Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом С.Ж. проверенный2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175.64 Кб
Скачать

7. Процестерді басқару.

Сервистің мекеме басқарылатын жағдайда көрсетілетін қызметтерді анықтап, жоспарлап және орындалуын қамтамасыз етуі керек. Басқарылатын жағдайларға төмендегілер кіреді:

- қызмет көрсетудің технологиясын, сәйкес келетін өндірістік құрал-жабдықтар және өндірістік ортаны пайдалану, сапа стандарттарына және бағдарламаларына сәйкес келетін ержелері;

- қызмет көрсетуді ұсыну процестерін басқару және реттеу;

- қызмет көрсету процесін бекіту және қажет болған жағдайда құрал-жабдықтарды таңдау;

- стандарт түрінде немесе алдын-ала таңдау негізінде анықталған жұмыс критерийлері.

Қызмет көрсет сапасын және оны ұсыну процесін тексеруді қызмет көрсетуді орындау технологиясы және нормативті құжаттар параметрінің міндетті талаптарына сәйекс өткізу керек. Сапаны бақылау барысында мәліметтерді қызмет көрсету кезеңі, сапаны тексеру, тұтынушылардың шағымы, әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері бойынша даярлау және пайдалану керек.

Қызмет көрсетуді ұсыну процесіндегі ауытқушылықты анықтау үшін оны түзетуге бағытталған іс-шаралар қабылдануы керек.

8. Туристік қызмет көрсету сапасын бақылау және бағалау .

Қызмет көрсету ұйымының міндеті:

- қызмет көрсетуді құжаттандырылған процестерге сәйкес тексеру және айқындау;

- басқару процестерін және технологиялық процестерді реттеу әдістерінің көмегімен көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау;

- бақылау процесінің құрал бөлігі ретінде қызмет көрсететін персоналдың өзін-өзі бақылауын қамтамасыз ету;

- әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы тұтынушының қызмет көрсетуге қанағаттану дәрежесін ұдайы бағалап отыруды енгізу.

Тұтынушы мен қызмет көрсетуді орындаушы бағаларын салыстыруды үнемі жүргізіп отыру қажет, ол арқылы екі өлшемінің үйлесімділігін бағалауға, түзетулер енгізуге, орындаушының іс-әрекеті тұтынушының талаптарына қаншалықты бере алатындығын білуге болады. Бақылаудың нәтижесін тіркеу керек.

9.Қызмет көрсету сапасының тұтынушының талаптарына сәйкестігін талдау.

Қызмет көрсету орындаушы тұтынушыдан алынған ақпараттарды қамтамасыз ететін процестерді жасап және жұмысқа жарамды күйде ұстап отыруы керек. Тұтынушыдан сәйкес ақпаратты алу көзі ретінде әлеуметтік зерттеулер, тұтынушылар қоғамының ақпараты, бұқараттық ақпарат құралдары, басқарудың муниципальды органдары. Тұтынушылардан алынған ақпараттарды талдау төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қажет: қызмет көрсетуге және қызмет көрсету шарттарына талаптардың дұрыс қойылуы және олардың құжаттарда көрініс табуы;

- тұтынушының талаптары мен жүйеге енгізілген талаптардың сәйкес келмеуіне байланысты сұрақтардың шешілуі;

- қызмет көрсетуді орындаушының тұтынушының талаптарын орындай алатын қабілетіне сенімділігі.

10. Түзулер енгізуді жүзеге асыру.

Түзетулерді ұсынылатын қызмет көрсетудің сапасы дұрыс болмағанын анықтаңан жзағдайда, сәйкес келмейтін құрал-жабдықтар және құжаттар қолданғанда, қызмет көрсетудің технологиялық процестерінің шарттарының және мерзімдерінің бұзылуын айқындаған жағдайда жүргізеді. Түзулер жүргізу тәртібі (реті) төмендегілерді қарастырады:

- шектен шығуды тіркеу;

- қажетті түзету енгізу үшін себептер мен сәйкессіздіктерді талдау;

- проблеманы шешу үшін алдын-алу шараларын өткізу;

- түзетушілік әсерлер;

- түзетушілік әсерлер өлшемі үшін бақылау;

- себеп-салдарының тиімділігін бағалау.

11. Мамандар даярлау.

Жұмысқа жауапты барлық персоналдарды оқыту және оны жұмысқа жарамды күйде ұстап отыру керек, персоналдар сәйкес біліктілікті (аттестат, тестілеу), қойылған талаптарға жауап берген білім мен тәжірибені меңгеруі керек.

12. Статистикалық әдістерді даярлау.

Қажет болған жағдайда сервистік мекеме мәлімет жинауға қажет статистикалық әдістер таңдауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жасайды және олардың сапасын тексеру (бақылау) барысында, қызмет көрсету процесі технологиясын өңдеуде, жетіспеушіліктерін талдауда, тұтынушының талаптарына сұранысты болжауда, қызмет көрсету шарттары мен сапасына тұтынушының қанағаттануы бойынша социологиялық зерттеулер нәтижелерін өңдеуде қолданылады [16]

Қонақжайлылықтың сала ретінде ел экономикасы үшін үлкен маңызы бар, Қазақстанда қонақжайлылық индустриясы әлемдік стандарттармен сәйкес дамуы үшін маңызы зор.