы.
- •3. Продукциялық үлгіде білімді пайдалану мысалдарын зерттеп дайындау.
- •Торлық құрылым бөліктерін өзара салыстыру әдісі.
- •Өзара айқасқан іздеу әдісі.
- •6. Ченг Слейгл әдісі.
- •7. Кілт операторы әдісі.
- •8. Жалпылама шығару жоспары әдісі.
- •9. Білімдерге дедуктивтік қорытынды шығару әдісі.
- •10. Білімдерге дәл емес түрдегі қорытынды шығару әдісі.
- •14. Мағынаны сұрақ қою арқылы іздеу әдісі
- •15. Анық емес білімдерді еске сақтау әдісі.
- •Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Сараптау жүйелері
- •5B070300- ″Ақпараттық жүйелер″ мамандығына арналған
3. Продукциялық үлгіде білімді пайдалану мысалдарын зерттеп дайындау.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг, презентация және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласынан мысал таңдау қажет. Таңдалған мысалды продукциялық үлгіде шығару керек. Сол мысал арқылы 1 – 3 зертханалық жұмыстарды да орындау керек.
Продукциялық жүйе деп С-деген хабарлар құрылымына әсер ететін ұйымдастырылған немесе жекеше түрдегі программа жиындарының белгілі бір әдіспен ұйымдастырылған есептеу іс барысын айтамыз. Бұл программалар: Орындалу шарты С-құрылымына деген кейбір талап- тілектерден тұрса, ал іс-әрекет осы талаптар орындалған жағдайда, істелуге тиісті жұмысты білдіреді.
ОРТА
30 – сурет. Интеллектуалдық жүйенің әдеттегі сызбасы
Жалпы жағдайда продукция деп келесі өрнекті айтамыз:
(i); Q; P; A=> B; N
мұндағы (i)- продукция аты, Q- продукцияны қолдану аймағы, P-продукция ядросын қолдану дәрежесі, A=> B-продукция ядросы, N-продукция аяқталғаннан кейінгі орындалуға тиісті жағдайлар. Продукцияның негізгі элементі, оның ядросы болып табылады. Продукция талдау секвенция белгісінің екі жағында тұрған А мен В- ны қабылдайтын мәндеріне байланысты болады. Егер А "шын" мағынасында болса, онда В-да "шын" мағынасын қабылдап, іске қосылады. Продукцияның негізгі элементі болатын оның ядросын атқару қызметіне байланысты бірнеше топтарға бөлуге болады.
Продукция түріндегі үлгілердің көп қолданыс табына ерекше әсер ететін оның бірнеше қасиеттері бар. Оларды атап өтсек: жалпы адамдағы білімдердің көбі топ-топқа бөлініп продукция түрінде қарауға лайықталған деуге болады. Кей продукцияны алып тастағаннан не жаңаны қосқаннан, олардың басқа топтарға әсері жоқ. Егер қажет болған жағдайда мұнда кез келген алгоритм бойынша құрылған программаларды іске асыру болады. Яғни, ЭЕМ лайықталған білімдердің кез келген түрін сақтауға болады, ал оған қолданылатын іс –әрекеттер басқа жерде сақталуы мүмкін (мысалы шығару құралы деген бөлікте).
Ұсынылатын әдебиеттер: 3 қос [46-49, 74-78, 158-160].
Торлық құрылым бөліктерін өзара салыстыру әдісі.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласында мысал таңдау қажет. Таңдалған мысалды торлық үлгіде шығару және торлық құрылым бөліктерін өзара салыстыру әдісін қолдану керек.
Бұл тәсіл қойылған сұраққа сәйкес келетін тор бөлігін құрып, оны тордың мәліметтер базасымен салыстыруға негізделген. Тәсілді анық түсіну ушін Қарагөз – қарлығаш - құс, оның уясы бар деген сөйлем жиынына арналған семантикалық тор суретін мына түрде беруге болады:
31- сурет. Өзара салыстыру тәсіліне мысал
Мұндағы Is-A таңбасымен берілген қарым қатынас түрі, белгілі бір ұғымның белгілі бір ұғымдар жиынына жататынын білдіреді.
Қарагөз нені иеленеді? деген сүраққа жауап беру үшін, осы сұрақтың тор түріндегі құрылымы жасалады:
32- сурет. Сұрақтың тор түріндегі бөлігі
Енді осы құрылған тор бөлігі, негізгі мәліметтер базасындағы тормен салыстырылады. Салыстыру былайша өтеді:
-Алдымен ие болу деген төбе ізделінеді. Бұл төбе Қарагөз деген төбемен иесі деген доға - байланыс арқылы жалғасқан.
-Содаң сон осы ие болу төбесімен шығатын басқа байланыстар ізделінеді. Мысалы, Is-A ие болу объектісі.
-Ең соңында ? бар төбе мен негізгі төбе арасындағы байланыс бойынша жауап табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 3 қос [199-232].