Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia lekcia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276.48 Кб
Скачать

Өзіндік бақылау үшін тапсырмалар:

  1. И.Канттың космологиясы.

  2. Гегель диалектикасы.

  3. Фейербах: құдай идеясының пайда болуы және мәні туралы.

  4. Ф.Шеллингтің дүниетанымындағы өзіндік даму принципі.

  5. И.Канттың этикасы.

  6. Гегель логикасы және абсолюттік идея туралы ілімі.

Әдебиеттер:

  1. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия. – М., 1986.

  2. Гайденко П.П. Философия Фихте и современность. – М., 1979.

  3. Кант И. Критика чистого разума. Соч. в 6 т. Т.3. – М., 1964.

  4. Кант И. Критика практического разума. Пролегомены. Соч. в 6 т. Т.4. Ч.1. – М., 1963-66.

  5. Гегель. Наука логики. Т.3. – М.., 1972.

  6. Гегель. Лекции по истории философии. Соч. Т.9. Кн.1. – М., 1932.

  7. Гегель. Энциклопедия философских наук. Т.3. – М., 1977.

  8. Гегель. Феноменология духа. Соч. Т.4. Ч.1. – М., 1959.

  9. Фейербах Л. История философии. В 3 т. Т.2. – М., 1967.

  10. Фейербах Л. Избранные философские произведения. Т.1-2. – М., 1955.

9-тақырып. XX ғасырдағы батыс философиясы

Дәрістің мақсаты: 20 ғасырдағы позитивизм, структурализм, прагматизм, экзистенциализм секілді жаңа бағыттардың ерекшеліктеріне тоқталып, тарихи маңыздылығын талдау.

Дәріс жоспары : (3 сағат)

  1. ХХ ғасыр философиясының мәні және негізгі бағыттары.

  2. Позитивизм және оның тарихи түрлері

  3. Прагматизм және классикалық философияның абстрактілігіне сын.

  4. Экзистенциализм: негізгі ұғымдар. Оның басқа философиялық бағыттарға әсері.

Дәріс мазмұны:

ХІХ ғ. 40-50 жылдарында маркстік пікірге қарама-қарсы пікірлер де сол кезде қалыптаса бастады. Бұл бағытты қолданғандар саналықты жақтамады. Олар керісінше, сапасыздықты, ретсіздікті, кездейсоқтықты дәріптеді. Өйткені олардың пікірінше, дүниеде ешқандай реттілік, қисындылық жоқ. Ол алогизмге негізделген. Олай болса, ол ретсіз, түсініксіз, тобыр дүниені реттеп, қисындап түсіну мүмкін емес. Бұл пікірдің уәкілдері: неміс философы Ф. Ницше (1844-1900), дат философы С. Кьеркегор (1813-1855), әсіресе неміс философтары А. Шопенгауэр (1788-1860), О. Шпенглер (1880-1936). Ф. Ницшенің басты еңбектері “Билікке жету еркі”, “Жақсылық пен жамандық сыры”.

ХХ ғасырдың бас кезінде “Өмір философиясын” жақтағандардың бірі – француз философы А. Бергсон (1859-1941). Ол шала саналықты, тіпті санасыз рухты жақтады. Интеллект, дейді ол, өмірді кинотаспа сияқты санасыз қабылдайды. Өмір дегеніміз, А. Шопенгауэрше, шексіз творчествалық қалыптасу. Ал Бергсонның пікірінше, өмір тұтас, үздіксіз, қайталанбайтын, өздігінен, творчестволықпен пайда бола беретін жаңаша түрлер. Н. Винер Бергсонның осы пікірін кибернетикаға қолданды.

ХХ ғасыр – ғылыми-техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми-техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншіден сцентизм деп атайды (лат. Schentic – ғылым). Ол бағыт ғылымғы, ғылыми-техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисцентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми-техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызады. Ал адамдардың санасын ол қыспақта ұстайды, ойлау жүйесіне томаға салады деп есептейді. Техника – адамдардың барлық іс-қимылын, ойын бақылайтын автоматтарды, есептегіш машиналарды, жасанды интеллектерді дүниеге әкелді. Осылардың бәрі адамды тірі, жанды автоматқа айналдырады, оның ерекшелік қасиеттерін сөндіреді, дейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]