
- •Қазақстан Республикасы Білім жӘне ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •5B070300 - ″Ақпараттық жүйелер″ мамандығы үшін Алматы 2011
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.3 Пререквизиттер. “Сараптау жүйелері” пәні “Ақпараттану”, “Алгоритмдеу және программалау тілдері”, “Программалау технологиясы” пәндері бойынша алынған білімдерге негізделеді.
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •2.4. Зертханалық сабақтардың жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •1. Жасанды интеллект дамуының тарихы.
- •2. Сараптау жүйе архитектурасы.
- •3. Продукциялық үлгіде білімді пайдалану мысалдарын зерттеп дайындау.
- •Торлық құрылым бөліктерін өзара салыстыру әдісі.
- •Өзара айқасқан іздеу әдісі.
- •6. Ченг Слейгл әдісі.
- •7. Кілт операторы әдісі.
- •8. Жалпылама шығару жоспары әдісі.
- •9. Білімдерге дедуктивтік қорытынды шығару әдісі.
- •10. Білімдерге дәл емес түрдегі қорытынды шығару әдісі.
- •14. Мағынаны сұрақ қою арқылы іздеу әдісі
- •15. Анық емес білімдерді еске сақтау әдісі.
- •Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Сараптау жүйелері
- •5B070300- ″Ақпараттық жүйелер″ мамандығына арналған
8. Жалпылама шығару жоспары әдісі.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг, презентация және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласында мысал таңдау қажет. Сол мысалға білімді пайдалану үлгісін таңдап алып, жалпылама шығару жоспары әдісін қолдану керек.
Бұл әдіс іздеу принциптерінің екі түрін біріктіреді: мақсатпен құралды талдау, есептің рекурсивтік шешімін табу. Бұл әдіс іздеудің әрбір қадамында қатаң тәртіппен үш түрлі есепті шешеді: А объектісін В объектісіне өзгерту, А мен В арасындағы айырмашылықты білдіретін D-ның мөлшерін азайту, f - операторын А - ға қолдану. Бірінші есептің шешімі D -ны табу, екінші есептікі - f - операторын табу, үшінші есептің шешімі С күйін қолдану шартын табу. Егер С мен А бірдей болса, онда операторы қолданылады да, өзгеше болса С келесі нысана есебінде алынады да, есеп ары қарай қайталанылады. Яғни, А - ны С - ға өзгерту мақсаты орындала бастайды. Жалпы жағдайда бұл әдіс <А,В> есебін <А,С> және <С,В> есептеріне бөлшектеу бойынша өтеді.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5 нег[36-40], 4 қос [622-629], 6 қос [14-17].
9. Білімдерге дедуктивтік қорытынды шығару әдісі.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласында мысал таңдау қажет. Сол мысалға білімді пайдалану үлгісін таңдап алып, білімдерге дедуктивтік қорытынды шығару әдісін қолдану керек.
Білімді пайдалану мен өңдеуде дедуктивтік үлгіні қолдану үшін шешілуге тиісті мәселе – формальдық жүйенің пікірі есебінде жазылуы тиіс. Мақсат та осы жүйе тілінде пікір есебінде жазылып, оның дұрыстығын аксиомалар және шығару ережелері көмегімен дәлелдеу қажет. Формальдық жүйе есебінде – бірінші дәрежедегі предикаттар есептеуі тілін алуға болады. Бұл формальды жүйедегі қабылдап алынған ережелер заңы бойынша, ең соңғы пікір – теоремаға шын деген мағына дұрыс болған жағдайда ғана қабылданады. Жалпы жағдайда, фактілер мен жалпылама заңдылықтардан (аксиомалар, шарттар) тұратын семантикалық тор – бір саладағы мәселенің хабарлар үлгісі болып табылады. Тордың төбесінде объектілер немесе ұғымдар, ал оларды қосып тұрған сызықтар – доғалар, олардың арасындағы байланыстарды білдіреді. Дедукция жолымен шешілетін есептің мақсаты: берілген семантикалық торда фактілерді ескере отырып, қарама – қайшылықты табу, немесе бос тор деп аталған жағдайға келтіру қажет. Бұл мақсатты іске асыру үшін іздеудің бірнеше жолдары бар. Оларға: іздеудің қиысқан жол әдісі, бір біріне жапсырылған жол әдісі, әдейленіп қорытынды жасау эдісі жатады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5 нег[36-39], 6 қос [16-19].
10. Білімдерге дәл емес түрдегі қорытынды шығару әдісі.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг, презентация және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласында мысал таңдау қажет. Сол мысалға білімді пайдалану үлгісін таңдап алып, білімдерге дәл емес түрдегі қорытынды шығару әдісін қолдану керек..
Delphi терезесіне кіру қажет. Standard парағындағы MainMenu компонентін бос терезеге түсіру керек. Объекттер инспекторының Caption қасиетіне Работа с БД деп береміз. Меню бойынша оң жаққа жылжып, қалған аттарын де береміз: Документы, Статистика, О программе, Выход. Менюдің бірінші пунктін таңдап, ішкі меню құрамыз:Продавцы,
Ұсынылатын әдебиеттер: 5 нег[159-161], 5 қос [148-153].
11.Қиысқан жол әдісі.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласында мысал таңдау қажет. Сол мысалға білімді пайдалану үлгісін таңдап алып, қиысқан жол әдісін қолдану керек.
Бұл әдіс семантикалық торларда көп қолданылатын әдістер қатарына жатады. Сонымен қатар семантикалық торлар төбелері белгілі бір кілттер арқылы беріліп, олардың арасында анық байқалатын байланыс түрі болса, онда осы кілттерді бейнелейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдеуге болады. Ол үшін тордың екі төбесінен (мысалы А,В) барлық жаққа қарай іздеу жүргізіледі. Ол іздеу А- төбесінен шыққан жолмен В- төбесінен шыққан жол қиылысқанша жүріп отырады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5 нег[35-36], 4 қос[575-578], 6 қос[18-20].
12. Бір-біріне жапсырылған жол әдісі.
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласында мысал таңдау қажет. Сол мысалға білімді пайдалану үлгісін таңдап алып, бір-біріне жапсырылған жол әдісін қолдану керек.
Бұл әдісте семантикалық тордың кейбір бөліктері алынып, бір-бірімен салыстырылады. Яғни, салыстыру нәтижесі оң болса, семантикалық тордағы іздеу сонша бөлікке оңайланады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5 нег[88-90], 4 қос [635-648], 6 қос [22-24].
13. Әдейленген қорытынды жасау әдісі
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг және индивидуалдық жоба жасау.
Әдістемелік ұсыныс: Нақты пән саласында мысал таңдау қажет. Сол мысалға білімді пайдалану үлгісін таңдап алып, әдейленген қорытынды жасау әдісін қолдану керек.
Кейбір жүйелерде әдейленген ережелер қолданылады. Бұл әдіс ұғымдар арасындағы байланыстар қасиетіне негізделген. Бұл әдістің кемшілігі – тордағы тармақтар саны көбейгенде, оны іздеу жолының уақыты өте көп алатындығында.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5 нег[159-161], 5 қос [148-153].