
- •Қазақстан Республикасы Білім жӘне ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •5B070300 - ″Ақпараттық жүйелер″ мамандығы үшін Алматы 2011
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер. “Сараптау жүйелері” пәні “Ақпараттану”, “Алгоритмдеу және программалау тілдері”, “Программалау технологиясы” пәндері бойынша алынған білімдерге негізделеді.
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •2.4. Зертханалық сабақтардың жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •1. Жасанды интеллект дамуының тарихы.
- •2. Сараптау жүйе архитектурасы.
- •3. Продукциялық үлгіде білімді пайдалану мысалдарын зерттеп дайындау.
- •Торлық құрылым бөліктерін өзара салыстыру әдісі.
- •Өзара айқасқан іздеу әдісі.
- •6. Ченг Слейгл әдісі.
- •7. Кілт операторы әдісі.
- •8. Жалпылама шығару жоспары әдісі.
- •9. Білімдерге дедуктивтік қорытынды шығару әдісі.
- •10. Білімдерге дәл емес түрдегі қорытынды шығару әдісі.
- •14. Мағынаны сұрақ қою арқылы іздеу әдісі
- •15. Анық емес білімдерді еске сақтау әдісі.
- •Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Сараптау жүйелері
- •5B070300- ″Ақпараттық жүйелер″ мамандығына арналған
2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
1. Жасанды интеллект дамуының тарихы.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Студент тапсырма бойынша әдебиеттерге шолу жасау керек.
Ғылыми-зерттеулерді автоматтандыру ісінің тарихына көз жіберсек, онда негізгі екі кезеңді атап өтуге болады: біріншісі – мәліметтерді жинау барысын автоматтандыру, көп есептеуді қажет ететін, бірақ шығару жолының оңай түрін ЭЕМ салу, сызықтық программалау әдістерін қолданып, шығаратын тиімді шешім табу есептерін машинаға орындату; екіншісі – зерттеудің қисынды шешімдерін автоматты талдау мен жіктеуден өткізу.
Осы уақытқа дейінгі жүргізілген жұмыстар мен зерттеулердің көпшілігі бірінші кезеңнің есептерін шешіп келді. Қазіргі уақытта жасанды зерденің әдістерін пайдалану – екінші кезең есептерін шығару мүмкіндігін беріп отыр. Басқару теориясындағы есептерді шешуге арналған амалдар соңынан көбейіп, есепті құрудың өзі – оны шешу тәсілдерінің қажет ететіндей дәрежеде болмауы, әдеттегі қолданылатын әдістердің тиімсіздігін көрсетті. Осы жағдайда жасанды зерде бағытындағы зерттелген тәсілдер мен ой-пікірлер көмекке келеді. Мұндай көмекті қажет ететін басқару жүйелері қатарына интеллектуалдық жүйелер жатады. Интеллектуалдық жүйелер тек сандар мен ғана емес, құрылым сапасы әртүрлі білімдермен де жұмыс жасайды.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1 нег[7-13], 7 нег [5-6], 3 қос [3-7], 4 қос [3-5].
2. Сараптау жүйе архитектурасы.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Дәріс бойынша сараптау жүйе архитектурасымен танысу. Іздеу тәсілдері, эвристика тәсілдері, білімдерді ерекшелеу және басқару, ережелерге негізделген автоматты түрдегі талқылау, табиғи тілді пайдалану деген сараптау жүйе программаларын құру архитектурасының негізгі элементтерін білу қажет.
Жасанды зерде программаларын бастапқы күй, соңғы мақсатты күй сипаты болады. Онда іздеу тәсілдері көрсетіледі. Жасанды зерде проблемалары әдетте кеңістіктегі күй бойынша іздеу тәсілдерімен тікелей байланысты.
Шешім іздегенде белгілі бір формула немесе алгоритм болмаса, онда бір ережеге сүйеніп шешім ізделеді де, осы ережені эвристика деп атайды. Мұндай эвристиканы пайдаланатын программаны жазу үшін маман адамның ойлау механизмін зерттеу қажет.
Сараптау жүйелерін жоспарлағанда, білімдерді ерекшелеу мен басқару принциптерінің орындалуын қадағалау қажет. Осы маңызды принциптің негізгісіне келесі жатады: салаға қатысты білімдерді сипаттайтын ережелер жиыны, шығару механизмінен бөлек сақталуы керек.
Сараптау жүйе пайдаланушы адаммен табиғи тілде сұхбат жүргізеді. Қазіргі кезде адамша сөйлей алатын программалар жоқ. Сонда да, белгілі тақырыпқа қарапайым сөйлемдер конструкциясын енгізу арқылы сұхбат жүргізе алатын программалар жасалған. Сұхбаттың сипаты келесідей болып табылады:
- кез келген түрде берілген қарапайым сөйлемдерден тұратын жауаптарды түсініп, қорыту қабілеті;
- білім базасындағы берілген жағдайларға сәйкес программаның сұрақ қоя білу қабілеті;
- қажет болғанда келген қорытындысын табиғи тілде түсіндіре алу қабілеті.
Ұсынылатын әдебиеттер: 3 нег[12-13], 7 нег [17-18], 3 қос [6-7], 6 қос [5-8].